Ішкі бағдарламаның формальды параметрлері – Формальные параметры подпрограммы– ішкі бағдарламаның кодын жазу кезінде пайдаланылатын айнымалылар, тұрақтылар, жиымдар және мәліметтердің басқа объектілері. Нақты есептеулерге қатыспайды. Ішкі бағдарламаны шақыру мезетінде формальды параметрлердің орнына шақыратын бағдарламада шын мәндері бар нақты параметрлер қойылады. Осы мәндермен есептеулер орындалады.
Экранды жаңарту жиілігі – Частота обновления экрана – кескін кадрларының жиілігін анықтайтын бейнеішкіжүйесінің параметрі. Компьютермен ұзақ жұмыс істеу кезінде пайдаланушының көңіл күйіне айқын ықпал етеді.