Нұсқау:
Сізге контекст негізіндегі ұсынылған тӛрт жауаптан бір дұрыс
жауапты таңдауға арналған тест тапсырмалары беріледі.
Контексті
мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз.
...Естемес аз уақыт үн шығармай іштей ыңылдап, толқып келе жатты.
Кенет атының шылбырын Оразымбетке тастай беріп, қолын кейін созып, қызыл
қоржындағы домбырасын суырып алды.
Eстемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты
әуенмен қағып-қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан тӛмен
бірнеше қайтара жүгіріп ӛтті. Бірақ мұның бәрі жаттанды сарын еді. Аздан
кейін күйші қолы күрмеліп қалғандай бір пернені басып, жалғыз ішекті шерте
берді. Белгісіз тың әуен дүниесінің табалдырығынан аттап ӛте алмай, қиналған
түрі бар. Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап
қалған; жаңа бір күй сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар
ӛңінде. Ат жалына еңкейіңкіреп барып Естемес ырғалып, кеудесін кӛтере беріп,
тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен
шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып
домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып кӛтерілді де, ар жағы
мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Кӛңілі жүдеу бишараны жұмсақ
алақанымен маңдайдан сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес
береді. Күй шым-шымдап ішке кіріп, кӛңілді босатып, қабақ астында қатып
қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рахат самалымен желпіп сергіткендей
болады.
Oразымбет тарамыс денелі, қатқыл ӛңді, егде кісіден дәл осындай жүрек
қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді. Ол ұстазының бетіне қарап,
оны жаңа кӛргендей болды. Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық балғын нұр
жүгіріп, кішілеу ӛткір кӛзі дымқыл тартып, Естемес балқып тұр екен. Салалы
ұзын саусағы буынсыз болып кеткендей, жібектей майысып, жыпылдап барады.
Жаңағы бір сезімтал майда әуенді қайталап келіп, енді кӛтеріле бергенде, ӛрге
шыға алмағандай тайғанақтап, күй сазы қайта шегінді. Тағы да бір-екі рет
талпынып барып, булығып қалды. Естемес ыза болғандай домбыраны қатты бір
қақты да, бұрылып артындағы қоржынға салып қойды.
Т.Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесінен
21. Yзіндідегі кӛркемдегіш құрал
Oразымбет тарамыс денелі, қатқыл ӛңді, егде кісіден дәл осындай жүрек
қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді.
A) метафора
B) эпитет
C) қайталау
D) сиекдоха
22. Mәтіннің негізгі идеясы
A) үлкенді сыйлау
B) ӛнер құдіретіне бас ию
C) күйшілерді құрметтеу
D) домбыраны қадірлеу
23. Mәтіндегі күйшіге сәйкес нұсқа
A) қажыған адам
B) еңбекқор адам
C) жас адам
D) егде адам
24. Aвтордың Естемес іс-әрекетін сипаттаудағы басты идеясы
A) күйшінің іс-әрекетіндегі ерекшелікті жеткізу
B) күйшінің домбыра шерту ерекшелігін жеткізу
C) күйшінің ерекше қабілеті мен сезімін жеткізу
D) күйшінің жас ерекшелігін таныту
25. Kүй орындау кезінде Естемес бойындағы ӛзгеріс
A) бойында бір діріл пайда болды
B) шәкіртіне таңдана қарады
C) ӛңі қуарып аппақ болып кетті
D) жүзіне жастық балғын нұр жүгірді
|