Қазақ әдебиеті 6-сынып Бөлім: «Мен балаң, жарық күнде сәуле қуған » Тақырыбы: Оралхан Бөкей



Дата24.01.2022
өлшемі1,04 Mb.
#113817
Байланысты:
6-сынып ашық сабақ әдебиет


Қазақ әдебиеті

6-сынып

Бөлім: «Мен балаң, жарық күнде сәуле қуған...»

Тақырыбы:

Оралхан Бөкей

«Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

Дайындаған:

Сапарғалиева Айдана Қайратқызы

Оқу мақсаты:

6.1.1.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру;

әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

Бағалау критерийі

– шығармамен танысады;

– мазмұнын түсінеді;

жанры мен сюжетін, фабуласын анықтайды.

«Өзгеше біткен қазақтың,

Өнерпаз ұлы дара бір.

Жасадың ғұмыр аз-ақ күн,

Жасамай елу және бір...»

(Ғафу Қайырбеков)

(1943-1993)

Оралхан Бөкей

«Айналайын Алтайым, осы құдіретіңнен, осы келбетіңнен, осы гүліңнен, осы жұпарыңнан айрылып қала көрме, өйткені мен сені сүйемін, өйткені мен сенің перзентіңмін, өйткені жаһанда саған жетер салтанатты жер жоқ».



Оралхан Бөкей

жазушы

драмматург

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты

«Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі

аудармашы

«Еңбек туы» газетінде корректор

журналист

сөз зергері

Өмірі туралы не білеміз?

Оралхан Бөкей 1943 жылы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы, Шыңғыстай ауылында қарапайым еңбек адамының отбасында дүниеге келген. Әкесі Бөкей көп сөйлемейтін, сөйлей қалса сөзі өткір, қанжардай қиып түсетін, сөзге шешен, астарлап сөйлеп өз ойын дәл жеткізетін, рухы мықты, жаны таза адам болған. Анасы Күлия көреген, ділмар, аузын ашса көмейі көрінетін ашық кісі болған. Үнемі топ бастап жүретін, қажет жерінде қиыннан қиыстырып өлең де шығарған. Керемет даусы бар әнші де болған. Отбасында бір ұл – Оралхан, бес қыз – Шолпан, Әймен, Ләззат, Мәншүк, Ғалия.

Оралхан Бөкей дүниеге келгенде сұрапыл соғыс жылдары болғандықтан, әкесі Оралға еңбек майданына аттанған кез болатын. Анасы Күлия әкесі майданнан аман-есен оралсын деп ырымдап, сәбидің атын Оралхан деп қойған екен.

Жанр


Фабула

Сюжет


Жанр – өнердің барлық түрлерінде қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. О.Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» туындысы әңгіме жанрында жазылған.

көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу. Яғни көркем шығармада суреттелген оқиғалар қатары. Автор шығарманы табиғат көріністерін сипаттаумен бастайды. Әңгімеде одан әрі соғыстан кейінгі ауыл тұрғындарының қызу еңбегі, өзінен екі-үш жас үлкен Тортайдың ауыр тағдыры баяндалады.

өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкерлердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Тортайдың алыс аталастарының үйінде қиындыққа тап боп, тасүңгірді мекендеуі, жастайынан мектепті жалғастыра алмай, мал бағып кетуі шығармада үйлесімді жеткізілген.

Оқыған үзінділерді ескере отырып, шығарманың жанрын анықтау.

Шығармада өмір шындығы оқиғаны баяндау арқылы көрсетілген. Оқиғалар, кейіпкерлердің іс-әрекеттері өмірдегі болатын объективті болмыс қалпында алынып, бейнеленген, жазушы баяндап жеткізуші ретінде көрінеді. Жалпы шығарма эпостық жанрға жатады, соның ішінде түрі жағынан әңгіме екенін дәлелдеп тұр. Нақты айтқана, көлемі жағынан қысқа болғандықтан, бұл шығарманың жанры – әңгіме.

Үзінділер бойынша шығарманың фабуласын анықтау

Жаздың ыстық мезгілі. Ауыл балалары үлкендердің жанында бұзау бағып, үлкендерге көмек береді, ауылдың қыз-келіншектері жұмыстан кейін сауық құрып, отбасында ән айтады, шаршау дегенді білмейді.

Ауыл балаларының ішінде Тортай атты ерексектеу, құлағының мүкісі бар бір бала бар. Ол жетім, ата-анасынан ерте айрылған. Кітапты көп оқиды, болашақта жазушы болғысы келеді, алыс тумасының үйінде тұрады. Тортай Орашты ерекше жақсы көреді. Ораш та оған барынша көмек береді. Үй ішіндегілер Тортайды қуып жібергенде, Ораш оны іздеп тауып алып, тас үңгірде жанына қонады. Оған тамақ тасиды. Түнде Тортай өз қиялындағы ақ боз атты әңгімелейді...

... Күзде ауыл балалары сияқты мектепке бара алмай, Тортай тауда өгіз бағып қалады. Ораш оқуға кетерде, Тортай оған кітап беріп, өз қиялындағы міне алмаған ақ боз атқа Ораштың мінуіне тілек білдіріп, шығарып салады.

Үлкейген соң, ауылына демалысқа келген Орашқа ескі досы Тортай амандаса келгенде, Ораш оны үйде жатып, дауысынан таниды, алайда оған шығуға дәті бармайды. Тортайдың мінер ақ боз аты өзінің тақымында кеткендей сезімде болады. Тортайдың бала күнінде айтатын ертегісінің соңы немен аяқталатыны Орашқа енді жеткендей болды.

Оқыған үзінділерді ескере отырып, шығарманың сюжетін анықтау

Сюжеті

  • Табиғат суреті
  • Ауылдың қыз-келіншектерінің жұмыстан кейінгі демалысы
  • Ауыл балалары және жеті бала – Тортай
  • Тас үңгірдегі тіршілік
  • Тортайдың қиялындағы ақ боз ат
  • Күзде мектепке тартылған ауыл балалары
  • Тортайдың Орашқа сыйлығы
  • Ескі досына амандаса келген Тортай
  • Ораштың тақымында кеткен ақ боз ат


Қорытынды

Біз бүгінгі сабақта Оралхан Бөкей өмірі мен шығармашылығы және «Тортай мінер ақ боз ат» шығармасының жанрын, фабуласын, сюжетін анықтадық. Шығарма кім туралы, ондағы оқиғалар желісі қалай жалғасын тауып, немен аяқталатынын түсіндік.

Оқу тапсырмасы

Шығарманың кейіпкері – Тортайға хат жазу

Дискриптор:

– хат құрылымын сақтайды;



– шығармадағы Тортайдың басынан өткен жағдайларды ескереді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет