Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы



бет28/28
Дата05.11.2016
өлшемі5,25 Mb.
#478
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

М.Юсупов. Абақтыда. ...............................................................................................

Х.Оралтай. «Елім-айлап» өткен өмір» .....................................................................



Т.Жұртбай. «Өмір ішінен – өлім, өлім ішінен – өмір іздеген...» жанкештілер (Жобаның қорытындысы орынына)...................................................................................


1 «Тарихи дерек, келелі кеңес», 2-кітап, Үрімжі. Шинжаң халық баспасы. 1996 жыл. 60-150-беттер.



1 Сарыбай хан – «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырындағы Қозының әкесі. Шіңгілде «Сарыбай хан бейіті» деген бейіт бар. Ол сол замандағы түмен малын осы жерде өсірген дейді.

1 Жұнхуа миньго – қытай тілінде Қытай халықының мемлекеті.

1 Әсілгі аты – Мұхаметқали. Көктоғай сақшысының аты шулы баскесер тергеушісі. Түрі сары адам болғандықтан ел Сарыноғай деп аталып кеткен.

1 Аса құпия

1 Қалман Ақытұлы – 1941 жылы көтеріліске қатысқаны себепті сол жылы күзде Халел тәйжімен бірге, Көктоғайдан ұшаққа салып Үрімжі түрмесіне әкеткен болатын.

1 Сол кезегі Шинжаң өлкесінің губернаторы

2 Бұл кез – срытқы Моңғолия республикасының құрылу қарсаңы еді

1 Түркістан Ноғайбайұлы бұл кезе Үрімжіде губернатор кеңсесінің аудармашысы болатын

1 Ол кезде егіншілікпен шұғылданушылар аз болғандықтан да, Алтай елінің 85-90% мал бағып, жайлауға шығатын.

1 Келісім бойынша бір жыл қыстап шығуға.

1 Әбдірахыман Тоқылов – Дәлелхан Сүгірбаевтің байланысшы адамы. Үш аймақ үкіметі құрылғаннан кейін Алтай аймағының уәлиінің орынбасары болған.

1 Нұрқожай мен Манат Үрістемұлы – Алтай көтерлісшілерінің бірі еді. Жанымхан уәлидің теріс үгітіне ілесіп, 1945 жылдың басында Манат Үрістемұлы өз қол астындағы бір бөлім адамымен, Шілде де Нұрқожай қол астындағы адамымен Гоминдаңға тізе бүккен болатын.

2 Ол кезде жол Дөрбілжін ауданын басып жүретін.

1 Алтай арпалыстары (Есте қалғандар). Үрімжі. Шинжаң халық баспасы. 1996 жыл. 1-243 беттер

1 Көктоғай, Шіңгіл аудандары – «Өр Алтай», Алтай (Сарысүмбе), Буыршын, Қаба, Жеменей, Бурылтоғай аудандары – «Төменгі Алтай» деп аталады.

1 Шын аты Мұқаммедғали, ұлты татар болғандықтан жұрт Сарыноғай деп атап кеткен. Шын атын мүлде көп адам білмейді.

2 Сүлеймен – бұл әйгілі Сүлеймен батыр. Сүйегі шеруші, бұрын Көктоғай ауданының Тараты деген жерінде тұратын ұсақ алыпсатар саудагер әрі тиін атып күн көретін. Кейін тұңғыш көтерілісте бірінші дәрежелі батыр атағын алған.

1 Ырысхан – Шіңгіл ауданынң адамы. Жоғарда аты аталған Ноғайбай үгірдайдың ұлы, сүйегі – жәнтекей.

2 Қаптық – Баркөл, Шіңгіл аудандары мен Монғолия шекарасындағы Баркөлге қарайтын тау.

1 Қарамайлы – Буырылтоғай өзені бойындағы қыстақ.

1 Қапсемет – Ақыт қажының Қалманнан кейінгі ұлы.

2 Арал елі – Ұлңгір өзені бойы, Қара Бұлғынның төменгі жағын қыстайтын ел.

1 Бұқат Мәмиұлы 1940 жылы сәуірдің 11 күні Үрімжіде тұтқынға алынған, Жәнтекей руының бейсісі. Жәнімхан Тілеубердіұлы мен Рахат Қалелұлы, Шәри – 1939 жылы қыркүйек айында Қазақ,моңғыл, қырғыз құрылтайына келіп, Үрімжіде мырза қамақта отырғандар болатын. Жәнімхан – Шақабай руының тәйжісі; Рахат—Қарақас руының тәйжісі; Шәри—Шеруші руының зәңгісі.

2 Бұрын Іленің генералы, кейін халық істер мекемесінің бастығы, дубан (губернатор) мекемесінің жауапты хатшысы болған.

1 Ырысхан өткен жылы қыста қайтыс болған.

2 Тұңғыш көтеріліс аяқтаған кезде Ырысхан науқас еді. «Дәрігерге емдеттіремін» –деп Жәнімхан алып қалып, дәрігер шақыртады. Бірақ, емдеген сайын науқасы асқынып, бірнеше күнге қалмай Ырысхан дүние салады. Адамдар «Жәнімхан үкіметтің орналастыруы бойынша Ырысханға улы дәрі бергізіп, қастықпен өлтірді» – деген көзқараста болады.

1Дәлелхан Сүгірбаев – 1934 жылдан бастап Шың шы цай өктемдігіне наразы болып, Гансу, Чиңхай өңірлеріне ілгерінді-кейінді көшіп кеткен жиырма мыңға жуық қазақты насихаттап қайтарып келу үшін Шың шы цай үкіметінің жұмсауымен 1940 жылы қараша айынан бастап он айға жуық жүріп қайтқан болатын.

1 Бурылтоғай елінің күзеулігі – Сарысүмбе қаласынан жүз шақырым.

1 Бұл әйгілі батыр Оспан.

2 Айтылып отырған Сүлеймен Бектұрұлы. Бұл Таршатыдағы соғыста құрбан болған, Сүлеймен батырдан басқа адам.

1 Ауданда 50-60 түтін ұйғыр, жүзге жуық түтін қазақ, 40-50 түтіннен көбірек дүңген, татар, жүзден көбірек түтін қытай бұқаралары тұратын.

1 Жеменей ауданы орналасқан жер мен Қазақ ССР-нің шекарасы жарты шаұырымғ, кей жері бірнеше жүз метр ғана.

1 Қобықтан келіп қосылған екі жүз түтін моңғол да осының ішінде.

2 Моңғолиямен достық барыс-келіс жасаған мезгіл.

3 25 адамнан құралған «Алтай қазақтарының көркейу комитеті» құрылған мезгіл.

4 Сол кезде Үрімжіден Алтайға қатынайтын үш жол бар болатын. Бірі шығыс жол—Үрімжі-Шонжы-Бәйтік-Дабысын-Сартоғай; енді бірі солтүстік шығыс жол—Үрімжі-Құтыби-Манас-Сауан-Қобық-Буршын кейде Буырылтоғай; үшінші батыс жол – Үрімжі-Манас-Шиху-Қобық-Буыршын.

1 Тәңір тауының теріскей бөктері.

2 1944 жылдың қыркүйек айында, Іленің Нылқы ауданында – Әкбар, Сейіт басшылық еткен көтерліс.

1 Үкімет құрамындағы он екі адам – Оспан, Дәлелхан, Ләтіп, Келес, Көксеген би, Уатхан, Әділхан, Кәріп, Момынбай, Асхат Мәнкейұлы, Рамазан, молда Сіләм.

2 Он батыр – Есімхан, Сүлеймен, Сүлубай (бұлар бұрын қайтыс болған), Оспан, Кәмел, Келес, Нұрқожай, Қуанышбай, Әбдірасыл, Қапас.

3 Жеменей партизандары бұның сыртында.

4 Бұл кезде мен (автор) бас штабта қару-жарақ басқару қызыметінде істейтін едім.

1 Ноқай—Жеменейдегі жер аты. Алтай аймағы бойынша ең күшті жел өті.

1 1944 жылы қыркүйек айында, Нылқыдан басталған көтерліс жеңіске жетіп, келесі жылы сәуір айында ұлттық армия құрылған болатын.

2 1945 жылы маусым айында, Дәлелхан Сүгірбаев жеті жүз адамдық партизан тобын өзі басқарып Сарысүмбе қаласына жорық жасайды.Қалада мыңға жетер-жетпес адам, екі жүзден көбірек түтін, Гоминдаңның сұрыпталған екі жарым мың әскері, қауыпсыздікті сақтайтын бес жүз адамдық үш бөлімі бар болатын.Шайқас үшінші күнге созылғанда ойламаған жағдай туады, алдыңғы шептегі кейбір бөлімшелер басып алған бекіністерінен айырылып қалады. Өте-мөте партизандар қай кезде, қайсы бекініске шабуылды жоспарласа, жау да сол кезде, сол бекініске күш топтайтын болды. Партизандардың қаланы қоршауы 7-8 күнге созылды. Оныншы күні Дәлелхан Сүгірбаев қоршауды тастап, шегініп шығады.

3 Жеделхаттың негізгі нұсқасы Шинжаң автоном райондық архив мекемесінде қазірде сақтаулы. Факт содан алынды.

1 Кейінгі күндерде жазылған еңбектерде, не жеке адамдардың жазған естеліктерінде Қаба ауданын 2 қыркүйекте Құлжадан келген ұлттық армия азат етті деген жаңсақ пікір айтылып жүр.

2 өз кезінде құпия жиналыста бірге болған Сұқаш Жәкеұлы сияқты адамдардың айтып беруінше.

3 Шүңқыр – Буршын өзенінің төменгі аңғарына орналасқан. Буыршын ауданының солтүстік жағында, 65 киолметр қашықтықта. Батыста – Қаба, шығыста –Алтай (Сарысүмбе) қаласына, оңтүстікте – Буыршынға баратын тоғыз жолдың торабына орналасқан. Бұнда қазақ, орыс қыстақтары бар.

4 Кеңсай атты үшінші полкі.

1 Гоминдаң үкіметі Шәмшиді Үрімжіге әкетіп бара жатқанда, Дөрбілжінді азат еткен ұлттық армия 20 машина Гоминдаң іскері мен мансаптылары қатарында қолға түсірген болатын.

1 Осыған байланысты бір айдай бұрын қамап қойылған Манат, Бұрыпжап, Барис түрмеден босатылды.

1 Қазір Шіңгіл ауданының Арал ауылында тұрады.

2 Бәйтіл мал—соғыс кезіндегі иесіз қалып жиналған мал-мүлік.

1 Бұл мезгіл – СССР мен Шың Шы цай үкіметі ортасындағы қару-жарақ сауда келісімі күшінен қалдырылған.

1 Ғаббас мүфти – орысша сөйлей де, жазада білетін, ағылшын тілінен де хабары бар, ал араб, парсы, түрік тілдеріне жүйірік әрі шебер суретші адам. Ол өзін: қазақ ішінде – арғынмын – дейтін. Бірақ, өзгелер оны – Түрікмен, тіпті неміс пен түрік нәсілінен туылған аралас қанды. Немістер СССР-ге жіберген тыңшы екен –дейтін. 1934 жылы СССР-ден қашып, Алтай бетіне өткен. Екі сөзінің бірінде ол «СССР-да дін жойылған, мал-мүлік, тіпті әйелдер де ортақ. Қазіргі «Үш аймақ» үкіметінің жүрген не кейін жүретін жолы – СССР-дың жолы болмақ» – дейтін.1951жылғы жаныштауда Құмылда қолға алынған.

2 Қабас Тіркешұлы – Оспанның жақын аталасы әрі 1940 жылдан бері жанында жүрген сенімді серігі.

3 Жәнімхан Тілеуберді – сүйегі керей ішінде жәнтекейдің шақабай жігінен әрі сол жіктің бір тәйжісі. 1940 жылдың қазан айынан 1945 жылдың тамыз айына дейін Гоминдаңның Алтай әкімшілік мекемесінде уәлидің орынбасары болған. 1945 жылдың тамыз айында «заман өзгерісін» пайдалану мақсатында Үрімжіге келтірілген әрі өлкелік бажы мекемесінің бастықтығына тағайындалған. «11тармақты» бітімнен кейін қазына меңгермесінің бастығы болған. 1950 жылы қараша айында Баркөл маңында Қытай азаттық армиясы жағынан қолға түсіп, көп өтпей өлім жазасы берілген.

1 Сол кездегі Көктоғай ауданының әкімі мен орынбасары.

2 Жәнімханмен рулас, Шіңгіл мен Көктоғайдағы Шақабай руының тағы бір тәйжісі.

3 Нұрқожайдың туған інісі.

1 Бұларды елшілікке мен (Пәтіхан) ертіп бардым.

1 Жаң жы жұңның Оспанға арнайы жіберген сәлемдемесі.

2 Кейбіреулер «Халық қаһарманы» алтын өрденін ұсынған – деп қате айтып жүр.

1 Әсен—Түркістанның туған ағасы Рысханның ұлы.Шіңгіл ауданы бойынша беделді адамдардың бірі. Сүйегі Шақабай, Жәнімханмен аталас.

11946 жылы тамызда Ысқақбек Алтайға келген жолы: Алтай мен Қобықта тұратын әскери бөлімдерге бір тұтас басшылық ететін «Солтүстік қолбасшылық штабын» құрған. Оған Дәлелхан қолбасшылық етті.

1 Гоминдаң мен Үш аймақтың, аралығындағылар.

1 1947 жылы қаңтар айынан бастап, Оспанның «Үш аймақ» үкіметіне қарсы тұрғандығы себепті, ақпан айының орталарында аймақ бастығы міндетінен қалдырылған болатын.

2 Сол кезде бір тас шәй - 7-8 юань, бір қой көп дегенде екі тас шәй шамасында еді. Сонда, әр адамға берілген сәлемдеме 300-350 қойдың құнына тең келеді.

1 Үліңгір өзені - Бурылтоғай өзені деп те аталады.

1 Қадуаң Әлен уаңның әйелі, сол кездегі Үрімжі аймағының уәлиі. Әбдіқадыр Ұйғыр, сол кездегі Шонжы ауданының әкімінің орынбасары болатын.

2 «Бәйтік уақиғасы» – 1947 жылы маусым айының 5 күні орын алды. Бұл уақиға туралы әр түрлі көзқарас бар. Негізінде уақиғаның мән-жайі былай: қытайдың Алтай аймағы мен Моңғылияның Қобда аймағы – Ман чиң патышалығы кезінде(1636-1912 жылдар) бір ерекше аудан есебінде Бейжиңге төте қарайтын. Манчиң паташалығы құлағаннан кейін (1912 жыл) Моңғолия тауелсіздік алды. Қобда аймағы – Моңғолияға, Алтай аймағы – 1919 жылдан бастап Шинжаң өлкесіне қарайды. Бірақ, Алтай мен Қобда аймағы арасында айқын шекара болмайды. 1947 жылы 15 сәуірде Оспан – Бәйтік маңына шегініп келеді. Сол кездегі қорғаныс үшін Бәйтікке жіберілген Ма ши жін взводы Бәйтіктің ең биік шоқысы – Алтын Оба мен Қаптықтағы Қос Шоқы, Шалтай, Үлкен, Кіші Құжырты маңында болатын. 1947 жылы 2 маусым күні Моңғолияның шекара қорғаныс бөлімдерінен екі адам уәкіл болып келіп: Ма ши жін взводы тұрған жерлер Моңғолияның жері, 48 сағаттың ішінде бұл жерден шығып кетіңдер –деп талап етеді. Бірақ, взвод командирі Ма ши жін бұған құлақ аспай, келген екі уәкілді өлтіріп тастайды. Сонымен, 1947 жылы 5 маусым күні Моңғолия қосындарының бір батальон, бір зеңбрекшілер взводы Ма ши жін взводына кенет шабуыл жасайды. Соғысқа Моңғолия жақтан бес ұшақ қатынасады. Олардың мусымның бесіндегі шабуылын Ма ши жін взводы шегіндіргеннен кейін, 7 күні Моңғолия бекіністі ұшақпен бомбалап, қайта шабуылға өтеді. Осы күні Оспан өз адамдарын бастап соғысқа қатынасады. Оспан алдымен Бәйтіктің солтүстік қапталында Моңғолияның атты әскерлерімен шайқас жасайды. Сөйтіп, Ма ши жін взводының сол қанатын қорғап қалады. Моңғолия қосындары жеңіліс тауып шегінеді.

1 Үрімжі қаласының оңтүстік шеті. Қазір Нанляң деп аталады. Яңхаң – шетелдіктер көшесі мағынасында.

1 Шәмши Уәлидың орынбасары, Қажынаби Сарысүмбе қаласының әкімі еді. Жоғардағы үш адам да Алтайдағы белді рулардың беделді адамдары.

1 Генерал -лейтнант Мажаров – жергілкті орыс, ұлттық армияның штаб бастығы. Подполковник – Байшурин, татар, бұл екеуі он неше күннің алдында Құлжадан келген болатын. Генерал-майор Бәделхан Сүгірбаев Алтай атты әскерлер полкның командирі, майор Айтыке Асанжолов – Алтай атты әскерлер полкның штаб бастығы еді.

1 Аптықпалық істеп, ашынысты уақиға тудырғандығы үшін Дәлелхан Сүгірбаев Әлиевті міндетінен алып, Құлжаға қайтарып жіберді.

2 Сым арқанмен ыспалап тартып жүргізетін үлкен қос қайық.

1 Өлкелік үкіметтің орынбасар хатшысы.

2 Нанжиң қаласы – сол кездегі Гоминдаң үкіметінің астанасы. «Гомин дахұйдың» қазақша мағынасы – мемлекеттік жиналыс, мемлекеттік құрылтай.

3 Кейін Шердиман Оспанның хатшысы әрі аудармашысы Құрманбай Тиянақұлы мен Қамза Шөмішбайұлын ертіп, Нанжиңге барып қайтады.

1 Оспан жақ, Жолбарыс, Солтаншәріп жақ, Қалибек, Тәкіман жақ.

1 Қазақ.

1 Офицердің қойын дәптерінен. Бейжің. Ұлттар баспасы. 1996 жыл.

1 Жоңғар шапқыншылары Есенкелді батырдың әскерлерімен соңғы шайқас жасағанда – жоңғардың бір ноянымен жекпе-жекке шығып, басын кесіп, ағаштың басына іліп қойған екен. Содан бастап сол жер «Басілген» деп аталып кетіпті.


1 Естелік қолжазба бойынша дайындалып, тұңғыш рет жарияланып отыр.

1 Естелік қолжазба бойынша дайындалып, тұңғыш рет жарияланып отыр.



1 «Елім-айлап» өткен өмір. А. Білім. 2005.42-138 беттер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет