Қазақ мәдениетіндегі Т. Жүргеновтің орны. Сұрағанқызы Жансая Қызылорда қаласы



бет2/2
Дата12.03.2018
өлшемі130,54 Kb.
#39348
1   2
Келесі №880 «Гегегеу» әуені жыраулық дәстүрге тән қайырулардың үлгісі. Мұнда «нона» көлеміндегі дауыс тербелісін байқауға болады. Уақыт шеңберіндегі жоғарыда көрсетілген дыбыс ұзақтығы ешқандай да тұрақты дыбыстың ролін атқармайды. Қайырудағы ырғақтардың түрленуі синкопа, секвенция және т.б. құрылымдар қайырудың мазмұндылығын және оның философиялық ойдан хабар беретіндігін аңғартады.

6 мысал.


7 мысал.



Келесі №882 «Жоқтау» сарыны – бұл көнеден келе жатқан қазақ халқының тұрмыс, салт-дәстүр жырларының бірі. Бұндағы музыкалық-интонациялық құрылым қарапайым, мұңлы-зарлы, қарапайым диатоникалық басқыштар үлкен және кіщі терция және үлкен секунда мен прима дыбыстарынан тұрады. Мұндағы тұрақты дыбыстың орнын төменгі дыбыс айқындайды. Дауыс шеңберінің аралығын үлкен секста құрайды. Басқыштардың алма-кезек ауысып және үшінші басқыштың төмендетілуі дориялық ладтың жүйесін анықтайды. Дегенмен интонациялық құрылымның төмен және жоғары қарай үлкен терция арқылы секвенциялардың құрылуы, одан ары қарапайым басқыштардың төмен қарай тұрақталуы әуен құрылымының көне дәуірден бастау алатынын көрсетеді [3, 331 б.].

8 мысал.



9 мысал.

10 мысал.




Қорыта келгенде, А.Затаевич «Қазақтың 100 әні» жинағында күрделі өлшемдерді қолданған. А.Мусоргский өзінің еңбектерінде орыс «былиныларында» өлшемдердің ұзақ болуы (мысалы 4/4, 5/4, 6/8, т.б.) олардың интонациялық құрылымы мен иірімдерінің өзара байланысы, сөз мәтіндерінің еркін айтылуын көрсетеді деген.

Т.Қ.Жүргеновтен алынған әндердің құрылымын зерттеу арқылы бұл мақам-саздардың құрылымы жыраулық өнерге тән дәстүр екендігі анықталды.

Т.Жүргеновтің қазақ халқының әдебиеті, мәдениеті мен өнері саласындағы атқарған қызметі, елінің болашағына сіңірген қажырлы еңбегі бүгінде өз дәрежесінде бағалануда. Оның қызметі жүйеленіп, жазғандары түгел жарыққа шыққаннан кейін жүргеновтанудың аясы кеңейіп, міндеттері саралана түсетіні хақ.

Пайдаланылған әдебиеттер:



  1. Б.Иманғалиев. Т.Жүргенов. Алматы, 2012. -439 б.

  2. Қазақ ұлттық энциклопедиясы 4 том. Алматы,-103 б.

  3. А.Затаевич. 1000 песен казахского народа. Алматы: Дайк-Пресс, 2004. -494 б.

  4. Б.Ж.Оспанов. Дад дастаны. Музыкалық-этнографиялық жинақ. Алматы: Атамұра. -2002. Сорос-Қазақстан.

  5. Б.Ж.Оспанов. Дад дастаны және музыкалық-эпикалық дәстүр. Алматы: Мерсал. -2003.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет