Қазақ газеті - әлемдік соғыс қарсаңындағы еліміздің дерек көзі
К.Т. Кабатаева
қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті
кафедрасының ҚҚЭУф.ғ.к. доценті,
Мамедярова Р.М.
«№23ЖББОМ» қазақ тілі мен
әдебиеті мұғалімі
Еліміздің аласапыран алдындағы бейбіт өмірін, қалыпты тұрмыс-тіршілігін, ұлт мақсатын білдіретін зиялыларымыздың арманы мен ойларын ұлттық мүдде тұрғысынан, бүгінгі күн талабына сай зерттеу «Қазақ» газетінсіз мүмкін емес.
«Қазақ» сияқты қай жағынан қарасаң да деңгейі биік мерзімді басылым шығарып тұру, бір жағынан, төл мәдениетіміздің дауының айқын дәлелі болса, екінші жағынан, беттерінде ел өмірі әр түрлі қырынан бейнеленген ұлттық жазба дерегіміздің пайда болуы болып табылады.
Ахмет Байтұрсынұлының ұйымдастыруымен Орынборда шыға бастаған «қазақ», бірінші күннен бастап ұлт мүддесіне қатысты көптеген мәселелермен бетпе-бет кездесті.
Ғасыр басында елімізде қалыптасқан саяси-әлеуметтік,экономикалық және мәдени ахуал «Қазақ» газетінің ұстанар бағытын белгілеп, оның шығарушыларының атқарар міндеттерін айқындады.
«Қазақ» газетін дерек көз ретінде қарастыру,оның алғашқы сандарынан бастап ел алдында тұрған өзекті мәселелерді жеке-жеке атап,жан-жақты ашып көрсетуге ұмтылғандығын,олардың ұлт өміріндегі орнына, келешектегі маңызына кеңірек тоқтауға тырысқандығын көрсетеді. 1913 жылы газет бетінде жарияланған мақалалардың «жер мәселесі», «Оқу жайы», «Жер аудару», «Білім жарысы», «Қазақ һәм Дума», «Сайлау», «Шаруа жайы», «Денсаулық туралы» деп аталуы, аталған мақалалардағы көтерген мәселелердің шешілу жолдарын халыққа ұсынуы осының дәлелі.
Осылай, шыға бастаған бірінші, яғни 1913 жылдың өзінде-ақ, газет ұлт өмірінің барлық жағын қамти білген.Ү.Субханбердина өзінің «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа» деп аталатын мазмұндалған библиографиялық көрсеткішінде газеттің жарияланған мақалалары мен хат-хабарларын тақырыптарына және мазмұнына қарай: «Россиядағы империализм дәуіріндегі Қазақстан», «Самодержавиенің аграрлық саясаты және қоныс аудару қозғалысы», «Қазақ елінің әкімшілік және сот құрылысы», «Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы» (ауыл шаруашылығы,өнеркәсіп,сауда), «Қазақстанның 20 ғасырдың бас кезіндегі мәдениеті мен әдебиеті» т.б. деп,барлығы 20 топқа бөліп көрсеткен.(1)
Газеттің алғашқы жылындағы материалдарымен танысу оны шығарушылардың әуел бастан-ақ дұрыс метологиялық бағыт-бағдар ұстап, бірінші күннен бастап-ақ жалпыадамзаттық құндылықтарды басшылыққа алып,бар күш-қуаттарын,ерік-жігерлерін сол құндылықтарды өз ұлтына,қазағына жеткізу мақсатында жұмсағандығын көрсетеді.
Өздерінің ұстаған мұндай бағытын, газеттің жетекші авторларының Әлихан Бөкейхан: «Қазақ» газетасы біреу-ақ, саясат ісі не керек, тіршілікке пайдалы, үлгілі сөз жазу керек емес пе дейтін оқушылар бар. Бұл шала-жансар рас па. Газета алдыңғы көсем жүрген оқушылар үшін шықпақшы,бұлар саясат ісінен хабарлы болмақшы,бұлай болған соң, Еуропа саясат ісіне тесік болмаса, біздің үйдегі іске жұрт сараңдық қылмақшы»-деп түсіндірді.(4)
«Қазақ» газетінің әр нөмірі сайын жарияланып тұрған «Ішкі хабарларда» да көбінде оқу-ағарту ісі туралы айталған. Олар да маңызды дерек көзі болып табылады. Ақмола, Петропавл, Қостанай, Қарқаралы, Баянауыл, Қатонқарағай, Шымкент, Қапалда оқу-ағарту ісі, мектеп-медресе салу жұмыстары туралы мағлұматтар сол хабарларда басылған. Осындай хабарларлың бірінде: «Қапал уезінде Тұрысбеков-Мамановтердің мектебінде осы күні 130-дан артық қазақ баласы оқиды екен. Оқытушы бесеу... Маманов, Тұрысбековтер келісіп өз аулында қыздар оқитын мектеп салмақшы болыпты. Ақсу деген жерде тағы да бір мектеп салдыруға ойлары бар дейді. Бұлардың мұнысы басқа қазақтарға үлгі аларлық іс»-деп жазған.(5)
Газеттің ағартушылық бағыттағы қызметінің бастау алар тұсы-алғашқы қазақ газеттерінің шыққан кезі болса, оның бар бояумен жарқырай көрінген шағы- «Қазақ» газеттің уақытымен тұстас келеді.Өйткені, «...Газет-халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте білімі молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетікпекші». [6;10]
«Қазақ» газетінің осы салада айрықша көрінуі оның бас шығарушысы А. Байтұрсынұлы есімімен байланысты. Бүгінгі күні А. Байтұрсынұлы қалдырған мұралар жан-жақты сараланып,бағасын алып жатқан кезде Ахаң ағартушылығы жеке зерттеудің үлесіне тиесілі екені даусыз. Торғайда мектепте сабақ беріп жүріп, қазақ балаларын оқыту үшін не керек,не жетіспейді,қалай оқыту тиімді деген қаптаған сауалдардың біраз жауабын газет арқылы шешуді мақсат тұтуы тар жол,тайғақ кешулерден өте отырып, «халықтың құлағы, көзі һәм үні» болған «Қазақ» газетін ашуға ұласады. Ауылда ондаған баланың сауатын ашқаннан «Қазақ» арқылы мыңдаған өнер-білімге сусағандардың көкірек көзін ашу қиын да болса жемісті көрінеді. 1914 жылы «Елу-алпыс балаға арнап берген сабақтан алты миллион қазақты алаламай істеп отырған ісімді артығырақ көремін», деуі, соның айғағы.
Ал енді «Қазақ» газетіндегі оқу-ағарту, білім, ғылымға қатысты орыс тілінен енген атауларға келсек, олардың табиғаты мүлде өзгеше екенін көрсеміз. Бұлардың қазақ тіліне ауысқанына салыстырмалы түрде алып қарағанда аз-ақ уақыт болған. Сондықтан да бұл неологизмдердің басым көпшілігі халыққа түсініксіз болғандықтан, газет шығарушылары көп жағдайда оларға анықтама беріп, түсіндіріп отырады. Мысалы: Қазақ ішіне әр жерде бала оқытатын адамдардан бала оқытуға программа (жосық) көрсетілсе екен деген өкініштер келеді;( «Қ»., 1913, NI); Керексіз нәрселерді үйреніп, балалардың өмірін босқа өткізбес үшін,үйретерге тиісті білімді кем үйретпес үшін бастауыш мектепте үйрететін нәрселердің кесімі-пішімі болуға тиіс. Сол пішім программа деп аталады.[4,252]
«Қазақ» газетінде актив қолданылған оқу-ағартуға қатысты атаулардың шолып өткенімізде,көзге түскен тағы бір ерекшелік-қазіргі тілімізде қолданыс тауып жүрген көптеген тіркестердің оның бетінде алғаш пайдаланып, орныққандығы.Оларға:халық ағарту, бастауыш мектеп, ұлт мектебі, ұлт әдебиеті, жаңа жолдың оқуы, оқу кітабы, оқыту ғылымы т.с.с. сөз тіркестері жатады.Мысалы: Европа мактаптарында оқып шыққандар «ұлт адабиат мактабтарын» ашды.; Қазақша оқу кітабтары жаңа қана көрініб келеді,тәртіпбен оқытарлық мұғалімдер аз,оқу программасы жоқ, салған маутабтар жоқ,мұғалумдерге ғылымын үйрететін даримұғалимун жоқ; Жас буынды келер заманға дайарламақ үшін ұлт мактабы негізін құру, елжіреген жас жүрекке биік идеал жарығын салу үшін ұлт адабиатын гүлдендіруге ісіне уақыты келер, біз де талпынармыз; Қарқаралы қазақ ортасында салынған 22 болыс ел қарайтын бір қала болса да, мұнда тәртіпті мактаб ашып, тәжірибелі мұғалім алдырып бала оқыту жоқ еді.
Революция қарсаңында «Мамания» мектебінде (мектепті Маман балалары ашқандықтан осылай аталынған). 200-ге жуық қазақтың ұл мен қыздары оқыған. Онда кедей көпшіктердің,балаларына оқуға мүмкіндік беретін жатақхана да болған.(4)
Ал, «Мамания» мектебінің кейінгі тағдырына келсек, онда мектеп тағдырының жалпы қазақ халқының тағдырымен, өзін салдырған Мамановтардың «көк үйімен» бірге өртенген. Маман балалары ірі бай-шонжарлар ретінде тәркіленіп, жер аударылса, мектеп 1937 жылы Ақсу қыстағына көшіріліп, оған Ыбырай Алтынсарин аты берілген. Ашылғанына 100 жыл толуы қарсаңында ғана мектепке «Мамания» аты қайтарылды.(5)
“Қазақ” газетінің бетінде 1913 жылы жарияланган мақалаларды талдау барысында көзге айқын түсетін белгілердің бірі- мақалалардың басым көпшілігін газеттің негізгі үш авторының жазғандығы, біздің есептеуімізше,У.Субханбердинаның аталған мазмұндалған библиографиялық көрсеткішіне енген, 1913 жылы газетте жарияланған, 215 мақалының 44-ін Әлихан Бөкейхан, 32-ін Міржақып Дулатұлы, 23-ін Ахмет Байтұрсынұлы жазған. Оларға нөмір сайын жарияланып тұрған бас мақалаларды және “Орынбор, 10 февраль” сияқты, авторы көрсетілгенімен басқарма атынан жазылғандығы анық, мақалдарды қоссақ, онда әлем халықтары тарихындағы соңғы бейбіт жылы Қазақ газетінің бетінде басылған мақалалардың жартысынан көбін аталған авторлардың жазғанын көреміз.
Газеттің негізгі авторының мақалаларының газеттің алдына қойған негізгі мақсатына сай пайда болғандығы.Газеттің мақсаты оның үшінші нөмерінде былай деп көрсетілді: «Бұл газеттің мақсаты-жұрт пайдасына көз болу, қазақ арасына өнер, ғылым таратуына басшылық ету, басқа жұрттың хәлінен хабар беріп, таныстыру. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін зәкүштерді,хәкімдердің бұйрық – жарлықтарын білдіріптұру, Государственная Дума һәм Государственный Совет жұмыстары турасында жете хабар беріп тұру,ішкі һәм сыртқы хабарды жазып тұру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу,күнелту,сауда,жер,су-кәсіп,егінтараи,мал шаруасы жайынан кеңесу, оқу, оқыту, мектеп, медресе, школа, ғылым, өнер, тіл- әдебиет турасында жөн көрсету адам һәм мал дәрігерлігі жайын жазу» (6).
Зерттеуші Ә.Әбдіманов: «Қазақтағы» көптеген бас мақаларды Ахмет Байтұрынов жазған және бас жазушы ретінде қандай бір мәселе болмасын өзіндік пікірін,өзіндік пікірін, өзіндік көзқарасын білдіріп,газеттің бағдар- бағытын айқындап отырған. Оның кейінірек «батысшылдық» тобының идеологы атануы себепші болған көбіне- көп осы «Қазақтағы» мақалалары арқылы танылуы болса керек–ті» дейді (7).
Алғашқы қазақ газеттерінде кітаби, діни лексикаға тән сөздер, оқымаған халықтың түсінуіне қиын сөздер қолданылды. Баспасөз беттеріне бұған қарсы пікірлер айтылып, күрес жүргізілген. Бұл, біздіңше, табиғи құбылыс. Жаңа нәрсе қарама-қайшылықтың күресімен қалыптасады. Халыққа қызмет ететін газета халық тіліне жақын болуы тиіс. Бұл бағыт «Дала уалаятында» анық көріне бастаған. «Дала уалаятының газеті» қазақ тіліне араб-парсы сөздерін көбірек кіргізуге ынталы болған жоқ,-дейді Б.Әбілқасымов. – Дегенмен газет сол кезде халық ұғымына әбден сіңіп, оның қажетіне асып жүрген араб-парсы сөздерін батыл қолданды[5;76-77].
Яғни, алғашқы қазақ баспасөзінде газет лексикалық қалыптасу үстінде болды. Стильдік сараланудың екінші деңгейі грамматикалық ұйымдасуындағы ерекшеліктерімен байланысты. Публицистика стиліне, оның қызметіне қарай айтылатын хабардың тез қабылдануы, түсінікті болуы щарт. Демек, сөйлемдер құрылысы жазылған ықшам ауызекі сөулеу тіліне жақын болып келеді. Тез қабылдау талабы стандартты құрылымдар түрін, метафораланған фразеологиялық сипаттағы құрылымдар рекшеліктер тән: модаль сөзді нұсқау мәнді құрылымдардың қабылдануы жиі кездеседі.
Алғашқы баспасөз тіліне төмендегідей грамматикалық ерекшеліктерге тән: модаль сөзді нұсқау мәнді құрылымдардың қолданылуы жиі кездеседі (-са керкек, калай болар екен, мүмкін,-ын көсемшелі тіркестер, -мыш,-міш, формасының қолданылуы –арға, еді аналитикалық форманттардың қолданылуы, қимылатауы ретінде -атсын формалы есімшенің қолданылуы; келер шақта –ар формасымен қатар –ұр, -үр тұлғасының қолданылуы); Сөйлем мүшелері орындарының мақсатсыз инверсиялануы, сөйлемдердің орыс тілінен аударма түрінде беріліп, ұлттық тілдің грамматикалық құрылысының сақталмауы; Құрылымы күрделі, мағыналық байланысқа негізделген құрмалас сөйлемдердің жиі қолданылуы тән. Бұл мәліметтер Б. Әбілқасымовтың ғылыми зерттеулері негізінде жасалды.[5;7] «Қазақ» газеті жарыққа шығысымен империя астанасында оқып жүрген бір топ қазақ жастары (араларында Мұстафа Шоқай баласы бар) «Құрметті бас жазушыға!» хатжолдап, онда қазақша газет шығуына байланысты өз қуаныштарын айта келе: «Қазаққа қаламмен жәрдем беретін мұсылманша оқыған құрбыларымыз бір нәрсе жазғанда басқа сөздерін, орысша оқығандарымыз орыс яки басқа Европа жұртының тілдерін орынсыз көп кірістірмей, өзіміздің қазақтың нағыз қара тілімен жазып тұрса» -деп, тілек білдірген.(8) «Қазақ» газетінің материалдары қазақ жастарының мұндай талабының орындалғанын көрсетеді.
«Қазақ» газетінің әсерлі анық сөздері» туралы Мұхтар Әуезов: «Сол уақыттарда» «Қазақ» газетінің бетінен анда- санда оқып отырған әсерлі анық сөздер қауіптің пішінін айқын қылып көрсетіп, мектептегі жас балалардың сезімін түзу жолға беттеткендей болушы еді. Жас буынның жаңа туып келе жатқан әлсіз ойын «жол мұндалып, жетегіне алып бара жатқандай байқалушы еді» - дейді.
Демек, Абай туындылары мен «Қазақ» газетінің басты ортақ қасиеттері екеуінің де қазақ өмірі туралы ақиқатты анық айта білгендері, олардың ел тарихының дерегі ретіндегі маңыздылығы, шынайылық дәрежелерінің жоғарылығы және өзара үндестігі.
Кезінде Абайды ойландырған, ақын жанын күйзелткен мәселелердің көбі «Қазақ» газетінің де өзекті мәселелеріне арналды.
Cайлау төңірегіндегі дау мен жанжал қазақ даласында Абайдан соң да тоқтау тапқан жоқ. Сондықтан өз кезегінде «Қазақ» газеті де оған қарсы күресуге мәжбүр болды. Оның бетінде сайлауға арналған бірнеше мақалалар жарияланды. Соның бірінде Әлихан Бөкейхан « Үш жылда бір сайлау сайын жұрт өрт щыққандай,жау шапқандай жанталасып әбігер болады. Әке баладан, аға ініден, туыс-туғандарынан айырылып, бірі атқа, бірі асқа сатылып сандалады. Өсітіп жұрт бүлініп ізденгені несі? Болыстық, билік, ауылнайлық, елубасылық» деп(10), сайлаудың қазақ халқына әкелер бар «пайдасын» айтады.
Егер, Абай мен Ә. Бөкейхан сайлауға байланысты қазақтар арасында қалыптасқан жалпы қоғамдық құбылыс туралы айтса, мұрағат құжаттары бізге жеңіл жолмен мал табамын деп жүріп қылмысқа барған көптеген болыс,би,ауылнайлардың нақты есімдерін жеткізіп отыр. Мысалы, Верный уезінің Көлді болысы Жабықпаев 1915 жылы Желдібаевтан 61 сом 70 тиын табыс салығын алып,оны алғаны туралы ресми қазақ бермей өзі пайдаланып кеткені үшін қылмысқа тартылған. Бұл бір уездегі жасалынған қылмыстың түрі. Мұндай мысалды қай уезден болса да келтіруге болады.
«Қазақ газетінде әр жылдарда жарық көрген «Қазақша оқу жайынан»,Оқу жылы,жазу мәселесі», Білім жарысы хақында ,Орысша оқушылар», Кітапхана «Мұғалім һәм мұғалималар хақында закон» , «Бастауыш мектеп»,т.с.с. мақалалардан оқу-ағарту, білім саласына қатсыты атауларды топтап кездестіруге болады.
«Қазақтағы» оқу–білім, халық ағарту саласына қатысты атаулардың басты ерекшілігі –тілімізге ертеден еніп, әбден қалптасып кеткен арабизмдерден қатар орысша сөздердің де жарыса қолдануы. Бұлай болуы заңды да. Өйткені сол кезде қазақ даласында оқудың, оқытудың екі түрі бар еді.
Бірі - дін, есікше, қазақша оқу, яғни мектеп, медресе де, екіншісі –жаңа, орысша оқу, яғни школа, гимназия жүйесі еді. Осы екі саланың бір ізге түсіп қалған терминдеріне қоса газет тұтқасын ұстаған А.Байтұрсынұлы сынды ағартушылар қазақтың тіл сөздерін көптеп енгізіп отырған.
Сонымен қатар газетті шығарушылар Абайдан тек рухани нәр алып койған жоқ, сонымен катар, олар газетте Абай шығарушылығына арналған мақалалар жариялау арқылы абайтану ғылымының қалыптасуына да өз үлестерін қосты. Газет редакторларының:» Абайды қолымыздан келгенше жұртқа таныту үшін мұнан былай кейбір өнегелі, өрнекті сөздерін газетаға басып, көпке көрсетпекшіміз» (12) - деген сөздерін орындап «Қазақты» екінші Абай мектебіне айналдырды. Газет арқылы Алаш зиялылары Абай ісін әрі жалғастырды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Субхандердина Ү. «Қазақ», «Алаш», «Сарыарқа». Б.200
2. Ә. Бөкейханов. Тағы соғыс//Қазақ, Жинақ.
3. Қазақ, алматы, Қазақ энциклопедиясы баспасы,1998
4.А.Байтұрсынов. Ақ жол. Алматы, 1994
5.Ішкі хабарлар//Қазақ 1913.№10
6. Мамания: Тарихи деректер, естеліктер, өлеңдер, құжаттар, пікірлер (құраст.: Ж.Қалиұлы). Алматы: Атамұра, 1999, 272б.
Достарыңызбен бөлісу: |