1924ж.17көкек-Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің "ҚЫРҒЫЗ АССР-нің көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы шаруашылыққа көшуші халқын жерге орналастыру туралы ережені" бекітуі.
1925ж.15-19 сәуір-Қазақ АКСР Кеңестерінің бесінші съезі. Қазақ халқының тарихи дұрыс атын қалпына келтіру туралы қаулы.
1926ж. 20мамыр- Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесінің егіндік және шабындық жерлерді қайта бөлу туралы қаулысы.
1928ж. 27тамыз- Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің жартылай феодал-ірі байлардың мал-мүлкін тәркілеп, оларды жер аудару туралы декреті.
1928ж.20 желтоқсан-Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің латын алфавитіне көшу туралы қаулысы.
1930ж. 27тамыз- Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кеңесінің "Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді енгізу туралы қаулысы.
1932ж.ақпан-Қазақстанда алты облыстың: Алматы. Ақтөбе,Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарының құрылуы.
1932 ж. 8 наурыз-КСРО Ғылым Академиясы Қазақстан базасының құрылуы.
1932ж. қаңтар-Шымкент қорғасын заводының бірінші кезегінің іске қосылуы.
1934ж.12-20 маусым-Қазақстан жазушыларының бірінші съезі.
1936ж. мамыр Қазақ өнерінің Мәскеудегі бірінші онкүндігі.
1937 ж. 21-26 наурыз-Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі. Қазақ КСР Конституциясының қабылдануы.
1938ж. 24 маусым-Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің бірінші сайлауы.
1938 ж. 24 қараша-Балқаш мыс қорыту заводының бірінші кезегі іске қосылды.
1938ж.желтоқсан-КСРО Ғылым Академиясының Қазақстандық базасы КСРО Ғылым Академиясының қазақ филиалы болып қайта құрылды.
1939ж. 24желтоқсан- Қазақ КСР-нің 1937жылғы Конституциясының негізінде Кдзақ КСР еңбекшілері депутаттары жергілікті Кеңестерінің алғашқы сайлауы.
1940ж.10қараша -Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қазақ тілін орыс графикасына негізделген жаңа әліп-биге көшіру туралы заң қабылдауы.
1941ж. 16қараша- 28гвардияшы-панфиловшылардың Москва түбіндегі Дубосеково разъезінің жанындағы қаһармандық ерлігі.
1943ж.20 қаңтар-Ақтөбе ферросплав заводының бірінші кезегі іске косылды.
1944ж.25 сәуір-Қаратау кен-химия комбинаты халықтық құрылысының бірінші кезегі салынып бітті.
1944ж.31желтоқсан-Қазақ металлургиялық қайта өңдеу заводының бірінші мартен пеші қатарға қосылды.
1945ж. 26 қазан-КСРО Халық Комиссарлары Кеңесінің Қазақ КСР Ғылым Академиясын ұйымдастыру туралы қаулысы.
1946ж. 24 шілде- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазак КСР халык шаруашылығын дамытудың 1946-1950 жылдарға арналған бесжылдык жоспары туралы заң қабылдауы.
1947ж. 16 ақпан-Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы.
1947ж.25 кыркүйек-Өскемен мырыш заводы қатарға қосылды.
1948ж.11 қаңтар-Қазақ КСР еңбекшілер депутаттары жергілікті Кеңестерінің сайлауы.
1949ж.10-19 мамыр-Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеудегі он күндігі.
1950ж.3 желтоқсан-Текелі корғасын-мырыш комбинаты іске косылды.
1953ж. 27қазан- Мойынты-Шу темір жолы тұрақты пайдалануға берілді.
1953ж. 20желтоқсан-Ақмола-Павлодар темір жолы тұрақты пайлалануға берілді.
1954ж. 28 ақпан-Қостанайға тың игерушілердің алғашқы тобынын келуі.
1956ж.10қазан Қазақстанның колхоздары мен совхоздары мемлекетке мерізімінен бұрын 1 млрд. 340 мың пұт астық тапсырды.
1956ж. 20қазан КСРО Жорарғы Кеңесі Президумының тың және тыңайған жерлерді игерудегі жетістіктері үшін Қазақ КСР-ін Ленин орденімен наградтау туралы Жарлығы. "Тың жерлерді игергені үшін"медалі белгіленді.
1957ж. 4қазан-Байқоңыр космодромынан жердің дүниежүзіндегі тұңғыш жасанды серігінің ұшырылуы.
1960ж. 4қаңтар Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатының бірінш кезегі іске қосылды.
1960ж.2 шілде Қарағанды металлургия заводының бірінші домнасы іске қосылды.
1960 ж. 1 желтоқсан Қарағанды металлургия заводында кокс батареясы іске қосылып, Қазақстанның тұңғыш коксі алынды.
1962ж. 3 қаңтар Соколов-Сарыбай кен-байыту комбинатындағы Сарыбай руднигінің екінші кезегі іске қосылды.
1963 ж. 26-27 ақпан-жас шопандардың республикалық 1 слеті.
1964ж. 29 маусым-Мақат-Ақтау темір жолының құрылысы аяқталды.
1965ж. шілде-Өзен мүнай-газ кен орнының бірінші кезектегі объектілерін салу аяқталып, Маңғыстаудың алғашқы мұнайы алынды.
1965 ж. қазан-Жетіқара асбест комбинатының бірінші кезегі қатарға қосылды.
1966 ж. қазан- Республика мемлекетке 1 млрд. 37 млн пұт астық тапсырды.
1967ж.шілде-Қазақ КСР мәдениеті мен өнерінің Мәскеудегі күндері.
1968 ж. 1 ақпан-Есіл су құбыры /1748 км/ іске қосылды.
1969ж. 17 қараша- Қазақстан колхозшыларының III съезі.
1970ж. 28тамыз Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Қазақ КСР-і мен Қазақстан Компартиясының құрылғанына 50 жыл толуына арналған бірлескен салтанатты мәжілісі.
1971ж. 27қазан-Алматыда В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы Ғылымдары Академиясының Шығыс бөлімшесі құрылды.
1972ж. 28 желтоқсан-"Медеу" бірегей спорт комплексі пайдалануға берілді.
1973ж. 4-9-қыркүйек Алматыда Азия мен Африка елдері жазушыларының бесінші конференциясы болды.
1974ж.15 наурыз-Алматыда тың және тыңайған жерлерді игерудіц 20 жылдығына арналып, ауыл шаруа шылығының озаттары- қатысқан партия, совет органдарының салтанатты жиналысы өтті.
1975ж.5наурыз-Павлодар трактор заводының конвейерінен 100 мыңыншы "Қазақстан" тракторы шықты.
1975ж. 28кыркүйек-Ермак ГЭС-і толық жобалық қуатында іске косылды.
1977ж.-Қазақстанда жоғары оқу орындарының саны 50-ге, арнаулы оқу орындарының саны 220-га жетті.
1978ж. Қазақ тілінде 12 томдык Қазақ совет энциклопедиясын шығару аяқталды.
1980ж.мамыр-Екібастүз отын-энергетика комплексінде қуаты жылына 50 млн. тонна көмір беретін "Богатырь" разрезі іске қосылды.
1981ж.15 шілде-Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі халық депутаттары Кеңестерінің шаруашылық құрылыстағы рөлін арттыру туралы қаулысы жарияланды.
1982ж.30 қараша-Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің пленумы Қазақ КСР-нің 1990 жылға дейінгі кезеңге арналған Азық-түлік бағдарламасын мақұлдады.
1986ж. 17 желтоқсан Г.В.Колбиннің Қазақстан Коммунистік Партиясы Орталық Комитеті бірінші хатшысы болып сайлануымен байланысты республика жастарының наразылығы.
1987-88жж.- Г.В.Колбиннің бастауымен Қазақстан партия ұйымдарын тазалау және жергілікті ұлт кадрларын қуғындау болды.
1989ж.- "Қазақ КСР-дегі тіл туралы Заң" қаабылданып, 2000-ға дейін республикада қазақ тілін және басқа да тілдерді оқыту жөніндегі арнайы бағдарлама бекітілді.
1989жыл маусым Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы болып Н.Ә.Назарбаев сайланды.
1990жыл наурыз- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне сайлау жаңа демократиялық сайлау тәртіптері негізінде өткізілді.
1990жыл 24сәуір- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Н.Ә.Назарбаевті республиканың алғашқы Президенті етіп сайлады.
1990 жыл-Қазақстанда "Азат", "Алаш", "Желтоқсан" және т.б. саяси қозғалыстар мен партиялар құрылды.
1990 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы кұрылды.
1991 жыл маусым- Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төртінші сессиясында мемлекеттік меншікті жекешелендіру жөнінде арнайы заң қабылданды.
1991 жыл қыркүйек Қазақстан Компартиясының төтенше съезінде бұл партияның қызметі тоқтатылды деп жарияланды.
1991 жыл-Қазақстан жерінде Семей полигонындары ядролық жарылыс тоқтатылды.
1991 жыл-Қазақстан Социалистік, Халық конгресі партиялары кұрылды.
1991 жыл 16 желтоқсан Қазақстан республикасы егеменді, өз алдына тәуелсіз мемлекет деп жарияланды.
1991 жыл 21желтоқсан Алматы қаласында 11 республиканың /Әзербайжан, Армения, Белорус, Қазақстан, Қырғызстан, Молдава, Ресей, Украина, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан/ өкілдері қатысқан кездесу болды. Онда тең құкықтық жағдайдағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылғандығы жөнінде шартқа қол қойылды.
1992 жыл қаңтар Қазақстан өз жерінде таза алтын кесектерін құйып шығарды.
1992 жыл 6 қаңтар Қазақстанның қаржы, сауда, тауар және материалдық мүдделерін қорғау мақсатында Президенттің Жарлығымен республикада бағаны ыркына жіберу іске асырыла бастады.
1992 жыл наурыз-Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің өкімімен вице-президент, Премьер-министр және оның орынбасарлары, мемлекеттік кеңесшілер мен Президенттік аппарат және Министрлер кабинеті аппараты басшы құрамын бекітті.
1992 жыл наурыз Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.
1992 жыл 4 маусым-Парламент отырысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері-туы, елтаңбасы және әнұраны қабылданды.
1992 жыл тамыз-Бүкіл дүние жүзіндегі қазактардың саны 10 млн. 500 мың адамға жетті.
1992 жыл қазан-Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы Алматыда болып өтті.
1993 жыл 28 қаңтар-Егемен Қазакстанның тарихында оның тұңғыш Конституциясы қабылданды.
1993 жыл ақпан-Саяси ұйым "Қазақстанның халық бірлігі" одағы құрылды.
1993 жыл 5 сәуір Елбасы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанында Тіл комитетін құру туралы Жарлығына қол қойды.
1993 жыл 27-29 мамыр-киелі Ордабасы жерінде Төле биді, Қазыбек биді және Әйтеке биді еске алу жиыны болды.
1993 жыл 2-4 шілде Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы Ордабұлақтағы Ұлы жеңістің 350 жылдығы атап өтілді.
1993 жыл 12 қараша "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты.
1993 жыл 13 желтоқсан Қазақтан Республикасының Жоғары Кеңесі өз өкілеттілігін мерізімінен бұрын тоқтатты.
1994 жыл 11 қаңтар Нүкісте Арал жөніндегі конферецияда Орта Азия мемлекеттерінің басшылары бас қосты.
1994 жыл 14 ақпан Ақ үйде АҚШ прзиденті Билл Клинтон мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев демократиялық серіктестік туралы хартияға қол қойды.
1994 жыл 28 наурыз Қазақстан республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.
1994 жыл 19-сәуір жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі өз жұмысын бастады.
1994 жыл 30 маусым-қазақ халқының екінші қыраны ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
1994 жыл 6-шілде Қазақстан Республикасы Жорарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы келісілді.
1994 жыл 18 қазан Ыстамбулда Орталық Азияның, Кавказдың түрік тілдес мемлекеттері мен Түркия басшыларының екінші кездесуі ашылды.
1995 жыл 23 қаңтар - Брюссельде Қазақстан мен Еуропа елдері арасындағы серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
1995 жыл 9 акпан- екінші рет ТМД мемлекеттерінің басшыларының ) жоғары дәрежелі кездесуі болды.
1995 жыл 27ақпан- елімізде Қазақстан Республикасының төлқұжатын азаматтарға беру басталды.
1995 жыл 1 наурыз- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халықтарының ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты.
1995 жыл 29 сәуір - Республикалық референдумда 1991 жылғы 1желтоқсанда бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.
1995 жыл 9 тамыз - Алматыда Абай Қүнанбаевтың 150 жылдығына арналған ЮНЕСКО көлеміндегі салтанатты мәжіліс ашылды. Мерейтой ақынның туған жерінде жалғасты.
1995 жыл 28 тамыз- түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Бішкек -қаласында үшінші кездесуі өтті.
1995 жыл 30 тамыз- Қазақстан жаңа Конституциясы қабылданды.
1995 жыл 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының астанасы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы шықты.
1995 жыл 5 желтоқсан- Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттар сайланды.
1995 жыл 9 желтоқсан- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттар сайланды.
1995 жыл 12 желтоқсан- "Қазақстан Республикасы мемлекеттік наградалары туралы" Елбасы Заң күші бар Жарлыққа қол қойды.
1996 жыл 27 сәуір - Ресей Федерациясының президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Алматыда кездесіп, екі ел арасындағы егемендікті, тәуелсіздікті құрметтеу, аумақтық тұтастықпен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау принциптерін сақтау жөніндегі Қазақстан-Ресей бірлескен Декларациясына қол қойды.
1996 жыл 26 сәуір- Шанхайда бес жақты-Ресей, Кытай, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан басшылары бейтарап аймақтық қашықтықты 100 шақырымға дейін жеткізу келісіміне қол қойды.
1996 жыл 31 қыркүйек- Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше 129 елдің қатарында бүкіл жер бетінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа кол койды.
1996 жылы-шетел инвестицияларын тарту мақсатында шетел мен Қазақстан бірлескен кәсіпорындарының саны 746-ға жеткен.
1996 жылы-Азия даму банкісі тарапынан Қазақстанға 100 миллион АҚШ доллары мөлшерінде несие бөлінді.
1996 жылы-Қазақстанда нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 22 жекеменшік киностудиясы мен 14 жекеменшік галлерея жұмыс істеді.
1996 жылы-қазақ халқының патша өкіметіне қарсы көтерілісінің 80 жылдығы атап өтілді.
1996 жылы-дарынды ақын, дана тәлімгер, халықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың-150 жылдық мерейтойы өткізілді.
1996 жылы-Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығы атап өтілді.
1997 жылы-Н.Ә.Назарбаевтың "Ғасырлар тоғысы" атты кітабы жарыққа шықты.
1997 жыл-Республика Президенті Жарлығымен жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.
1997 жылдың басы Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданған.
1997 жыл 28 ақпан Қазақстан Республикасының "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" Заңы қабылданды.
1997 жыл 6 маусым Ақмола қаласында Қазақстан халықтары Ассамблеясының Төртінші сессиясы өтті.
1997 жыл 29 маусым Түркістан қаласының іргесі қалағанына 1500 жыл толды.
1997 жыл 4 шілде - Қазақ жырауы, жыраулық поэзияның көрнекті өкілі Үмбетей Тілеуұлының туғанына 300 жыл /1697-1786 жж/ толды.
1997 жыл 15 қыркүйек пен 21 қыркүйек арасы Қазақстанның Шымкент аймағында содан соң Өзбекстанның Шыршық жерінде НАТО-әскери бөлімдерінін қатысуымен әскери жаттығу өткізілді.
1997 жыл 18-19 қыркүйек- Ұлыбритания астанасы Лондонда Қазақстанның нвестициялык мүмкіндіктері" атты халықаралық конференция өтті.
1997 жыл 25 қыркүйек - Алматыда өткен Қазақстан мен Қытай Халық Республикасы делегациялары арасындағы келіссөзде Батыс Қазақстан және Батыс Қытайды жалғастыратын мұнай құбырын жүргізу жөніндегі шартқа қол қойылды.
1997 жыл 28 қыркүйек- қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 100 жыл толды. Мерейтой ЮНЕСКО ауқымында атап өтілді.
1997 жыл 10 қазан- Президенттің Жарлығымен мемлекеттің астанасы болып Ақмола жарияланды.
1997 жыл 11 қазан- Президент Н.Ә.Назарбаев республика халқына "Қазақстан-2030" деген атпен Жолдау қабылдады.
1997 жыл 18 қараша- Вашингтонда Бірлескен комиссияның тең Төрағалары Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен АҚШ вице-президенті А.Гор "Қазақстан Республикасы мен АҚШ-тың экономикалык әріптестік жөніндегі іс-қимыл бағдарламасына қол қойды.
1997 жыл 23 желтоқсан - Ақмола қаласында Қазақстан Республикасы ауылшаруашылық қызметкерлерінің кеңесі болып өтті. Оның жұмысына Елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі.
1997 жыл 25 желтоксан-Ақмолада Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы кеңесінің бас қосуы болып өтті.
1998 жыл 22 қаңтар - Мәскеуде Мемлекетаралык Кеңеске мүше-Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь Республикалары мен Ресей Федерациясының басшылары кездесті.
1998 жыл 29 қаңтар -Т.Мұсабаевтың басқаруындағы халықаралық экипаж ғарышка аттанды.
1998 жыл 11 мамыр -Алматыда экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің мемлекет және үкімет басшылары бас қосты.
1998 жыл 10 маусым -Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы XXI ғасырға бағдарланған Мәңгілік достық пен одактық туралы Декларацияға қол қойылды.
1998 жыл 26 қараша -Алматыда Қазақстан кәсіпкерлерінің Жетінші форумы өткізілді.
1998 жыл 27 караша -Құрманғазының 175 жылдық мерейтойы Алматыда аталып өтілді.
1999 жыл 10 қаңтар-Н.Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.
1999 жыл 21 қаңтар-Астанада Қазақстан халықтары Ассамблеясының бесінші сессиясы болып өтті.
1999жыл 19ақпан -Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың, Қырғызстан Республикасының Президенті А.Ақаевтың
және Өзбекстан Республикасының Президенті И.Каримовтың үш ел арасындағы 1997 жылдың 10 қаңтарында қол қойылған Мәнгілік достық туралы Шарттың екі жылдығына арналған кездесуі болды.
1999 жыл 1 наурыз -Мәскеуде бестік Одақ елдері /Ресей, Беларусь,Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан/ жетекшілерінің бас қосуы өтті.
1999 жыл 24 сәуір -Президент Н.Назарбасв Вашипгтонда жетекші мемлекеттердің басшыларымен кездесті.
1999 жыл 7 мамыр - Р.Қошқарбаевқа Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен "Халык қаһарманы" атағы берілді.
1999 жыл 28 мамыр -Алматыда қазақстандық қаржыгерлердің бірінші конгресі өтті.
1999 жыл 24-25 тамыз-Бішкек қаласында "Шанхай бестігі" саммитіне қатысушы мемлекеттер басшыларының кездесуі өтті.
1999 жыл 3 қыркүйек -Қазақстанда мұнай өндіріле бастауының 100 жылдығы атап өтілді.
1999 жыл 10 қазан-Қазакстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен маслихаттардың сайлауы болды.
1999 жыл 12 қазан-Президент Жарлығымен К.К Тоқаев Қазақстан Республикасының Премьер-министрі болып тағайындалды.
1999 жыл 1 желтоқсан -Екінші сайланған Қазақстан республикасы Парламентінің алғашқы бірлескен отырысы
болды.
1999 жыл 10 желтоқсан -Алматыда Қазақстан халықтары Ассамблеясының алтыншы сессиясы өтті.
1999 жыл 15 желтоқсан -Ел президентінің "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі туралы" Қазақстан халқына жолдауы.
1999 жыл 28 желтоқсан -Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 2000 жыл Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды.
2000 жыл 26-28сәуір - Алматыда халықаралық "Евразия-2000" экономикалық саммиті болып өтті.
2000 жыл 9 мамыр - Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 55 жылдық мерекесі тойланды.
2006 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қазақстандықтарға арналған жолдауы.