Жабдықтардың қақтығысуы – Конфликт оборудования – аппараттық жасақтаманың бірнеше бірлігінің компьютерлік жүйенің сол бір аппараттық ресурстарын (үзулер желісін, сыртқы порттар адресін, дискіге тура қатынау арналарын) пайдалануға талаптанатын жағдайы.
Жабдықтардың үйлесімі – Конфигурация оборудования – компьютерлік жүйенің жабдықтарының құрамы.
Жабық формалы тестілік тапсырмалар (жауапты таңдау нұсқалары бар) – Тестовые задания закрытой формы(с вариантами выбора ответа) – сыналушы бірнеше нұсқадан дұрыс жауапты таңдауы тиіс болатын тестілік тапсырманың түрі, әдетте олардың біреуі дұрыс, ал қалғандары (дистракторлар деп аталатынлары) дұрыс емес болады.