Барлығы: 40 30
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1-БӨЛІМ
1. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанының сюжеттік желісі ... құрылған.
А) отбасылық мәселелер мен мұрагерлер арасындағы таққа талас, қатаң жазаларға
Б) кейіпкерлер арасында орын алған қақтығыстар мен шытырман оқиғалар, диалогқа
С) кейіпкерлердің әңгімесінен, монологтар, кейіпкерлердің портреттері мен пейзажға
Д) бас қаhармандардың өзара әңгімесі, сұрақ-жауаптар мен бір-біріне жазған хаттарға
[1]
2. Бұқар жыраудың адам психологиясы мен мінезін ашып көрсетудегі шеберлігі қай
шығармадан байқалады?
А) «Әй, Абылай, Абылай»
Б) «Асқар таудың өлгені»
С) «Тілек»
Д) «Ай, заман-ай, заман-ай»
[1]
3. «Қасқакөл дауы» шығармасында даудың шешілуіне ықпал еткен кім?
А) билердің сөзін жерге тастаған Ормамбет
Б) жасының үлкендігін алға тартқан Төле би
С) халқыңа пайдасы тимес деп күйінген Әйтеке би
Д) баласының қарт билерді ренжіткеніне күйінген ана
[1]
4. Айтыстағы Біржан бейнесін, оның сыртқы келбетін, мінез-құлқын, ішкі психологиясын
танытатын жолдарды анықтаңыз.
А) Қырсығың өз басыңнан арылған жоқ,
Теңестеп айыбыңды тізсем қылға.
Қолыңды ұстатпайтын ерке болсаң,
Келімсек әкең неге берді құлға?
В) Қырымға қарайтұғын қыран құспын,
Аң алмай жерге бекер қонбайтұғын.
Айнымас қанды балақ ақ иықпын,
Тұяғым тиген қасқыр оңбайтұғын.
С) Орынбай іздеп келіп кеткен қаңғып.
Жеңген жоқ Көшімбайың о да аңдып.
Жанақ қашан жол алды Сабырбайдан,
Жаманын көтереді арғын сән қып.
Д) Шақыртып нағылады оны Біржан,
Көруге ынтық емес соны Біржан.
Арғыннан асып кеткен бай болмайды,
8
Жеткенмен Жиенқұлға қолы Біржан.
[1]
5. Өлең жолдарын сәйкестендіріңіз.
1.Оныншы тілек тілеңіз... А) Төрде төсек тартып жатпасқа
2.Тоғызыншы тілек тілеңіз... Б) Он ай сені көтерген...
Анаң бір аңырап қалмасқа
3. Он бірінші тілек тілеңіз... С) Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа
4. Төртінші тілек тілеңіз... Д) Он бармағы қыналы...
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа
А) 1-С,2-Б,3-А,4-Д
Б) 1-Д,2-А,3-Б,4-С
С) 1-Б,2-А,3-Д,4-С
Д) 1-Д,2-С,3-Б,4-А
[1]
Достарыңызбен бөлісу: |