Қазақ хандығы



Pdf көрінісі
бет1/2
Дата26.03.2023
өлшемі1,94 Mb.
#173057
  1   2
Байланысты:
қазақ хандығы
1сабақ презен 2, алеуметрк-90, ХИМИЯ ПОЛНЫЙ Біріктірілген


ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
ОРЫНДАҒАН:УКЕНОВА АРАЙЛЫМ 043-ТОП
ҚАБЫЛДАҒАН:АЙТБАЕВА АЙГЕРИМ
06.03.2023


ЖОСПАР:
Тарихы
Қасым хан кезеңі
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы күресі
Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама
Қазақ хандығының саяси-әлеуметтік жағдайы
Қазақ хандығының аймақтық-әкімшілік бөлінісі
Хандарды сайлау дәстүрі
Қазақ хандығының мәдениеті
Дереккөздер


Қазақ хандығы — 1465 жылы Алтын Орданың және 1468 жылы Өзбек хандығының 
ыдырау кезінде қалыптасқан қазіргі Қазақстан мен оған іргелес мемлекеттер 
аумағындағы қазақ мемлекеті. Оның аумағының көбісі Орта Азияда болып, бір 
бөлігі Шығыс Еуропада орналасқан. XV ғасырда қазақтар Өзбек хандығындағы 
жемқорлық, саяси тұрақсыздық пен әлсіз үкіметтен шаршап, қазақтарды Жетісуда 
жинаған Керей мен Жәнібек хан 1465 жылда Қазақ хандығын құрған. Тарих бойы 
Қазақ хандығы өз аумақтарын үлкейтіп, қазіргі Қазақстанның территорияларының 
көбісіне ие болған. XVII ғасырда қазақтар Жоңғарлармен соғысып, әлсізденген де, 
келесі ғасырда хандықты Ресей патшалығы жаулап алған.
Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі территорияны, Сырдария мен Әмудария 
өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған.
Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген 
монархияға құрылған. Мемлекет басшысы — хандар саяси билік жүргізген. Олар 
төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.
Қазақ хандығының тұңғыш ханы — Керей, соңғы ханы — Кенесары Қасымұлы.


ҚАСЫМ ХАН КЕЗЕҢІ
16-17 ғғ. Қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз 
тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен 
хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1521 жж.) тұсында 
Қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік 
құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты.Бірсыпыра 
қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың 
жайлауы Ұлытаудан асты. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, 
Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия,Еділ 
бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен 
байланыс болды. Ұлы князь III Василий (1505-1533) билік құрған кездегі 
Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып 
білді.
«Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ 
заңдары жасалды.


ЦЕВАН РАБТАН ҚОҢТАЙШЫ ӨЗІН ШЕБЕР ДИПЛОМАТ ӘРІ МЫҚТЫ ҚОЛБАСШЫ РЕТІНДЕ ТАНЫТТЫ. ОЛ ҚЫТАЙМЕН 
ТІКЕЛЕЙ ҚАҚТЫҒЫСТАРДАН ҚҰТЫЛЫП КЕТІП ОТЫРДЫ. ЦЕВАН РАБТАН ЖОҢҒАР ХАНДЫҒЫНЫҢ ҚОЛ АСТЫНА 
МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ЖОҢҒАРЛАР МЕН ЖАРТЫ МИЛЛИОНҒА ЖУЫҚ ӘР ТҮРЛІ ХАЛЫҚТАРДЫ БІРІКТІРІП, ЕЛІНІҢ 
ӘСКЕРИ ӘЛЕУЕТІН БІРШАМА НЫҒАЙТЫП АЛАДЫ. ОНЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ 1698-1699 
ЖЫЛДАРЫ ЕРТІС, ЕСІЛ ӨЗЕНДЕРІ МЕН ЖЕТІСУ АЙМАҒЫНА ЖҮРГІЗІЛДІ. АЛ 1702-1703 ЖЫЛДАРЫ ЕРТІС БОЙЫНДА 
ҚАЗАҚТАР НӘТИЖЕЛІ СОҒЫСТАР ЖҮРГІЗДІ. БІРАЗ ҮЗІЛІСТЕН КЕЙІН, 1708 ЖЫЛЫ ЖОҢҒАРЛАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ 
ҚАЙТА ЖАЛҒАСТЫ. ОЛАР-ДЫҢ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНА ЖАСАҒАН ҚАНДЫ ЖОРЫҒЫ 1710 ЖЫЛЫ БОЛДЫ. БҰЛ ЖОРЫҚ 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫН ҮЛКЕН ШЫҒЫНДАРҒА ҰШЫРАТТЫ. ОЛ ҚАЗАҚ БИЛЕУШІЛЕРІН 1710 ЖЫЛЫ ҚАРАҚҰМ МАҢЫНДА ҮШ 
ЖҮЗДІҢ ҚҰРЫЛТАЙЫН ШАҚЫРУҒА МӘЖБҮР ЕТТІ. ҚҰРЫЛТАЙҒА СҰЛТАНДАР МЕН БИЛЕР, РУ БАСШЫЛАРЫ ЖӘНЕ 
ҮШ ЖҮЗДІҢ БЕЛГІЛІ БАТЫРЛАРЫ ҚАТЫСТЫ. ОНДА ҚАРАЛҒАН ЕҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕ ҮШ ЖҮЗДІҢ БІРІККЕН ӘСКЕРІН 
ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ЖАСАҚТАУ БОЛДЫ. ТӘУКЕ ХАН БІР ОРТАЛЫҚҚА БІРІККЕН МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУ 
ЖӘНЕ ОНЫ НЫҒАЙТУ ҮШІН СҰЛТАНДАРДЫҢ БИЛІГІН ШЕКТЕП, ЖҮЗДЕРДІ БАСҚАРУДА БИЛЕРДІҢ САЯСИ 
ЫҚПАЛЫН АРТТЫРДЫ. ЖОҢҒАРЛАРҒА ҚАРСЫ СОҒЫСТА АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРҒА ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ ШЫҚТЫ. 
ОЛАРДЫҢ ҚАТАРЫНДА ҚАНЖЫҒАЛЫ БӨГЕНБАЙ, ҚАРАКЕРЕЙ ҚАБАНБАЙ, РАЙЫМБЕК, ШАҚШАҚ ЖӘНІБЕК, ТАМА 
ЕСЕТ СЫНДЫ БАТЫРЛАР БАР ЕДІ. ОЛАРДЫҢ ІШІНЕН ЕРЕК ШЕ КӨЗГЕ ТҮСКЕНІ БӨГЕНБАЙ БАТЫР БОЛДЫ. ОЛ 
ШЕШУШІ ШАЙҚАС АЛДЫНДА ҚАЗАҚ САРБАЗДАРЫНЫҢ ЖАУЫНГЕРЛІК РУХЫН МЫНА СӨЗДЕРІН АРНАУ АРҚЫЛЫ 
КӨТЕРГЕН: «ТАЛАНҒАН КӨШТІҢ, ТҰТҚЫНДАЛҒАН БАЛА-ШАҒАНЫҢ, БЕЙШАРА БАҚЫЛАУШЫСЫ БОЛЫП ОТЫРМАН. 
ЖАУДАН КЕК АЛАМЫЗ, ӨЛСЕК, ҚАРУ ҰСТАП ӨЛЕМІЗ! ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫНЫҢ САРБАЗДАРЫНЫҢ ЖАЛТАРҒАН КЕЗІ 
БОЛДЫ МА?.. ЖАУДЫҢ ЗҰЛЫМДЫҒЫНА ШЫДАП ОТЫРА АЛМАН!? ЖАУҒА МІНЕР ТҰЛПАР ҚҰРЫП ПА?! СҰР ЖЕБЕ 
ТОЛЫ ҚОРАМСАҚ ҚАҢЫРАП БОС ҚАЛЫП ПА?!» 
ЖАН-ЖАҚТЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҒЫ БАР ЖОҢҒАРЛАР 1710-1711 ЖЖ. ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ БАСЫП КІРІП СОҒЫС ЖҮРГІЗДІ. 
ОЛАР 1717 ЖЫЛЫ ЖАЗДА АЯКӨЗ ӨЗЕНІ ЖАҒАСЫНДА ҚАЗАҚТАРДЫҢ 30 МЫҢ ЖАСАҒЫН ТАЛҚАНДАДЫ. КЕЛЕСІ 
ЖЫЛЫ ЖОҢҒАРЛАР ҚАЗАҚТАРДЫ БӨГЕН, ШАЯН, АРЫС ӨЗЕНДЕРІ БОЙЫНДА ТАҒЫ ДА ҚЫРАДЫ.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет