«Қазақ әдебиеті» пәнінен (оқыту қазақ тілінде) тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы



бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі84,7 Kb.
#122244
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ОШ СОЧ Қазақ әдебиеті 11-сынып ОГН-1
1 рубежка Патан частный для студентов-2, 1 рубежка Патан частный для студентов-2, docx1543580600, docx1543580600, docx1543580600, docx1543580600, docx1543580600, docx1543580600, ОШ СОЧ Қазақ әдебиеті 11-сынып ОГН-1, ОШ СОЧ Қазақ әдебиеті 11-сынып ОГН-1, ОШ СОЧ Қазақ әдебиеті 11-сынып ОГН-1
Барлығы

40 минут

30

«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


«Тарихтың шертіп пернесін» бөлімі
Шығармалар: С. Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңі
І. Есенберлин «Қаһар» романы
А. Сүлейменов «Бесатар» повесі

1-БӨЛІМ
1. Тұжырымдарды композициялық құрылым ретімен орналастырыңыз

  1. Ақ патша мен оның өкілдерінің қазақ батырларының хаттарын жауапсыз қалдыруы. Қараөткел мен Жайық арасындағы ең үлкен ереуіл.

  2. Қоқан хандығы мен Ресей империясының қазақ жерін өз иеліктеріне қосып алу мақсатындағы жымысқы ойлары мен тартыстары. Ожардың опасыздығы.

  3. Әбілғазы мен Таймасқа жорытқан Кенесарының түсі. Ұлы жүз бен қырғыз жерінде Кенесарыға құрылған қақпан. Кекілітау бауырынан тапқан ажал.

  4. Қасым төренің билікті Кенесарыға беруі.

  5. Қасым төре, оның үлкен балалары Есенгелді мен Саржан шайқастары.

А) оқиғаның басталуы
В) оқиғаның байланысуы
С) оқиғаның шиеленісуі
D) оқиғаның шарықтау шегі
Е) оқиғаның шешімі

1) .... 2) .... 3) .... 4) .... 5) ....


[1]

2. «Қаһар» романынан алынған қай үзіндідегі мәселе ұлттық мүдде тұрғысынан тұжырымдалған?


А) - Қазір жер қорғайтын заман емес, жан қорғайтын заман... Тағы құландай ру-ру боп жалпақ даласында шұбырған қалың қазақ ту тігіп ел болудан қалған. Осыны неге түсінбейсіңдер.
В) Ата-ананы таңдауға болмайды, туған халқыңды да таңдай алмайсың! Оны әлжуаз де, тағы де, бірақ маңдайымызға жазылғаны сол халық, мен оны сен айт; қан әлжуаз қалпында да жақсы көрем.
С) Дегеніме көнбесең, елді аттың бауырына, қамшының астына аламын. Кімде кім айтқаныма көнбейді екен, Кенесарының жасыл туының астында жүргісі келмейді екен – ол менің жауым.
D) Қасым төре біз секілді ақымақ емес еді. Арқа жерінде сегіз өкіріктің не үшін құрылғанын бізден бұрын түсінді. Тоқа, Алтын, Алтай, Уақты ертіп патша құрығы жетпейтін Бестаңбалы жеріне қарай көшті.
[1]

3. «...Қазығұрттың ақ майы кілкіген ақ қымызын таң асырып ішіп отырғанда ел басына осыншалық апат төнер деп кім ойлаған? Апыр-ау, осы елдің түбіне көріп алам жетпеп пе еді, бір Алланың өзі сақтар жетпеп пе еді; ауып келіп асыңды ішіп, табағыңды тепкен жендеттің қымыз кекіріп тұрып маңдайыңнан шерткенде қол қусырғаның, қол қусыра бергенің жетпеп пе еді? Нені көріп аласың сонда? Ел айбаты көп ердің іркес-тіркес айдалып кеткенін бе?..» - деген сөз қай кейіпкерге тиесілі?


А) Сәруар
В) Төрехан
С) Крейгель
D) Сержан
[1]

4. Ұсынылған үзіндіде қандай мәселе көтерілген?


Шырқ айналар шіркін тауық,
Жемің болса қолында,
Қайдағысы сені тауып,
Топырлайды жолында.
Досыңмын деп ант береді,
Жем іздеген жанама.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос, санама.
А) амал достықпен жүретін достар туралы
В) шын сенуге тұратын адал достар туралы
С) байлық үшін дос болатындар туралы
D) достықты сатып кететін адамдар туралы
[1]

5. «Қаһар» романындағы тек ұлттық тарихи құндылық шеңберін ғана қамтитын тұсын белгілеңіз.


А) Кенесары бастаған көтерілістің туу және жеңілу себептерін баяндау
В) Бөгенбай, Қабанбай бастаған қазақтың батырларының іс-әрекетін сипаттау
С) Жоңғар басқыншыларының қазақ елінің бестен үш бөлігі қырғанын көрсету
D) Əбілқайыр ханның өзге қазақ басшыларымен ақылдаспай Ресейге қосылуын көрсету
[1]


2-БӨЛІМ
6. Сарыарқаның бір тауы бар
Бір тауы бар сымбатты.
Сол таудан сен сыр тауып ал
Қалың зеңгер, құзды шаттар,
Құзды шаттар қалың ну,
Сарқырайды мұз бұлақтар,
Мұз бұлақтар у да шу.
Өлең жолдарындағы автордың ойын жеткізудегі қолданған көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз.
[5]

7. Неліктен жазушы өз шығармасының атын «Бесатар» деп таңдап алған? Тақырыптың шығарма идеясымен қандай байланысы бар?


[5]

8. «...«Түркістанның босағасын келін болмай кесір боп, 16 жылдың шілдесі аттады» деген жолды сол кезең және уақытпен байланыстыра 3-4 сөйлеммен түсіндіріңіз.


[5]


3-БӨЛІМ
9. Төмендегі екі тақырыптың бірін таңдап, 250-300 сөзден тұратын әдеби эссе жазыңыз.

  1. А. Сүлейменовтің «Бесатар» повесінің тарихи және көркемдік құндылығын бағалаңыз.

  2. І. Есенберлиннің «Қаһар» романындағы тарихи оқиғаларды суреттеудегі автор шеберлігіне талдау жасаңыз.

[10]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет