Қазақ математиктері жайлы деректер Орындаған: Төлеміс Арсен



Дата10.03.2023
өлшемі2,12 Mb.
#171718
Байланысты:
арченал

Қазақ математиктері жайлы деректер

Орындаған: Төлеміс Арсен

Оразбаев Базарбай Мәметұлы 1912 - 1981


Мәметұлы Оразбаев Базарбай Мәметұлы 1912 жылы қарашаның 11 - ші жұлдыз Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы Қараүңгір ауылында дуниеге келген. Физика-математика ғылымдарының докторы (1962), профессор (1965), Қазақстан Fылым Академиясының корреспондент мүшесі (1967). 1935 жылы Санкт - Пе­тербург (бұрынғы Ленинград) мемлекеттік университетін бітірген. 1937 - 1981 жылдарда ҚазПИ - де (қазіргі ҚазҰПУ), КСРО Ғылым Академиясының қазақ бөлімшесінің математика және механика секторында ғылыми, педагогикалық басшылық кызметтерін атқарған.
Heгiзгi ғылыми еңбектері алгебра және сандар теориясы мәселелеріне арналған. Оразбаев Алгебра ғылымы үшін маңызы бар Абельдік өрістегі сандардың орналасу заңдылығын зерттеген. Зерттеулері әлемдік деңгейге көтерілген. 100 ден астам ғылыми еңбектері, жоғары оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі бірнеше оқулықтардың авторы. 2 рет «Еңбек Қызыл Ту », «Құрмет белгісі» ордендерімен және бірнеше медальдармен марапатталған. 1981 жылы Алматыда кайтыс болған.

Тайманов Асан Дабысұлы 1917 - 1990



Тайманов Асан Дабысұлы 1917 жылы 7 қарашада Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Бейсен ауылында туылған. Көрнекті қазақ математигі, физика- математика ғылымдарының докторы (1961), профес­сор (1961), Қазақстан ғылым Академиясының академигі (1962). 1936 жылы Орал педагогикалық институтын тәмамдаған. Ұлы Отан соғысына қатынасқан. 1947 жылы кандидаттық диссертация қорғаған. 1947 - 1954 жыл­дарда Қызылорда педагогикалық институтында, 1954 - 1960 жылдары Иваново және Шуи педагогикалық инсти­тутында доцент болып қызмет атқарған. 1960 - 1967 жылдары және 1971 жылы СССР Ғылым Академиясының Ciбip бөлімшесінің математика институтында аға ғылыми қызметкер болып істеген. 1961 -1965 жылдары Ново­сибирск университетінің геометрия кафедрасының меңгерушісі болған. 1968 - 1970 жылдары Қазақ ССР ғылым Академиясының физика - математика бөлімінің академик - секретары болып жұмыс істеген. 1970 жылы Қазақ ССР ғылым Академиясының математика және механика институтының директоры болған.
Heгізгi ғылыми еңбектері: Теориялық жиындық топологияға, үздіксіз бейнеленудің таралуына, Борель жиынын зерттеуге, модельдер теориясына, Евклид кеңістігіндегі элементар теориясын т.б. зерттеген. Ол 50 - ден астам ғылыми еңбектердің авторы. Қазақстан үшін математик кадрлар дайындауда үлкен үлес қосқан ғалым. Еңбек Қызыл Ту ордеі және медальдармен марапатталған ipi математик. 1990 жылы Новосибирск қаласында қайтыс болған.

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989)


Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) - ғалым, физика- математика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген.
1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассисент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.
Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.

Назарларыңызға рахмет



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет