Байланысты: № 12 -дәріс.Қазақ лексикографиясының қалыптасуы мен зерттелуі
Үшінші негіз - атау сөздерге берілетін сипаттаманың тіліне қатысы. Егер атау сөз де, оның сипаттамасы да бір тілдің негізінде берілетін болса, ол - бір тілді сөздік, ал сипаттама басқа тілде берілсе, ол аударма сөздік болады.
Төртінші негіз - тілдің жеке функционалдық түрлерін қарастыруға қатысты: әдеби тіл, ғылыми-техникалық тіл, арнаулы тіл т.б.
Бесінші негіз – сөздікте сипатталатын тіл бірліктерінің құрамына байланысты. Сөз тіркесі болса – сөз тіркесі сөздігі, фразеологизм болса, фразеологиялық сөздік, синоним болса –синонимдік сөздік.
Алтыншы негіз- лексикалық бірліктердің қай тұрғыдан сипаттапатынына байланысты (орфографиялық, орфоэпиялық, жиілік т.б. сөздіктер).
Жетінші негіз – сөздіктегі сөздердің орналасу ретіне байланысты сөзден ұғымға қарай: әліпбилік сөздіктер, ұғымнан сөзге қарай: идеологияльқ сөздіктер және сөз соңынан сөз басына қарай кері әліпбилік сөздіктер.
Осы сияқты жеке сөздіктерге жасалған жанрлық-типологиялық жіктемелер В.Виноградов. С.И. Ожегов, Ю.Н. Караулов, П.Н. Денисов, В В. Морковкин, Х.Касарес, Л. Згуста т.б. көптеген авторлардың еңбектерінде сөз болады.
К.Ақанов қазақ тіл білімінде лексикографияға байланысты өз жіктемесін ұсынады:
сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер
қазіргі тілдегі сөздердің мағынасын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер
сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер
заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап түсіндіретін сөздіктер.
Ғалым Б.Қалиев сөздіктердің бір-бірінен мынадай белгілері арқылы ажыратылатындығын айтып түсіндіреді.
1). Сөздердің сипатталу мазмұнына қарай: түсіндірмелі сөздік, аударма сөздік.
2). Сөздердің сипатталу мақсатына қарай: орфографиялық сөздік, орфоэпиялық сөздік, этимологиялық сөздік, синонимдес сөздердің сөздігі, омонимдес сөздердің сөздігі, антонимдес сөздердің сөздігі т.б.
3). Сөздердің неге, кімге арналғандықтарына қарай: терминдік сөздік, диалектілік сөздік.
4). Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай морфологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік.
5). Сөздікке енген сөздердің орналасу тәртібіне қарай: жиілік сөздік, кері сөздік т.б. Қазақ тілінің лексикографиясы тарихи дәстүрі бар, териялық және практикалық тұрғыда қалыптасқан тіл білімінің бір саласыдегенімізбен лексикография саласында ілң де болса зерттеу жұмыстары жеткілікті демекпіз.