Аяганова Назерке Дефектология 3 Курс Бұл суретті салған бала 6 жасар, қыз баласы болуы мүмкін, бұны біз көздің бейнесімен дененің формасына қарап айта аламыз. Жалпы сурет 14 баллдық шкаланы көрсетті. Бұл баланың 6 жаста екендігінің және өзіне жасына сай даму деңгейін көрсетіп отыр.
Суретте бірден көзге түсетіні бұл аяғындағы штрихтар, суретті салу кезіндегі қандайда бір мазасыздықпен агрессияны білдіреді.
Жалпы сипаттамаға келетін болсақ, баланың дамуы қалыпты, қарым – қатынас орнатуға қабілетті. Мінезінде көп жағдайда қыз баласына тән салмақтылық қасиет байқалады. Өзінің жасына сәйкес қорқыныш, үрей өзінің іс – әрекетіне деген сенімсіздікпен, әлсіздік қасиеттері байқалуы мүмкін. Ойынға, қиялдауға бейім. Мойынның болмауы оның толықтай өсіп жетілмегендігін, яғни жас шамасының кішілігін білдіреді. Ал, құлақтың суретінің салынбауы 6 жас деңгейңне сай. Себебі, құлақты ересектеу шас шамасындағы балалар бейнелейді. Қолдардың алшақ, ашық суреттелуіне қарап баланың эмпатиялық қасиетін байқай аламыз. Бұл дегеніміз, отбасында махаббатпен жылулықты көріп, қалыпты отбасында тәрбиеленгендігі. Суретте 3 саусақтың ғана бейнеленуі, баланың тәуелділігі, бұл кезде 6 жасар баланың ата – анасына деген тәуелділігі және олардың балаға қорған екендігінің дәлелі. Аяқтарының бір – бірінен алшақ орналасу – баланың экстроверттік қасиетін көрсетеді.