Автомобильдер мен тракторлардың тежеуіш жүйелері Мамандығы: «Ауылшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету»



Дата17.04.2020
өлшемі1,41 Mb.
#62896
Байланысты:
Avtomobilder men traktorlardy tezheush zhyeler 1423892152 100984

Автомобильдер мен тракторлардың тежеуіш жүйелері

Мамандығы: «Ауылшаруашылық техникасына техникалық қызмет көрсету»

Өндіріс оқыту шебері: Кадирсеитов Бауыржан Алпысбайулы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

« ҚАПАЛ КӘСІПТІК-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МКҚК

Сабақтың мақсаттары

-Автомобильдердің және тракторлардың тежегіш түрлерін біледі.

-тежегіш түрлерін көрсетіп , ажырата алады



-Тежегіштердің жұмыс істеу принципінің

ерекшелігін түсіндіреді


Автомобильдер мен тракторлардың тежеуіш жүйелері

  • Тракторлар мен автомобильдердің қозғалыс жылдамдығын баяулату, жүрісін тоқтату және қозғалмайтын қалыпта ұстау үшін олар тежеуіш жүйелерімен жабдықталады.

Тежеуіш жүйелерінің мынадай түрлері болады: -машина қозғалысының жылдамдығын реттеуге және оны жайлап тоқтатуға қажетті жұмыстық тежеуіші; -машина еңіске жүргенде оны ұстап тұруға арналған тұру тежеуіші мен кілт бұрылысын жүзеге асыратын көмекші тежеуіш.

Тежеуіш механизмі трактордың немесе автомобиль қозғалысына өздігінен кедергі жасау үшін қызмет етеді.Фрикциялық тежеуіш кеңінен қолданылады, ол қозғалмайтын және айналып тұратын детальдар аралығындағы үйкеліс күші есебінен жасалады.

  • Тежеуіш механизмі трактордың немесе автомобиль қозғалысына өздігінен кедергі жасау үшін қызмет етеді.Фрикциялық тежеуіш кеңінен қолданылады, ол қозғалмайтын және айналып тұратын детальдар аралығындағы үйкеліс күші есебінен жасалады.

Барабанды тежеуішінде үйкеліс күші айналыстың ішкі цилиндр бетінде

шкивтіде –сыртқы

дискіліде-айналмалы дискінің бүйір бетінде пайда болады

Барабанды тежеуіш механизмі

  • Жоғарғы серіппе
  • Тежеуіш цилиндрі
  • Бағыттауыш құрсау
  • Колодка
  • Төменгі серіппе

Тұру тежеуіші

  • Тежеуіштің қозғалмайтын дискісі беріліс қорабының корпусына бекітілген.дискіде бірдей етіліп екі тежеуіш колодкасы орнатылған, ол барабанның ішіне орналасқан.Тежеуіш барабаны беріліс қорабының жетекші білігіне (екінші) бекітілген.
  • Тежеуіш колодкасының сыртына фрикциялық жапсырма бекітілген.Реттеуіш құрылғысы корпусында орналасқан колодканың төменгі шетінің саусақтары арқылы реттеуіш винттің конусты қалпақшасына тіреледі.Колодканың жоғарғы бөлігі ажырату құрылғысына тіреледі.Ажырату құрылғысы стерженьнен және екі шариктен тұрады

Тежеуіш жетекші доңғалақтың оң немесе сол жағындағы жартылай оське әсер етеді, сөйтіп бұрылыс орталығына жақын жетекші доңғалақты тежейді.Қажет болған жағдайда бұларды жұмыстық және тұру тежеуіші ретінде қолданады.

  • Тежеуіш жетекші доңғалақтың оң немесе сол жағындағы жартылай оське әсер етеді, сөйтіп бұрылыс орталығына жақын жетекші доңғалақты тежейді.Қажет болған жағдайда бұларды жұмыстық және тұру тежеуіші ретінде қолданады.

Гидравдикалық жетекті тежеуіш механизмі

Гидравликалық жетек жүйесінде басты тежеуіш цилиндрі мен доңғалақ цилиндрінің аралығында тежеуіштің гидровакуумдық күшейткіші қосылған.Двигательдің түтік өткізгішінің соруы нәтижесінде пайда болатын сиретілу(вакуум), автомобильді тежеуішпен басқаруды жеңілдетеді.

Пневматикалық жетекті тежеуіш механизмдері.

Доңғалақ тежеуіш

  • Доңғалақ тежеуішке диск, ол бас берілістің фланеці корпусіне қозғалмайтын етіп орнатылған.Дискіге эксцентрикті саусақтар монтаждалған, оған тежеуіш коолдкасының шеті тіреледі.Колодканың басқа шеттері ажырату жұдырығына тіреледі, оның білігі дискіге бекітілген, кронштейнде престелген втулкада айналады.Штоктың тежеуіш камерасымен жалғасқан, кронштейн дискімен қатаң байланысқан ажырату жұдырығының шлицті шетінде реттеуіш рычаг орналасқан.

Ауа айдағыш екі цилиндрлі компрессор

Тежеуіш жүйелерінің ақаулары:

  • Тежеуіш жүйелерінің ақаулары:
  • 1.Тежеу колодкаларының фрикциялық жапсырмалары мен тежеуіш барабандарының тозуы.
  • 2.Гидравликалық және пневматикалық жетектердің герметикалық болмауы.
  • 3.Гидравликалық жетек жүйесіне ауаның енуі, ондағы тежеуіш сұйығының, тежеуіштің пневматикалық жетегіндегі ауаның жеткіліксіздігі.
  • 4.Тежеуіш колодкасының барабанға жабысып қатып қалуы.
  • 5.Басты тежеуіш цилиндрінің ауа және компенсациялық тесігінің бітелуі.

Тақырыпты ашу: «Кинометафора» әдісі. бейнеролик көрсету

Интернет жүйесі: https://www.youtube.com/watch?v=0m7Vvy0qHIo


Жаңа сабақты бекіту

  • 1.Фрикциялық тежеуіштің қандай түрлерін білесің?
  • 2.Автомобильдер мен тракторларда тежеуіш жетектерінің қандай түрін қолданады?
  • 3.Трактор мен автомобильдің тұру тежеуішін қалай айырады?
  • 4.Гидравликалық және пневматикалық жетекті доңғалақтың тежеуіш механизмін қалай айыруға болады?
  • 5.Тежеу жүйесінің негізгі ақауларын атап өтіңіз.

Тұжырым

Шын/Жалған

Автомобильдерді тежеудің екі түрі болады: бірі қызметтік тежеу, екіншісі авариялық тежеу

шын

Тежегіш жүйенің құрылысы негізінен екі тораптан тұрады: біріншісі тежегіш торап, екіншісі оның жетегі.

 


шын

Гидравликалық жетегі бар тежеу жүйесінде ауаның қысымымен іске қосылатын пневматикалық тораптар қолданылады

Жалған

Гидравликалық жетек торабы жүргізуші педалінен, басты гидроцилиндрден , таратқыштан , вакуумдіқ күшейт- кіштен және кері клапаннан құралады.

Шын

Тежеуіш колодкалары мен барабандар жапсырмасының тозуы және майлануы тежеу жүйесінің ақауы болып саналмайды.

жалған

Тежегіш тораптар да құрылыстарына қарай барабанды дискілі болып екіге болінеді

Шын

3-тапсырма / Сіз қаншалықты сенесіз? Шын/Жалған (true/false) әдісі

Жеке жүмыс

Үй тапсырмасы

Вакумдық күшейткіш және

гидроберілісті тежегіш жүйелері

туралы мәліметтер жинау және

конспект даярлау

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет