Байланысты: ПО 042-33 27 01-2014 Баспа №1. 03. 09. 2014
Жоспар
Қашықтан оқыту түсінігі, мақсаты, міндеттері
Дидактикалық қасиеттері мен функциялары. Дистанционды оқыту аспектісінде компьютерлік коммуникация
Қашықтан білім беру жүйесінің құрылымдық ерекшелігі
Қашықтан оқытудың негізгі моделдері
5. Қашықтан білім беру жүйесінің негізгі ұғымдары.
1.Қашықтан оқыту – оқытушы мен оқушы кеңістікте бөлінген жағдайда, қашықтықтан оқыту. Бұл ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолданып, қашықтықтан оқытудың жаңа формасы. Дистанционды оқыту қазіргі өмірдің талаптарына жауап береді.
Қашықтан білім беру тұтастай келесі негізгі белгілері бойынша сипатталады:
білім алудың қажеттілігі және оны пайдаланудың мүмкіндігі;
оқытушы мен оқушының үнемі білім беру байланысының мүмкін еместігі;
байланыс жүйесінің көмегімен оқытушы мен оқушының техникалық өзара өзара қарым қатынасын жүзеге асыру ;
дистанционды оқытуға арналған дидактикалық материалдың бар болуы