Автомобильдің электр жабдығы тұралы мәліметтер



бет4/5
Дата07.02.2022
өлшемі384,75 Kb.
#96907
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лек3

Автомобиль генераторлары
Автомобильдің электрмен жабдықтау жүйесінде ток көзінің негізі болып келеді. Барлық ток тұтынушыларды қоректендіріп және аккумулятор батареясын қуаттандыруға арналған.
Автомобильдерде бастапқы кернеуі 12 немесе 24 В айнымалы токты генератор қолданылады.
Іске қосу жүйесі
Қозғалтқыштың іске қосылуын жеңілдетеді. Іске қосу жүйесін аккумулятор батареясы, электр стартер, басқару релесі мен электротехникалық қондырғылар құрайды. Қозғалтқышты іске қосу кезінде қозғалтқыш иінді білігін айналдыру үшін, тұрақты токты электр қозғалтқыш – стартер қолданылады. Ол аккумулятор батареясынан қоректенеді.
От алу жүйесі
Бензинді моторлардың цилиндрлерінде сығылған жұмыс қоспасы от алу свечасынан шығатын ұшқыннан тұтанады. Төмен кернеулі тоқты жоғары кернеулі токқа айналдыруға және оны мотордың цилиндрлеріне бөлу қызметін атқарады. Батареядан от алу құрылғысының схемасы келесі суретте көрсетілген.
Төмен кернеулі ток тізбегі аккумулятор батареясынан немесе генератордан ңоректенеді. Оған тізбекті түрде от алдыру қосқышы (3), қосымша резисторы бар от алу катушкасының алғашқы орамы (4), үзгіш (8) пен «масса» қосылған.

1—аккумулятор батареясы, 2—стартерді қосқыш, 3—от алдыру қосқыш, 4—алгашкы орама, 5—екінші орама, 6—от алу катушкасы, 7—таратқыш, 8—үзгіш, 9—конденсатор, 10—от алдыру шамы (свеча).
2 – Сурет – Батареядан от алу құрылғысы.
Жоғары кернеу тоғының тізбегі от алу катушкасының екінші орамынан (5), таратқыштан (7), жоғары кернеу өткізгіштерінен, оталу свечасы (10) мен «массадан» тұрады. Жоғары кернеу тоғының пайда болуы өзара индукциялану принципіне негізделген. От алу бекіткіші қосылған және үзгіш контактілері түйықталған жағдайда электр тоғы от алу катушкасының (6) алғашқы орамы айналасында өрісін туғыза отырып, аккумулятор батареясынан немесе генератордан сол орамға түседі.
От алдыру шамы (свечасы) электр жарқылынан ұшқын саңылауын жасайды. Свеча корпустан (5), оқшаулағышы бар орталық электродтан (2) және шамның корпусына дәнекерлеп бекітілген бүйір электродынан тұрады. Шамда кесілген бөлік орналасқан, ол цилиндрлер қалпақшасының тесігіне бұрап кигізіледі. Шамның (свеча) жоғары бөлігінде кілтке арналған қырлары бар.
Шам корпусының цилиндрлі бөлігіне маркасы жазылған, ол шартты түрде кесілген бөліктің диаметрін, оқшаулағыштың төменгі бөлігінің ұзындығын және оның материалын көрсетеді. Кесілген бөліктің диаметрі М немесе А әрпімен белгіленеді, мұнда М әрпі корпустағы 018x1,65 бұрандасына сәйкес келеді. Цифрлар оқшаулағыштың жылу конусының ұзындығын миллиметр өлшемімен көрсетеді. Цифрлардан кейінгі келесі әріп оқшаулағыштың материалын көрсетеді, мысалы: У - уралит, Б - боркорунд. Соңғы әріп орталық электрод бойынша герметизациялау әдісін көрсетеді, мысалы: С - шыны герметика.
От алдыру шамының жұмыс істеуі үшін орталық және бүйір тұстағы саңылаудың өлшемі — 0,7-0,9 мм. Оны бүйір электродты ептеп қайыра отырып, ретке келтіреді. Ішкі жағынан ластанған жағдайда оны бензинмен жуу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет