Қазақ даласына Ислам діні таралуының мәдени, тарихи және рухани бастаулары


тәңірлік сенім мен Ислам дінінің ұқсастығына



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата19.04.2023
өлшемі1,12 Mb.
#174867
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
лекция3 Қазақ даласына ислам дінінің келуі

тәңірлік сенім мен Ислам дінінің ұқсастығына
таң қалғанын жазған болатын. 
Мәшһүр Жүсіптің дерегіндегі түркілердің: «Озған пайғамбардың үмбетіміз» дегенінде, Хақ
Елшісінің бұл сенімді терістемеуі, ата-бабаларымыздың ханиф (таза) сенімінде болғанын
көрсетеді. Яғни, арғы бабалырымыздың ұстанған Тәңірлік сенімі Хақ дінге (исламға) шүбәсіз
сеніп, тез қабылдауына игі әсер етті. Бастапқыда Орта Азия халықтары Ислам дінін
насихаттаушыларға себебі, өр кеуделі Ер түріктің ұрпағы
Исламды күшпен қабылдағысы
келмеді. Ақыр-аяғында Орталық Азия халықтары «әһлі суннәның» рационалистік бағыты
саналатын (шариғатта) Ханафи және (ақидада) Матуруди мазхабын қабылдады. Себебі, бұл
ағымдар әрбір мәселеге ақыл-парасатпен қарауға шақыратын еді. Сондай-ақ, Исламның
сопылық бағыты да ежелгі түркілердің алып-ерендік, жыраулық, сал-серілік дәстүрімен сай 
келетін. Осы үндестік сопылық ілімнің қазақ халқының жүрегінен орын алуына игі ықпалын
жасады. Сөйтіп VIII ғасырдың орта тұсында қарлұқтардың Ислам дінін қабылдауымен
басталған илаһи үдеріс, XVI-XVII ғасырда Керей мен Найман тайпаларының Хақ дінді
қабылдауымен толықтай аяқталды.


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ТҰСЫНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ
XV ғасырдың орта шенінде 
Қазақ хандығы құрылар кезеңде, Орталық Азия мен Дешті Қыпшақта 
Ислам дінін насихаттаған негізінен Яссауи және Нақшабанди тариқаттары (сопылық мектептер). 
Яссауи тариқаты 
көшпелілердің дәстүрлі кодификациясы –Шыңғыс ханның «Ұлы Ясасы» мен 
шариғат заңдарын қатар ұстанып, дәстүр мен дінді ұштастыра білсе
Нақшбанди тариқаты 
шариғаттың фундаментальды қағидаларын қатаң ұстануымен ерекшеленген. 
Бұл кезеңде көшпелі қазақ халқының табиғатымен шариғаттың фундаментальды қағидалары үйлесе 
бермейтін. Мәселен, шариғаттың ағайынды адамдардың некелесуіне рұқсат беруі – жеті атаға дейін қыз 
алыспау дәстүрін берік ұстанатын рулық-тайпалық құрылымдағы түркі тайпаларының мүддесіне теріс 
келетін. Сондай-ақ, шариғаттағы ниқаб кию дәстүрі түркі халқының дәстүріне мүлдем сәйкес келмейтін. 
Қазақ әйелдері кимешек, орамал, жаулық киген. Бірақ, ешқашан аузы-мұрнын тұмшаламайтын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет