А.Кемелбаеваның «Шашты» шежірелік-эпикалық әңгімесіндегі Тасқұл қарттың бейнесі арқылы адамгершілік құндылықтарды талдап жазыңыз.
О.Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің идеясын адамгершілік құндылық тұрғысынан талдап жазыңыз.
Әңгімеде көтерілген мәселелер: ер-азаматтардың ар-намысы, шапқыншылыққа ұшыраған елдің күйі Айгүл Кемелбаеваның өзге де туындылары секілді аса аяныш, үрей, қобалжу сезімдерін туғызады. Қаншама адамның өмірі “Шашты” әңгімесіндегі дана қарттың балаға айтқан шерінен, жүрегіндегі терең жарасынан көрініс табады. Өзге елге құл болғасын, қанша еркекпін деп намыстанса да, жау үшін олардың құны тышқақ лақ ғұрлы жоқ.” Шашты” әңгімесі тек сол замандағы жау қолына түскен халықтың күйін ғана емес, қасиетті жылқы малын бағудың қыр-сырын да атап көрсетеді. Ендеше қарттың көреген дана екендігі, ал баланың айтқанынан қайтпас қайсар екендігін не дәлелдейді? Қарт даналығы баланың бойындағы өжеттік, қайсарлық іспеттес қасиеттерді көре білгенінде. Баланың қазақ екендігін тани сала, оған бас салып, қашуды ұсынған жоқ. Алғашқы он екі айда жылқы малын бақтырып, жүйріктің барлық қыр-сырын үйретеді. Ал бәйгенің ұйымдастырылуы қажетті сәтті туғызып, қашуға қолайлы жағдай пайда болады. Дегенмен, бала әлі жас бүлдіршін болғандықтан, біраз күдіктеніп, өз-өзіне сенімсіз бола бастайды. Шал да бұның қисынын тауып, оны ойынан айныту үшін шындықты айтуға мәжбүр болады. Баланың бойына сенім біткесін, бойындағы ерлік қасиеті бәйгеде анық көрініс табады. Тіпті шөл далада қысталаң күйді кешсе де, ол еш мойымайды. Бұл баланың мінезділігін көрсетеді. “Шашты” әңгімесінде жылқышы үшін де, Кенжебек үшін де жыт еткен сәуле қай уақытта жағылады? Бәйге ұйымдастырылмақ болғанда жылқышы анасынан жаңа туған сәбидей қуана жөнеледі. Ол үшін үміт пайда болады. Кенжебекті елге қайтару үміті. Қанша жылдық кегін қайтару үміті. Кенжебек үшін де бұл үлкен мүмкіндік болатын. Басында сенімсіз болғанымен, бойындағы жігерліктің шалдың оятуы нәтижесінде жылқышы қарттың да, өзінің де үмітін ақтай білді. Менің ойымша жылқышы қарт пен баланың кездесуі кездейсоқ жайт емес. Екі заман адамдары басындағы тағдырдың қиыншылықтары мен ортақ қайғымен бір-бірін тапқан жандар. Біреуі баланың бойындағы арманда кеткен жастықты көретін. Әрі өміріндегі ең үлкен қателігін қайталамау үшін барын салатын. Бала болып жатқан жайттардан не ұғынсын, өзінің қандай күйге түсетінін қайдан білсін. Бірақ бұл жағдайлардың барлығы оны күрт есейтіп жіберді. Қорытындылай келе: Атаулы тарихи әңгімелердің бірі тап сол заманның өзекті мәселелерін қозғап қана қоймай, бүгінгі күнмен де тығыз байланысты. Сол заманда ер азаматтар ар-намыс секілді бағалы қасиеттерінен құл болғандықтан айырылса, қазіргі заманның ер адамдары сол секілді қасиеттерді өз бойынан жоғалтып, еркек аттарынан ерікті түрде айырылып жатыр. Бұл мәселенің бүгінге дейін де өзекті болып келе жатқаны өкінішті-ақ.