Бейнеконференция(videoconferencing) – Видеоконференция – бұл байланыстар жүйесі мен компьютерлік технологияларды пайдалану арқылы әр түрлі географиялық нүктелерде тұрған бірнеше адамдардың арасында аудио-көріністік ақпараттар алмасу кезінде туындайтын телеконференцияның бір түрі
Бейнемәтін – Видеотекст – мәліметтер базасының терминалдарына және желілер ұсынатын қызмет көрсетуіне қатынаудың желілік қызметі.
Бейнеішкіжүйесі – Видеоподсистемы – бейнеадаптер мен монитордың үйлесімін сипаттайтын топтық термин.
Бета-тестілеу – Бета-тестирование – тапсырыс берушімен немесе бағдарламаның ерекшеліктерімен таныс емес қызметкердің күшімен кез келген жабдықта әлеуетті тұтынушымен орындалатын бағдарламаны тестілеу процесі. Бета-тестілеудің мақсаты – бағдарлама кодының кез келген компьютер жүйесінің аппараттық-бағдарламалық үйлесімімен сәйкессіздік себептері бойынша туындайтын қателіктерді жою. Альфа-mecmілеуді қараңыз. Бетбелгі – Закладка–білім алушы өзі тағайындайтын және қайта оралуды жоспарлайтын оқу процесінің орнын анықтау.
Бит – «Иә» немесе «Жоқ» логикалық мәнді өрнектейтін және 0 немесе 1 екілік сандармен белгіленетін ақпараттың ең аз бірлігі.