Қазақ мемлекеті қалыптасқан XV-XIX ғасырлардағы ұлттық педагогикалық ойлар



Дата07.02.2022
өлшемі13,04 Kb.
#94245
Байланысты:
Этнопедогогика


Қазақ мемлекеті қалыптасқан XV-XIX ғасырлардағы ұлттық педагогикалық ойлар

Адамгершілік асыл қасиеттерге байланысты тағылымдық ой-пікірлер Асан Қайғының нақыл сөздерінде, толғау-жырларында кең көлемде орын тапқан. Асан Қайғы жастарды отанын, туған жерін, елін сүюге, қадірін түсіне білуге, қиындық бола қалса қорғай білуге үндейді.


Шалкиіз жыраудың жырлары болса жақсыдан жаманды айыра білуге, жақсының жақсылығын кезінде бағалауға шақырады. Шалкиіз өзінің жырында батырлардың ерліктерің, өзіндік ерекшеліктерін, кескін-келбетін балаларға үлгі-өнеге етіп ұсынады. Жыраудың көптеген нақыл сөздері сол кездің өзінде-ақ мақал-мәтелге айналып, халық арасына тарап кететін. Мысалы, «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық», «Жақсылардың өзі өлсе де сөзі өлмейді» т.б. Мақалдардың ең алғашқы Шалкиіздің аузынан шаққандығын бүгінгі таңдағы зерттеушілер дәлелдеп отыр.
Тағылымдылық ой-пікірлер Шалкиіз дәстүрін жалғастырушылардың бірі- Ақтамберді жырау шығармашылығында көптеп кездеседі. Оларда қазақтардың ой арманы, болмысқа деген өзіндік көзқарасы, мақсат-мүддесі, өмірі, тұрмыс-тіршілігі, мінез-құлық ерекшеліктері, қонақжайлығы бейнеленеді. Оны жыраудың «Күлдір-күлдір ксіснетіп» деген толғауынан байқау қиын емес. Жырау өзінің жырлары арқылы жеткіншектер мен жастарды ерлікке, батырлыққа, табандылыққа шақырды, таған елін, жерін дұшпаннан қорғап қалуға, олармен аянбай күреске шығуға жігерленеді.
Бұқар толғаулары да басқа ақын-жыраулардікі сияқты адамгершілік асыл қасиеттерді, достық қарым-қатынасты, адамдардың жас кезеңдерін, батырлардың ерлігін сипаттпайды, сөз өнеріне мән береді. Жыраудың сөз өнеріне мән беруі, оның қыр-сырын жете меңгеруі, оған деген көзқарасы да жеткеншектер үшін үлгі-өнеге болды. Жыраудың ел бірлігін жырлауы, яки қазақ руларының өзара татулықта болуын, «Өлетұғын тай үшін, көшетұғын сай үшін» құр бекерге жанжалдаспауын насихаттайды. Бұқардың бұл өсиетінің көкейкестілігі бүгінгі таңда бұрынғысынан да жоғарылап отыр.
Жыраулар ішіндегі ірі тұлғалардың бірі – Дулат Бабатайұлының шығармашылығы тағылымдық сарында жазылған. Онда жырау бала тәрбиесінің дұрыс қалыптасуын ата-ана мен жақсы адамдардың үлгі-өнегесімен байланыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет