Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиетінен емтихан сұрақтары Жыраулар поэзиясының зерттелуі


Бұхар жыраудың Абылай ханға арналған өзіңіз білетін бір толғауына әдеби-теориялық талдау жасаңыз



бет36/48
Дата18.02.2023
өлшемі266,21 Kb.
#169240
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48
Байланысты:
?àçà? õàíäû?û ä?ó³ð³íäåã³ ?äåáèåò³íåí åìòèõàí ñ?ðà?òàðû Æûðàóëàð 2

43. Бұхар жыраудың Абылай ханға арналған өзіңіз білетін бір толғауына әдеби-теориялық талдау жасаңыз
Бұқардың замандасы Үмбетей жыраудың «Бұқардың асында, зиратының басында отырып Үмбетей жыраудың жырлағаны» деген жаңадан табылған толғауы бойынша ой қорытып, Бұқар жырауды 92 жасында қайтыс болды деген пікір ұсынады. Сонда жырау, бұл кісінің айтуынша, 1685 жылы туып, Абылай өлімінен (1781 ж.) 4 жыл бұрын, яғни 1777 жылы қайтыс болған деп тұжырымдалады. Сол Үмбетей айтты деген бір жырдың алғаш 7-8, кейін 11 буынды өлең өлшемімен жазылғанына күдіктенбесек, негізінен, осы ойдың көңілге қонатынын, дәйектілігін айтқан жөн. Бұқар жыраудың Абылайға айтқан бір жырында:
Менің жасым тоқсан үш,
Мұнан да былай сөйлеуім
Маған да болар ауыр күш, –
дейтіні және тағы бірде:
Күнінде мендей жырлайтын,
Тоқсан үште қария
Енді саған табылмас, –
деп толғайтыны бар. Бұдан тыс Бұқардың:
Тоқсан бес деген тор екен,
Дүйім жанның қоры екен, –
дейтінін де білеміз. Бұған қарасақ, жырау 95 жасқа да келіп, әбден қалжырап,қор болып отырған кезін жырға қосқан сияқты. Қалай дегенде де, Бұқаржыраудың 92-95 жас аралығында қайтыс болғаны шындыққа сай келетінтәрізді. Сондықтан осы айтылған жылдардың біріне үзілді-кесілді тоқтап, біржүйеге келтіру қажет.
Ендігі бір-екі ауыз сөз Бұқардың туған жері туралы. Әдебиетші Қ.Мұхамедханов сол Үмбетей жырында айтылған деректерге сүйене отырып, оның туған жерін Бұхар маңындағы Жиделібайсын, Елібай деп көрсетеді. Бұған себеп: Бұқардың әкесі Қалқаман батыр қалмақ шабуылынан ығысып, сол төңірекке барған делінеді. Қазақтың бала атын туған жеріне қарай қоятын көне дәстүрін ескерсек, бұған да шәк келтірудің жөні жоқ сияқты. Бұқар жыраудың Абылай ханның қасында отыратын кеңесші-жырауы болып қалай келгені туралы бір қызықты дерек «Әдебиет майданы» журналының 1935 жылғы № 1-2 сандарында жыраудың «Бұл кісі жылқыменен бір ат берсін» деген жырымен қоса түсінік ретінде келтірілген. Бұған жариялаушы «Кәріқұлақ» деп қол қойып,
«Балқаштағы атақты Шашубай ақынның айтуымен» деген ескертпе жасаған. Журналда басылған жыраудың екі жыры біздегі сол аттас өзге толғауларға өте ұқсас, бірақ айырмашылығы да аз емес. Мұндағы берілген түсінікке қарағанда, Абылай Бұқар жыраудың бір ісіне қатты ренжіп, «басын аламын» деп уәзірін жіберіп, шұғыл шақыртыпты деседі. Суыт хабарды естіген жырау хан жарлығымен Абылай хан ордасына келіп жыр толғапты.
Хан жарлығы қатты болды,
Шыбын жаннан тәтті болды.
Шақырған соң келдім, ханым,
Жарлығыңды қайтармай.
Жіберген уәзіріңізге екі жауап айта алмай.
Кел десең келдім, кет десең кеттім,
Кет дегендей мені сөйлетпей не еттім?
Бір ауыз сөз сұрамай, басыңды кесемін деп,
Мені шошытып түбіме жеттің... –
дей келіп, оның бір кезде Түркістанда жетім болып жүргенін, енді басынабақ,астына тақ қонғанын айтады. Ең соңында жырау ханға:
Алтын тұғыр үстінде
Ақ сұңқардай түледің,
Салған сайын үдедің,
Алыстан тоят тіледің,
Құдайдың сүйікті ұлы едің,
Қалмақты қашырдың,
Алатаудан асырдың.
Қазаққа жер кеңейттің,
Дұшпаныңды кеміттің, –депті, сонда Абылай райынан қайтып: «Мынаған бір үйір қысырақ айдап әкепберіңдер», – дегенде, Бұқар «Маған хан Абылай жақсы бір ат берсін» дегенәйгілі жырын толғаса керек. Содан хан қара көз, қара ауыз, қояндай боз атынберіп, өзін қасында жүретін жырауы етіп алыпты делінеді.
С. Мұқанов Бұқар шығармаларының көпшілігі Абылай ханға арналып айтылғандықтан, өзі сырттай Орда ақынына ұқсағанмен, жырлары сол кездегі саяси-әлеуметтік тұрмыстың нақты көрінісінен туған деп атап көрсетеді. Ол:
«Бұқар жыраудың шығармаларында азаматтық, саяси мотив терең, әлеуметтік маңызы зор. Ол Абылайдың мақтаушысы ғана емес, сыншысы да», – дейді.
Қ. Жұмалиев қазақ әдебиетінің орта мектептерге арналған оқулықтарынан бастап, қазақ әдебиетінің алты томдық тарихына жазған Бұқар туралы монографиялық тарауларында да, оны XVIII ғасырдағы авторлығы сақталған тарихи әдебиеттің басы деп бағалай келіп, ол өзінің дидактикалық толғаулары арқылы өмірге ескілік мұнарасынан қараса да, сол кезеңдегі әлеуметтік шындықты тап басып сипаттай алады деп жазады. Ал, Ә. Марғұлан Бұқар жырауды Абылай ханның белгілі жыршысы, кейінгі қазақ ақындарының бірден- бір көшбасшы ұстазы деп бағалайды. Осындай бағаны Е. Ысмайылов, Б.Кенжебаев еңбектерінен де ұшыратамыз.
Белгілі фольклорист Н. С. Смирнова Бұқар творчествосына арналған
көлемді зерттеулерінде оның импровизаторлық өнерінің ерен қуаты мен демократиялық тенденциясының нығая түсу ерекшеліктеріне, сондай-ақ, соңғы шығармаларында халықтық ұғымның әлеуметтік терең сипатқа ие болып отыру жәйтіне айрықша мән береді. 
Толық әдеби талдау жасалған
Ал тілімді алмасаң,
Ай, Абылай, Абылай
Сен мен көргенде 
Тұрымтайдай ұл едің (теңеу)
Түркістанда жүр едің
Әбілмәмбет патшаға
Қызметкер болып жүр едің 
Қалқақтап жүріп күнелтіп,
Үйсін Төле билердің
Түйесін баққан құл едің.
Сен жиырма жасқа жеткен соң,
Алтын тұғыр үстінде
Ақ сұңқар құстай түледің (теңеу)
Дәулет құсы қонды басыңа(метонимия)
Қыдыр келді қасыңа
Бақ үйіне түнедің
Алыстан тоят тіледің
Қылышыңды тасқа біледің
Алмаған жауың қоймадың
Алған сайын тоймадың(ассонанс)
Несібеңді жаттан тіледің
Уа, сен Қанжығалы Бөгембай
Тақымы кеппес ұры едің
Түн қатып және жүр едің,(аллитерация)
Қабанбайдан бұрын найзаңды
Қай жерде жауға тіредің?(риторикалық сұрау)
Абылай- ау, Абылай
Момынға келіп бек болдың
Атаңды білмес құл едің
Атаңның тегін сұрасаң(ассонанс)
Арқар ұранды жат едің
Қай жерінде төре едің? (риторикалық сұрау)
Қарсы менен құзарда
Жалаң аяқ жар кешіп
Бөз тоқыған сарт едің
Шешенді және сұрасаң
Қайда алтынның буы еді? (риторикалық сұрау)
Оны да мен білуші ем,
Түрікпеннің төрінде
Қашып жүріп күнелткен қара күң еді.
Жұлдызың туды- ау оңыңнан,
Жан біткен еріп соңыңнан
Он сан алаш баласын
Аузыңа құдай қаратып
Жусатып тағы өргізіп
Жұмсап бір тұрсың қолыңнан
Ақтан болды- ау күніңіз
Арсыменен күрсіге
Дау- таласты үніңіз
Өзің болған күніңде
Бір көшке сыймайды
Азаткерде құлыңыз
Ашуланба Абылай
Ашулансаң Абылай(ассонанс)
Көтерермін көнермін
Көтеріп қазға салармын
Өкпеңменен қабынба
Өтіңменен жарылма(ассонанс)
Орыспенен соғысып,
Басына мұнша көтерген
Жұртыңа жаулық сағынба.(метонимия)
Күнінде мендей жырлайтын
Тоқсан үште қария
Енді де саған табылмас.

Басыңа біткен күніңіз,


Құтты болсын ұлыңыз,
Хан Абылай атандың
Дүниеден шықпай мініңіз
Алтын тақтың үстінде
Үш жүздің басын құрадың,
Жетім менен жесірге
Ешбір жаман қылмадың,
Әділдікпен жүрдіңіз,
Әдепті іске кірдіңіз.
Әдеби теориялық талдаудың 3 кезеңі:
1) Әдеби шығармадағы жазушы шеберлігі
2) Әдеби шығармадағы көркемдегіш әдіс-құралдар
3) Әдеби шығарманың сол кездегі алар орны
1 шығармадағы жазушы шеберлігі жоғары деңгейде көрсетілген. Шығарманың ұйқасы, буын және тармақ сандары үйлесімді қолданылған.
2 Шығармада қолданылған көркемдегіш құралдар.45
Басыңа біткен күніңіз - әсірелеу
Көркем бейне
Алтын тақтың үстінде - метонимия
Шалыс ұйқаспен жазылған
3) Бұл шығармадан тарихи Тұлға Абылайдың бейнесін көреміз. Тарихи оқиғалардан деректер аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет