4. ДҮНИЕТАНЫМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ – МИФОЛОГИЯЛЫҚ, ДІНИ, ФИЛОСОФИЯЛЫҚ
Философия
Мифология
Дін
2.ДІН
1.ФИЛОСОФИЯ
1.МИФОЛОГИЯ
ДҮНИЕТАНЫМ ТҮРЛЕРІ
5. ФИЛОСОФИЯНЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҒЫ
Философияның қарастыратын әмбебап мәселесінен – адам мен ғаламның арақатынасынан «философияның негізгі сұрағы» туындады. Маркстік әдебиеттерде философияның негізгі сұрағының екі жағы бар деп қарастырылады:
а) не бірінші – рух па, табиғат па?; б) әлемді танып-білуге бола ма?
Бұл мәселе Ф.Энгельстің «Людвиг Фейербах және неміс классикалық философиясының соңы» деген еңбегінде бірінші рет қойылған.
Руханилық пен материалдық қатынасын шешуде (филос. сұрақтың 1-жағы) философтар екі түрлі бағытқа бөлінеді: 1) материалистер бірінші деп материалдықты (қоршаған ортаның бөлігі – су, ағаш, металл, жер, т.б.) есептесе; 2) идеалистер үшін, керісінше, материалдық – руханилықтың туындысы (идея, сана, ерік, абсолюттік рух, т.б.). Материализм мен идеализмнің бірнеше тарихи түрлері бар.
Философиялық сұрақтың 2-жағы әлемнің танымдық мәселелерімен (гносеология) байланысты: әлем өз негізінде танымды ма; адамның тану мүмкіндігі шексіз бе, әлде оның шегі бар ма; ғалам туралы білім қалай алынады, алынған нәтиженің ақиқаттығына немесе қателігіне қалай көз жеткізуге болады?