Қазақ филологиясы кафедрасы 050205 «Филология»



бет143/150
Дата05.02.2022
өлшемі1,67 Mb.
#11038
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   150
17. Қара толқын орман шашын
Жұлды талдап снарядтар.
Мәңгі мекен көл жағасын
Тастап суға сүңгіді жар. – Бұл қай поэмадан алынған үзінді?
А. «Жыр туралы жыр»
В. «Күләнда»
С. «Камила»
Д. «Ақын өлімі туралы аңыз»
Е. «Толағай»
18. «Шопанның азапты өмірі», «Тар жолдағы достың аярлығы» қай шығармада орын алған?
А. «Қош бол, Гүлсары»
В. «Ақбоз ат»
С. «Боран»
Д. «Сайтан көпір»
Е. «Қар қызы»
19. Алмасхан, Кіші Ханша, Шидүрге, Жақан шофер, Еңсеп т.б кімнің шығармасында ұшырасады?
А. Ә. Нүрпейісов
В. С. Ерубаев
С. Ә. Тарази
Д. Ә. Кекілбаев
Е. А. Сүлейменов
20. «Мен де жиырма жаста едім», «Құстар қайтып келеді», «Таудан түскен сәуле», «Жиырма бесінші көктем» т.б жыр жинақтарының авторы?
А. Қ. Мырзалиев
В. К. Ахметова
С. Т. Молдағалиев
Д. Ғ. Орманов
Е. Т. Медетбеков
21. «Т. Бокин», «Сенім», «Теміртау» романдарының авторын атаңыз.
А. К. Ахметбеков
В. Б. Нұржекей
С. З. Шашкин
Д. З. Қабдолов
Е. С. Жүнісов
22. «Ақбоз ат» романында тұлпарға сатылған әйел кім?
А. Айша
В. Гүлнаш
С. Нұрила
Д. Әсем
Е. Әсия
23. «Құпия қыз», «Біздің дастан», «Жамбыл тойына» дастандарының авторы кім?
А. Ж. Саин
В. Ә. Тәжібаев
С. Д. Әбілев
Д. Қ. Аманжолов
Е. А. Шамкенов
24. «Мен Гамлет те емеспін. Менің орнымда Гамлет те «Ия өмір, ия өлім!» дей алмас еді. Мен өз елімде, өз жерімде басы артық, керегі жоқ жандаймын». Бұл монолог қай романнан?
А. «Қаһар»
В. «Үркер»
С. «Жат қолында»
Д. «Елім-ай»
Е. «Оянған өлке»
25. Қазақ халқының өткен тарихын зерттеп, романдар дестесін жазған қаламгерді атаңыз:
А. С. Сматаев
В. М. Мағауин
С. Ә. Кекілбаев
Д. І. Есенберлин
Е. Ә. Әлімжанов
26. Сәкен мен Шоқан өмірін өз пьесаларына арқау еткен жазушы кім?
А. С. Талжанов
В. Т. Кәкішев
С. С. Қирабаев
Д. С. Мұқанов
Е. Ә. Нүрпейісов
27. Жәдігер, Әзім, Бәкизат қай романның кейіпкерлері?
А. «Боран»
В. «Сенім»
С. «Доктор Дарханов»
Д. «Сең»
Е. «Мінәжат»
28. Таңдамалы өлеңдері «Әр күн – арайлы таң» жинағына топтастырылған ақынды белгілеңіз:
А. О. Асқар
В. Т. Молдағалиев
С. О. Сүлейменов
Д. С. Сейітов
Е. Ә. Тәжібаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   150




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет