Білімдерін өзі бақылау (өзін өзі тексеру) – Самоконтроль (самопроверка) знаний– өзін өзі тексеру режімінде білімдерді тестілеу жүйесінің көмегімен алынған білімдерінің олқылығын көрсететін және өткен материалды түсіну дәрежесін өзіндік бағалау.
Білімдік ақпарат – Образовательная информация– бұл оқып үйренуші сол немесе басқа қызметті білікті түрде орындауы үшін оған берілуге қажетті білім.
Білімдік бағдарлама – Образовательная программа – білім мазмұнының өзгешелігін және білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшелігін сипаттайтын білім беретін мекеменің нормативтік-басқарушылық құжаты.