Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін-ұлт тағдыры, ұлттың болашағы деп білген



Дата07.02.2022
өлшемі11,51 Kb.
#88550
Байланысты:
пед


Қазіргі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту оқу-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе, ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халық педагогикасының маңызы өте зор.
Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының соның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың пікірлерін зерттеу-педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтуге зор үлес қосты.
Ахмет Байұрсыновтың ғылыми әдістемелік еңбектерінің жазылуы, оның қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалауымен байланысты. Ахмет ана тілін ұлттық тәрбие құралына айналдыруда әдістемелік көмек беру керектігін айтады. Әсіресе ағартушы Ахмет Байтұрсынов «Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларға үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табиғатын біліп, көңіл сарайын танитын адам болуы керек»дейді.
Тағы бір сөзінде «Адам мінезінің, ақыл қайратының әртүрлі болуынан адам баласының ұрлық істеу, өтірік айту, кісі тонау, өлтіру сықылды бұзақылықтарды жасауы-тәрбиенің жетіспегенінен» дейді.
Қазақ халқы қай уақытта болмасын ұрпақ тәрбиесін-ұлт тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.
Сондықтан да ағартушы, ғылым, аудармашы Ахмет Байтұрсыновтың ұлттық педагогиканы дамытуда үлесі өте зор болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет