Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Жиембет жырау толғауларындағы Есім хан бейнесі



бет22/48
Дата18.02.2023
өлшемі266,21 Kb.
#169240
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
?àçà? õàíäû?û ä?ó³ð³íäåã³ ?äåáèåò³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Æûðàóëàð 2

29. Жиембет жырау толғауларындағы Есім хан бейнесі
Есім ханның қолбастаушысы, биі, заң шығарушысы болған Жиембет жыраудың шығармашылығына басты көңіл бөлінген. Жиембеттің 1620 ж. ойраттармен (қалмақтармен) болған шайқаста даңққа бөленгені, 1627 ж. Қазақ ордасынан бөлініп, өз хандығын құрмақшы болған Ташкент ханы Тұрсынның көтерілісін басуда маңызды рөл атқарғандығы айтылған. Жиембет шығармашылығының күшті сезімдерге толы екендігі, жаңа образдарға терең бойлайтындығы айтылған; оған айрықша стиль, өмірге философиялық көзқарас, халық өмірінің тарихи жолын алдын ала көре білуі тəн екендігі көрсетілген.
Көрнекті ғалым, профессор Х. Сүйіншəлиев өзінің белгілі оқулығында былай деп жазады: «Жиембеттің өмір сүрген кезі — Есім ханның тұсы. Оның əкесінің аты əр деректе əр түрлі аталады: Біртоғаш, Бортоғаш, Мүфтоңаш. Біздіңше, дұрысы ел есінде сақталған — Мүфтоңаш болса керек...
Ол Кіші жүз, он екі ата Байұлының бір атасынан. Мүфтоңаштан Жиембетпен бірге Жолымбет, Ахмет деген ұлдар туған. Туып-өскен жері — қазіргі Орал облысы, Тайпақ ауданы. Негізгі мекені — Байбарақ, Байшерек деген жерлер. Қыстауы — Жайық жағасындағы Есім төбесі. Жаз Жиембет ауылы Жем-Сағыз бойын жағалай жайлаған.
Ел аңызы бойынша, Жиембет Ителіне айдалады. Есім өлген соң ол еліне келіп, 1680 жж. шамасында, тоқсанның үстіне шығып өлген»
Белгілі жазушы жəне əдебиет зерттеушісі М. Мағауин Жиембет жырау туралы біраз мəлімет береді: «Бортоғашұлы Жиембет жырау Алшын руынан, көшпенділердің əскери аристократиясынан шыққан. Алшындар тек қазақ хандығында ғана емес, басқа Орта Азия хандықтарында да мемлекеттің тірегі, əскери күші болғаны мəлім. Самарқанд Регистанындағы Шері-Дар медресесі мен Тіллə-кари мешітін салғызған атақты Жалаңтөс баһадүр да осы Алшын руынан-тын...»
Қазақтардың ойраттарға қарсы XVII ғ. күресі көбіне жеңісті, сəтті болып отырғанмен де, аса тынымсыз, елдің тынышын кетірген ауыр күрес еді. Осы кездегі оқиғалардың кейбірінің елесін Жиембеттің Есімге арналған «Еңсегей бойлы ер Есім» толғауынан көреміз:
Еңсегей бойлы ер Есім,
Есім, сені есірткен
Есіл де менің кеңесім.
Ес білгеннен, Есім хан,
Қолыңа болдым сүйесін,
Қолтығыңа болдым демесін.
Ертеңгі күн болғанда,
Елің кеңес құрғанда,
Айналып ақыл табарға Есіктегі ебесін,
Сонда, ханым, не десін?!
Мен жоқ болсам, Есім хан,
Ит түрткіні көресің.
Жиембет қайда дегенде,
Не деп жауап бересің?..
Мені менен, ханым, ойнаспа,
Менің ерлігімді сұрасаң,
Жолбарыс пенен аюдай.
Өрлігімді сұрасаң,
Жылқыдағы асау тайыңдай.
Зорлығымды сұрасаң,
Бекіре менен жайындай.
Беріктігімді сұрасаң,
Қарағай менен қайыңдай.
Көруші едім, Есім хан,
Ханымды күнім, сізді айымдай.
Сырым саған түзу-ді,
Садаққа салған бұлыңдай.
Жұмыскерің мен едім Сатып алған құлыңдай,
Жүруші едім араңда
Өзіңнің інің менен ұлыңдай...
Мен өлсем, құнсыз кетер деме сен,
Кешегі өзіңнің ұрып өлтірген
Тілеуберді құлыңдай!
Тілеуберді құлың мен емес,
Мұның, ханым, жөн емес.
Менің ер екемді көргенсің,
Əуелден бірге жүргенсің,
Дегенімді қылғансың,
Қайратымды білгенсің.
Ағбытпа, ханым, күннен соң,
Сіздің естен кеткенмен,
Біздің естен кеткен жоқ:
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Соқыр бурыл байталға
Сонда бір жайдақ мінгенсің...
Қалмақтың Бөрі ханы келгенде,
Қаланың қасы бүлгенде,
Хандар қалаға қылаған,
Сұлтандар суға сылаған,
Қаз мойынды ханша Қалада тұрып жылаған...
Тал шарбаққа мал сақтап,
Тас қалаға жан сақтап,
Тасқан екен мына хан!
Қайрылып қайыр қылуға
Қылығың жоқ ұнаған.
Қайратым қанша қайтса да,
Мұныңа, ханым, шыдаман!
Арқаға қарай көшермін,
Алашыма ұран десермін,
Ат құйрығын кесермін,
Ат сауырын берермін,
Алыста дəурен сүрермін,
Қарамасаң, ханым, қарама,
Сенсіз де күнімді көрермін!
Бұл жолдардан Жиембет жыраудың Есім ханға ақыл-кеңес беріп, тар кезде қолтығынан демеген, əскеріне, төңірегіндегілерге сүйеніш болған, ақыры соның нəтижесінде оны үлкен билікке қолын жеткізіп, «есіртуге» дейін апарған сұңғыла абыз, қызметі өткен кісісі екенін байқаймыз. Демек, Жиембетке Есім хан осындай дəрежеге жетуімен борышқор. Ел əңгімелеріне қарағанда, Жиембет — Есімді ақ киізге салып хан көтерушілердің бірі, оның барлық жеңісті жорықтарының қаһарманы.
Жорық жырауы Есім ханға «мен кеткеннен кейін қалмақтардан көресіні көресің, кезінде сол қалмақтардан бірнеше рет жаныңды аман сақтап қалып едім, енді оны ұмытайын деген екенсің» деп Есім ханға ашулы сөздерін де арнайды. Бірақ Жиембет жырау қаншама күш көрсете сөйлегенмен, Есім ханды биік бағалап, оның ерлік істері мен парасатты ел басшысы екенін мойындап тұрғандай. Қалай дегенмен де ханның арғы-бергі, жақсы-жаманды жүріс-тұрысы мен көңілге қона бермейтін кейбір қыңыр қылықтарын есіне салып, Құдай тəубасын аузына келтіргендей.
Тарихтың айтуында, ол — Есім ханнан қорлық көріп, ececi кеткен елдің жоғын жоқтаған ер азамат. Есім өлтірткен құлдың құнын даулап, ханға қарсы шығатын да, ханды өз қылмысын мойындауға мəжбүр ететін де осы Жиембет. «Ешкім жақтап, ешкім құн талап етпейтін құлды өлтірген... Есім Жиембеттен кешірім сұрауға мəжбүр болады» деп жазылған Қазақ ССР тарихында.
Уақыт өткен сайын Есім хан мен Жиембет бидің арасындағы қайшылық өрши түседі. Оған келіп, мынадай бір оқиға тағы да жалғасады. Халық аңызы бойынша, бір кездері Есім қалмақ хандарымен ауыз жаласып кетеді. Осыдан келіп елде оның саясатына ашық наразылық туады. Осындай наразылықтың бірін халық Жиембет пен оның інісі Жолымбетке байланыстырып айтады. Ол аңыздың қысқаша мазмұны мынадай: «Есімді қолға ұстамақ болған қалмақтың бір ханы оған елші жіберіп, сұлу қызды сыйға тартады. Сыйлықты алып келе жатқан қалмақ елшісін Жиембеттің інісі Жолымбет батыр тосып алып, ханға жеткізбей қолға түсіреді. Қызды барымталап, ханға бермейді. Мұны естіген Есім хан Жиембетке ренжіп, қалмақ ханы сыйлаған тартуды өз қолына тез табыс етуді талап етеді. Бірақ Жиембет ауылы бұған түгел қарсы тұрып, қызды қайырмайды. Бұрын ханға кеткен дауларының есесін осылай қайыруды ойлайды. Осындай себептерден Жиембет пен хан арасы алшақтай түседі»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет