Қоржын– Корзина – жойылған объектілерді уақытша сақтау үшін арналған Windows 95/98 жүйесінің арнайы қапшығы.
Қосымша бағдарлама – Приложение – нақты операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейтін компьютерге арналған бағдарлама.
Қосымша білім беру – Дополнительное образование–азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білім алу мұқтаждығын жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдің қосымша білімдік бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбие мен оқыту процесі.
Құбылыс – Явление– заттың мән-мағынасын анықтау (өрнектеу) формасы.
Құжаттыформаттау – Форматирование документа– Құжатты дайындау. Форматтау операциясы құжатты баспаға басу үшін қағаздың мөлшерін таңдауды, өрістердің енін беруді, қаріпті, оның мөлшері мен сызылымын тағайындауды, жолдарды туралау әдісі мен жаңа жолды безендіру әдісін таңдауды және жолдар мен жаңа жолдардың ара қашықтығының шамаларын беруді, сондай-ақ құрамдас графикалық және басқа объектілерді мәтіннің орап өту әдісін қамтиды
Құпия сөз – Пароль – белгілі бір ресурсқа, мысалы, желідегі алыс қомпьютерге немесе дискідегі қапшыққа, қатынау құқығын куәландыру үшін қызмет ететін символдардың құпия үйлесімі.
Құрт – Червь (Worm) – вирусқа ұқсас болатын шағын бағдарлама. Құрт өзін үнемі көшірмелейді және жұқтыру үшін компьютердің «қожасын» талап етпейді. Компьютерге жиірек электрондық пошта арқылы кіреді.