Тақырыбы: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі негізгі бағыттар
Дәріс мазмұны:
1. Әр түрлі саяси топтардың пайда болуы.
2. ХХ ғасыр басындағы негізгі әдеби бағыттар. Айырмашылықтары, ортақ ізденістері.
3. Әр бағыттың негізгі өкілдері, ізденістері мен көзқарастарының басты ерекшеліктері.
Дәріс мақсаты: ХХ ғасыр әдебиетінің негізгі өкілдерімен таныстыру. Олардың ерекшеліктерін атап көрсету.
Қазақ елінің әлеуметтің-экономикалық және рухани-мәдени дамуы жолындағы аса күрделі кезең болған хх ғасырдың басындағы небәрі жиырма жылмен шектелетін тарихи қысқа дәуірдегі әдеби процесті қамтитын бұл пәннің аясында студенттерге, болашақ филолог мамандарға аталмыш кезеғдегң ұлттық әдебиеттің, көркемдік-эсттетиңалық ой-сана дамуының жайынан мәлімет беріледі. Бқл кезең ұлт әдебиетінің даму тарихында «алтын ғасыр» болды. Атап айтқанда, осы тұста қазақ әдебиеті тақырыптық , идеячлық, жанрлық, көркемдік жағынан айырықша ілгерілеу процесін бастан кешірді. Әдебиеттің барлық жанрларында жаңашыл сипаттағы тың тынысты шығармалар өмірге келді. Аса талантты өаламгерлер шоғыры бой көрсетті. Бұл кезеғ әдебиетіне ұлы Абай іргетасын қалаған реалистік әдебиет дәстүрі басты негіз болды.
«ХХ ғасыр басыдағы қазақ әдебиеті» пәнін оөыту барысында студенттерге сол кезеңдегі тұтас әдеби процесс, ондағы түрлі ағымдар мен бағыттар, сол мәселелер жайында әр кезде қалыптасқан түрлі дұрыс-бұрыс тұсініктер мен пайымдаулар төңірегінде талдаулар ұсынылады.
Осы кездегі әдебиеттің даму заңдылықтарының басты сипаттарын профессор Бисенбай Кенжебаев өткен ғасырдың алпысыншы, тоқсаныншы жылдарда жарық көрген зерттеу еңбектерінде мүмкіндігінше толымды көрсетіп берді. «ХІХ ғасырдың ортасынан бастап Қазақстанда да капитализм дәурен сүрді» деп түйіндеген ғалым ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдайдың алғышарттарын мынадай деректермен байланыстырады. «1904 жылы орыс-жапон соғысы, Россиядағы 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық төңкеріс, 1914-1918 жылдардағы бірінші империалистік соғыс, қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жылғы ақпандағы буржуазиялық-демократилық төңкеріс, сол жылғы Қазан төңкерісі- осының бәрі Россиядағы империализм өркендеуінің нәтижесі еді.
Сөз жоқ, бұл экономикалық зор өзгерістер, саяси күрес, көтерілістер, сұрапыл соғыстар, төңкерілістер өз кезеңдерінде қазақ арасындағы оқу-ағарту жұмыстарына, қазақ тілінде шыққан кітап, журнал, газеттердің мазмұнына, ақын-жазушылардың көзқарастарына, қазақ әдебиетінің бағытына үлкен әсер етті. " ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің үрдісін сол тұстағы қазақ қауымының саяси-әлеуметтік ахуалынан бөліп қарау мүмкін емес. Әдеби шығармалардың көркемдік-идеялық табиғатын, жанрлық түрлену ерекшеліктеріне дейінгі ішкі құбылыстарын тек қоғамдағы қарым-қатынастар мен сол мазасыз дәуірдегі дүниетаным аясында ғана парақтауға болады. Ал бұл кезең қазақ қауымы үшін аса күрделі тарихи белес еді.
ХХ ғасыр басындағы әдеби процестің жаңалығы әдебиет пен тілдің тарихы әрі теориялық келелі мәселелеріне кеңінен қозғау салып, әдебиеттанудың одан әрі қалыптасып дамуына жол ашуы болды. Шығыс пен батыс әдебиетін жақсы білетін, қазақ әдебиетінің мұралары мен дәстүрін жете таныған білімді қалам иелері шықты. Ә. Бөкейханов, А.Байтұрсынов, С. Ғаббасов, Ә.Ғалымов, С.Дөнентаев, М.Жолдыбаев, Т.Жомартбаев, М.Кәшімов, М.Ж.Көпеев, Ғ.Қарашев, Ш.Құдайбердиев, С.Сейфуллин, М.Сералин, С.Торайғыров т.б. көптеген алаш зиялылары ел және жер мәселесімен бірге әдебиет пен мәдениет жайлы ойларында мақалалары мен хабарларында «Айқап», «Қазақ» секілді баспасөз беттерінде ортаға салып отырды. Жарық көрген кітаптардың денінде кездесетін соңғы сөз, алғы сөз, түсіндірмелер де - әдебиеттану мен сынның көрінісі. Ондай мақала, сөздер жинақтар мен кітаптарға да батыл қосыла түсті.
Достарыңызбен бөлісу: |