Файлдық құрылым – Файловая структура – қапшықтар (каталогтар) мен файлдарды физикалық дискіге орналастыру құрылымы. Файлдық жүйені басқару құралдарымен әзірленеді және қызмет көрсетіледі.
Файлдың ерекше белгілері – Атрибуты файла – файлдың дискіге жазылатын қосымша сипаттамалары.Ерекше белгілер қатарына файлдың соңғы өзгеру уақыты мен айы-күні, файл жасырын болып саналатындығы және басқа параметрлер туралы белгі кіреді.
Форум (ағыл. www-conference) – сайтта қанынас жасауға арналған аспап. Форумдағы хабардың авторы, тақырыбы және мазмұны бар болады. Форумға хабарларды жөнелту үшін сайтта тиісті форманы толтыру қажет.
Форум (ағылшын. сөзі. www-conference) – сайтта тіл қатысуға арналған құрал. Форумда хабарламаның авторы, тақырыбы мен мазмұны бар. Хабарламаны форумға жөнелту үшін сайтта тиісті форманы толтыру қажет.
Фрейм– құбылыстың, деректің, объектінің ең аз сипаттамасы, қандайда бір құрамды бөлігін жою кезінде осы құбылыс, дерек, объекті танылмайтын (топтастырылмайтын) болады, яғни сипаттама мағынасын жоғалтады. Мағынасы және логикасы бойынша байланысқан фреймдер жинағы дидактикалық бірлікті құрайды.
Функция – ішкі бағдарламалардың алуан түрлілігі. Қандайда бір бағдарламалық айнымалылардың мәндерін есептеуді атқару үшін бас бағдарлама шақырады. Есептеу стандартты немесе жиі қайталанатын сипат жағдайларында қолданылады. Есептеулердің аяқталуы бойынша басқару шақырушы бағдарламаға беріледі. Бір мезгілде шақырушы бағдарламаға айнымалының (айнымалылырдың) есептелген мәні де беріледі (қайтарылады). Процедурамен салыстырыңыз.