6-бөлім. Əдістердің бағалануы мен белгіленуі. 1. Күрес не белдесу кезінде балуандардың тыйым салынған қимылқозғалыстарды қолданбай, өзінің физикалық мүмкіндіктері шеңберінде жасалған іс-əрекеті əдіс деп аталады.
2. Күрес кезінде əдістер келесідей бағаланады:
2.1 «БҮК»(ұпай);
2.2 «ЖАМБАС» (ұпай);
2.3 «ЖАРТЫЛАЙ ЖЕҢІС» (ұпай);
2.4 «ТАЗА ЖЕҢІС» не «АЙҚЫН БАСЫМДЫЛЫҚ»; 2.5 «Əдіс нəтижесіз»; Ескерту: «ТАЗА ЖЕҢІС», «ЖАРТЫЛАЙ ЖЕҢІС», «ЖАМБАС», «БҮК» ұпайлары ортадағы төрешінің дауыстап айтуы арқылы көрсетіледі.
3. Күрес не белдесу кезінде күрес кілемі кілем сыртынан басталып, жасалған əдіс бағаланбайды;
4. Күрес не белдесу кезінде күрес кілемі шеңберінен басталып, жалғасуымен кілемнің сыртынан (кілемнен тыс) кейінгі аймаққа түскен жағдайда əдіс бағаланады;