Қазақ фольклоры: МӘНІ, теориясы, тарихы



Pdf көрінісі
бет118/122
Дата10.06.2022
өлшемі2,12 Mb.
#146325
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122
Байланысты:
kaskabasov seiit oioris (1)

БАЛЛАДАЛЫҚ ЖЫР 
Жалпы сипаты.
ХІХ ғасырда қазақ фольклоры бір топ шығармамен 
толықты. Олар бұрынғы классикалық эпостан да, ғашықтық жырдан да, 
тарихи жырдан да өзгеше. Солай бола тұрса да, олар осы аталған 
жанрлардың әрқайсысының біраз белгілерін бойына сіңірген. Айталық,
батырлар жырынан эпикалық баяндауды, ғашықтық жырдан лирикалық 
сарынды, ал, тарихи жырдан өмірде болған адамдарды бейнелеуді алған. 
Соған қарамастан оларға ұқсамайды. Батырлық эпостан айырмасы – елді 
шапқыншылардан қорғау мен ерлік іс-әрекет жоқ, ғашықтық жырдан 
айырмашылығы – жалындаған махаббат көрінбейді, тарихи жырдан 
өзгешелігі – нақты бір тарихи оқиға бейнеленбейді. Яғни бұл шығармаларда 
эпикалық пафос бар да, эпикалық батыр жоқ, екі жастың қосылуы бар да, бір-
біріне іңкәр болған ғашықтар жоқ, тарихи адамдар бар да, тарихи факт жоқ. 
Мұндай туындылардың тағы бір ерекшелігі – ежелгі мифтік ұғымдардың, 
ертегілік қиял-ғажайыптың жоқтығы және оқиғаның кәдімгі өмірдегі 
жағдайда өрбуі. Міне, осылардың бәрі ол шығармаларды жеке жанрдың
үлгісі деп қарауға негіз болғандай. Бұл топқа «Айман-Шолпан», «Наурызбай-
Қаншайым», «Ерназар-Бекет» секілді шығармаларды жатқызуға болады. Бір 
қарағанда, олар бір-бірінен алшақ сияқты көрінеді, сол себепті «Айман-
Шолпанды», «Наурызбай-Қаншайымды» біресе ғашықтық жырға, кейде 
тарихи жырға, ал, «Ерназар-Бекетті» тарихи жырға қосып келдік. Анығында, 
олар – жаңа дәуір туғызған лиро-эпикалық жырлар. «Лиро-эпикалық» 
дегенде баяғы «лиро-эпос» ұғымында емес, балладалық сипаттағы 
шығармалар деген тұрғыда түсінеміз. Әдетте, біз «баллада» жанры жазба 
әдебиетімізде ғана бар деп ойлаймыз. Ақиқатында, олай емес. Баллада жанры 
көптеген елдің фольклорында бар және халық поэзиясының жеке жанры 
ретінде ғылыми тұрғыдан зерттеліп те жүр [1]. Әуелде баллада би өлеңі 
түрінде пайда болғанмен, ол атау бірте-бірте шағын, содан соң лиро-
эпикалық сипаттағы поэзиялық шығармаға қатысты қолданылатын болған. 
Фольклорлық баллада, негізінен, осы тұрғыда қарастырылады. Мәселен, 
орыс халық балладасы туралы ең жаңа еңбекте былай делінеді: «Әу баста 
балладалар халық эпосының бір бұтағы болған, сондықтан фольклористердің 
көпшілігі оларға халық поэзиясының эпостық түрінің эволюциялық 
дамуының нәтижесі деп қараған» [2]. Әлбетте, еуропа мен орыс 
халықтарының балладасы мен біздің балладалық жыр деп отырғанымыз 
бірдей емес. Олардың фольклорлық балладасында негізгі тақырып – адамның 
қайғылы жағдайға душар болып, өмірмен қоштасуы немесе неше түрлі 
сұмдық оқиғаларды ұйымдастыратын жауыздардың үнемі жеңіп отыруы 
болып келеді. Әсіресе, ата-ананың балаға қастығы, туыс адамдардың бір-
біріне істеген зұлымдығы, яғни отбасындағы трагедия – ең көп жырланатын 
тақырып. Осының бәрі лиро-эпикалық сарында баяндалады, сондықтан 
шетел фольклористері балладаны лиро-эпикалық жанрға жатқызады. 


287 
Біздің лиро-эпикалық жырларымыз басқа халықтардікіне типологиялық
жағынан ұқсас: үлкен елдік, яки Отанды қорғау мәселесінің жоқтығы, әңгіме 
өзегі – отбасылық болуы, сюжеттің күрт өзгеруі, оқиғаның кейде 
трагедиямен аяқталуы. Тегі, мұндай типологиялық ұқсастықтың болуы 
жалпы фольклордың даму заңдылығынан туындаса керек. Ғалымдардың 
айтуынша, фольклорлық баллада – феодалдық қоғамда пайда болатын 
көрінеді. Бұл кезде фольклор өмір талабына сәйкес өзгеріске түсіп, оның 
құрамында жаңа жанрлар қалыптасады. Сондай жанрдың бірі – халықтық 
баллада деп есептеледі. 
Қазақ қоғамы да көп уақыт феодалдық-патриархалдық болғаны белгілі. 
Оның өзіндік ерекшеліктері болғаны сияқты қазақ фольклорында да 
типологиялық заңдылықтармен бірге көптеген өзіндік қасиеті болды. Мұның 
бір көрінісі – ХІХ ғасырда пайда болған лиро-эпикалық жырлар. Оларды 
балладалық сипаттағы шығармалар деудің өзі белгілі дәрежеде шартты, 
бірақ, жоғарыда айтылғандай, өзінің бүкіл болмысы, нысанасы, объектісі 
бойынша балладаға жақын. Сөз жоқ, біз атап отырған шығармалар таза 
баллада емес, олар қазақтың өмірінен туғандықтан әрі басқа фольклор 
жанрларының әсерінен таза баллада жанрының ауқымынан шығып кетеді. 
Мұнда эпикалық сарын басым, сондай-ақ бірнеше жанрдың белгілері бас 
қосқан: айтыс, қоштасу, арнау үлгілері кездеседі, ал, мұның өзі жырға 
лирикалық сипат береді. Сонымен бірге қазақ балладалық жырларында 
ежелгі заманның салты мен ұғымдары, рулар арасындағы тартыс, көне 
сюжеттер мен мотивтер ұшырасады және трагедиялық та, бақытты да финал 
бар, тарихи адамдардың жаңа дәуірге сәйкес жаңаша әрекеттері бейнеленеді, 
кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-қимылдарында ескі ұғым-түсініктер 
өзгертілген түрде көрсетіледі. Жалпы, бұл жырларда бұрынғы мен кейінгі 
жағдаяттар шебер ұштастырылған, сөйтіп, олар жаңа жанрдың пайда 
болғанын айғақтаған деп айта аламыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   122




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет