Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Оқу әдістеме құралы бойынша қорғауға ұсынылған тұжырымдар



бет9/22
Дата06.02.2022
өлшемі1,49 Mb.
#31872
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22
Оқу әдістеме құралы бойынша қорғауға ұсынылған тұжырымдар:
1) Қазақстанға орыс (еуропа) мәдениеті шыны керек орыс империясының отаршылдық әрекетінің нәтижесінде келгені анық, оны теріске шығаруға болмайды;
2) Қазақстандағы орыс (еуропа) мәдениеті жаман қылықтарымен қоса, жақсылықтарын да ала келді;
3) Бүгін өткенді ұмытып, тарихи шындық оқиғаларды бұрмалап көрсететін болды, еңбекте осы жағына баса назар аударылып, тарихи оқиғалар, деректер нақты мысалмен дәлелденді;
4) Орыс мәдениетімен қазақ мәдениеті келісейік - келіспейік қатар жарыса өмір сүргені шындық. Одан біз ешқайда қашып құтыла алмаймыз; Өткен тарихымыз бәрібір біздің тарихымыз болып табылады;
5) Абай, Ыбырай, Шоқан салған сара жол олар достасқан достық жалғасын әлі де табуда; Мәшһүр - Жүсіп бұл орайда, орыс империясын ашық сынау бақытына ие болды, бірақ, шығармаларында орыс халқының бәрін қаралаудан аулақ екендігі байқалды;
6) Қазақ әдебиеті де шығыстан нәр алды; Жасыратыны жоқ орыс (еуропа) әдебиетінен де үйренді; Абай: «Шығысым Батыс боп кетті» дегенде осындайдан айтты;
7) Орыс (еуропа) әдебиеті де шығысқа бой ұрды; Бұл – тақырып кеңес дәуірі кезінде зерттеушілерге жабық болды. Ұлы орыс шовинизмі қаймана бұратана қырғыз – қайсақтан, түріктен үйренді дегенге намыстары келді. Орыстың XII ғасырдағы эпосы: «Игор жорығы жайындағы сөз» туралы О. Сүлейменов «Аз и я-ны» жазып шығарғанда кейбір ұлтшылдары қылқынып, жыртылып қала жаздап ақынды соттата жаздады. Д.А. Қонаев алып қалды;
8) Шығыс әдебиеті орыс (еуропа) және қазақ әдебиетін ХIХ ғасырдан жалғастырып келе жатқан алтын көпір іспетті; «Пайғамбар» тақырыбы бәріне ортақ болды;
9) Мәшһүр Жүсіп шығармалары да орыс (еуропа) әдебиетімен үндесетіні анықталды.
10) Мәшһүр Жүсіп шығармаларындағы орыс (еуропа) әдебиетінің тілдік үлгілері анықталды.
11) Мәшһүр – Жүсіптің кейбір мысалдарымен Крылов мысалдары үндестік табатыны байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет