«Қазақ батырлары»



Дата14.11.2016
өлшемі41,96 Kb.
#1733
түріУрок
Кистаубаева Асем Магамедовна

бастауыш сынып мұғалімі

Есіл ауданы Есіл қаласы

С. Серіков атындағы орта мектебі
Тема: «ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ»
Сабақтың мақсаты\Цель урока:

Білімділік\Образовательная: Оқушыға қазақ батырларының ерлігі туралы мағлұмат беру. Мәтіндегі негізгі ойды анықтай білуге, ойын жүйелі түрде баяндай білуге үйрету.

Дамытушылық\Развивающая: Оқушылардың танымдық логикалық ойлау, сөйлеу , жүйелеу дағдысын жетілдіру, қорытынды жасай отырып, өз ойын жеткізе алуын дамыту.

Тәрбиелік\Воспитательная: Оқушыларды еліміздің тарихи тұлғаларымен таныстыра отырып, еліміздің өткен өміріне деген қызығушылықтарын тәрбиелеу.Оқушыларда ұлттық патриоттық сезімдерін ояту, азаматтылықты сезінуді қалыптастыру.

Сабақ түрі\Тип урока: жаңа сабақ

Оқыту әдісі\Методика обучения: сөздік, көрнекіліктер арқылы, интерактивтік, шығармашылық

Көрнекілігі\Оборудование: презентация, үнтаспа, оқулық,

Пәнаралық байланыс\Межпредметные связи: әдебиеттік оқу, бейнелеу өнері, қазақ тілі

Сабақ барысы\Ход урока:

I.Ұйымдастыру кезеңі \ Орг.момент

II.Үй тапсырмасын тексеру\Проверка домашнего задания

III.Білімін тексеру\Проверка знаний

IVЖана тақырыпты бекіту\Изложение нового материала

«Жылы лебіз» тренингі (1мин) Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Мақсаты: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеруге, бір-біріне жақсы қарым-қатынас орнату және жақындай түсу мақсатында өткізіледі

Шарты: Оқушылар екі қатарға, бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Мұғалім «бастаймыз» деген белгі бергенде оқушылар

-Бір-біріне қарап күлімдейді

-бір-бірінің қолынан ұстайды

-бір-бірінің бетінен сүйеді

-Топқа бөлу сары, көк парақшалар арқылы



II. Сұрақ –жауап арқылы үй тапсырмасын тексеру (2 мин)

-Нешінші ғасырдың соңында қазақ халқы бір мемлекет бола бастады ?

16 ғасырдың соңында

- Қазақтар мен жоңғарлар арасындағы күрес қанша жылдан астам уақытқа созылды?

100 жылдан астам

-Үш жүздің басын біріктірген хан?

Абылай хан

-1723 жылы болған шайқас қалай аталады? Ақтабан шұбырынды



ІІІ. Жаңа сабақ.

Ой шақыру:(1 мин) Батыр деп кімдерді айтамыз?

  • Ендеше балалар, бүгін біз қазақ батырларымен танысамыз. Ерлік жасаған, елін, жерін сыртқы жаудан қорғаған ер жүрек батырларды айтамыз.

Қазақ батырлары

Қаракерей Қабанбай,

Қанжығалы Бөгенбай,

Шапырашты Наурызбай.

Өңкей батыр жиылып,

Абылай салды жарлықты.

Үш жүздің басын қосқан Абылай хан

– Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек батырлардың ерлігіне сүйенген . Қазақ батырлары атты өлеңді жазған Бұқар Жырау атамыз Абылай ханның кеңесшісі, ақылшысы болған.



Өткен сабақты қорытып жаңа сабаққа түсу.
Оқушылар біз өткен сабақта Қазақ халқының жоңғар басқыншыларымен күресі туралы оқыдық. Олардың батыр, елі үшін дұшпандарына қарсы күрескені туралы мағлұмат алдық. Енді бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – Қазақ батырлары.Соның ішінде Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Райымбек батыр туралы мағлұмат аламыз.

Топпен жұмыс ( 3 мин) оқулықтағы мәлімет бойынша

  1. топ Бөгенбай батыр

  2. топ Қабанбай батыр

Екі топ бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды

Мағынаны тану

Топ жұмысы қорытындыланып, мұғалім жаңа тақырыпқа түсініктеме беріп өтеді(2 мин)



Тақырып бойынша тапсырмалар (3 мин)

-Батырлар туралы мақал-мәтелдер білеміз бе?

- «Бес жолды өлең» құрастыру. Мысалы:


1-жол Батыр (1 зат есім)

2-жол ержүрек, батыл ( 2 сын есім)

3-жол қорғайды, күреседі, шайқасады (3 етістік)

4-жол Есімі ешқашан мәңгілкке ұмытылмайды ( 1 сөйлем)

5-жол қаһарман ( 1 мәндес сөз)

IV. Ой толғаныс.(3 мин)

Ер қаруы – бес қару

-Батырлардың қаруы туралы не білеміз?

-Батырлардың киген киімдері

-Батырларымыз мәңгі ел есінде



Сабақты қорытындылдау видеоролик көрсету (4 мин)

-Тағы қандай батырларды білеміз?

- Қазіргі кездің батырлары кім деп ойлайсындар?

«Алты қалпақ әдісі» арқылы

Қара қалпақ- мәтіннің жағымсыз жағы

Сары қалпақ- жағымды жағы

Ақ қалпақ-мәтіннің негізгі мазмұны

Жасыл қалпақ- өз идеясын айту

Рефлексия (1 мин) Бас бармақ арқылы

Сабақ ұнады ма?Ұнамады ма? Несімен ұнады?



Бағалау: Смайликтер арқылы

Үй тапсырмасы «Батыр бабаларыма хат» эссе жазу

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет