Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы



Дата07.02.2022
өлшемі16,27 Kb.
#82372
Байланысты:
Эссе. ист


Эссе. "Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы"
Қазақ сұлтандары Жәнібек пен Керейдің дербес хандық құру туралы ойларының жылдар бойы қалыптасқандығын дәлелдейтін нақты жағдайлар бар. «Көшпелі өзбек» ханы Әбілқайырдың жаулау әрекеттері қазақтарды тығыз қоныстанған Сыр бойынан ығыстыра бастады. Бұл әрекеттер, әсіресе, 1446 жылдан басталды. Осы жылы Әбілқайыр хан Түркістан аймағын иеленіп,сондағы Сығанақ қаласын астана етеді. Сөйтіп, мемлекеттің саяси орталығы Керей мен Жәнібек сұлтандар ұлысы жеріне ауысады. Әбілқайыр хан Сырдың орта ағысы бойын иелену арқылы Дешті Қыпшақтың Орта Азиямен сауда қатнастарына өз бақылауларын орнатады. Сол сияқты Сыр бойындағы қысқы жайылымдар шайбанилық сұлтандар иелігіне көшті. Саяси әрі экономикалық аймақтан айырылу қазақ сұлтандарына үлкен соққы болып тиді.
«Көшпелі өзбек» хандығының, оның билеушісі Әбілқайыр хан 1457 жылы өз астанасы Сығанақ түбінде ойраттардан ойсыра жеңілді. Сол жылы Әбілқайырдың ішкі саясатына наразылық білдірген Керей мен Жәнібек сұльандар 200 мың қазақпен Моғолстанға қоныс аударды. Моғолстан ханы Есен Бұқаның оларды құшақ жая қарсы алудың екі себебі бар. Біріншіден, Есен Бұқа мен Керей өте жақын туыс. Есен Бұқа Керейдің қарындасына үйленген. Екіншіден, Есен Бұқа Керей мен Жәнібектің күшін пайдаланып, ойраттар мен Көшпелі өзбек хандығынан қорғану үшін шекараны нығайтуды көздеді. Қазақ хандығы Жетісудың батыс бөліғінде Шу мен Талас өзендерінің аралығында Қозыбас деген жерде негізін қалады. Осы тұста Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуға қоныс аударуының мәніне себептеріне мән беретін болсақ,ағайынды екі қазақ сұлтандарының көшпелі өзбек ханы Әбілқайыр ханның жүргізген ішкі-сыртқы саясатына, әсіресе, салықты көбейткен экономикалық қысымына қарсы наразылықтары деп білсек,екіншіден Жошы әулетінен шыққан Керей мен Жәнібектің алдына қойған ең басты мақсаты – жаңа қалыптасып біткен қазақ халқының мемлекетін дербес түрде құру болды.
Ең алғаш “Қазақ” сөзі мұсылман жазба деректеріндегі авторы белгісіз түркі-араб сөздігінде кездеседі. Ол сөздік мамлюктік Қыпшақ елінде құрылған деген болжам бар. Сөздік 1245 жылғы қолжазба түрінде жеткен және 1894 жылы Германияның Лейден деген қаласында басылып шығарылған. Бұл сөздікте қазақ терминінің «үйсіз», «кезбе», «қуғындалушы», «еркін» деген мағыналары берілген. XV ғасырдың екінші жартысында «қазақ» термині өзбек ханы Әбілхайырдан Шу мен Талас өңіріне көшкен тайпалар тобына бекиді. Жәнібек пен Керейдің Өзбек ұлысынан Жетісуға көшуі қазақ халқының этногенезінде шешуші рөл атқарды. Қазақтың этникалық территориясын біріктірді, осы арқылы қазақтың халық болып қалыптасу барысы біржолата аяқталды.
Тарихшы-ғалым М.Қ.Қозыбаев қазақ мемлекеттіліктің аумақтық тұтастықтың қалыптасуы, қазақтардың жоңғар басқыншыларына қарсы күресі, XVIII –ХХ ғғ. басындағы патшалыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыс және т.б. сияқты Қазақстан тарихының негізгі мәселелерін жарықтандыруда жаңа әдістерді жасады. Тарих ғылымында ол алғаш рет еуразиялық кеңістікте дала өркениетінің даму концепциясын әзірледі. Тарих ғылымының үлкен бір саласы болып табылатын деректану саласының жандануы академик М. Қозыбаевтың белсенді ғылыми қызметінің басталған кезеңіне сай келеді. Мұрағаттық құжаттармен жұмыс жүргізе отырып, деректану мен қазақ тарихының ашылмаған тұстарын зерттеу мәселелерімен айналыса бастаған ғалым Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы кезеніңдегі Қазақстан атты іргелі құжаттармен материалдар жинағын құрастырып, жарыққа шығаруға қатысқан. Қазақстанға қатысты мұрағаттық құжаттарды ірітеп жинаққа енгізіп, оларға ғылыми түсініктемелер жазып, соғыс кезіндегі республикамыздың өмірін айғақтайтын бүгінгі күнде ғылыми маңызы бар еңбектер болып саналады.
Академиялық ғылымының білім саласымен дәстүрлі байланыстарын дамыта отырып, М.Қ.Қозыбаев орта мектептер мен жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар мен оқу құралдарын шығарды. Мысалы, «Қазақстан тарихының хрестоматиясы».А.,1994: Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар туралы 60 томнан асатын «Зерде кітабы»,саяси қуғын-сүргін құрбандары туралы 5 томдық «Азалы кітап», мектеп оқушылары мен көпшілік қауымға арналған «Иллюстрированная история Казахстана» басылып шықты. М.Қ.Қозыбаевтың көптеген еңбектері ТМД елдері халықтарының тілдеріне аударылған, сонымен бірге АҚШ-та, Ресейде, Қытайда, Болгарияда, Германияда, Украинада, Америкада, Молдавия-да,Жапонияда, Иранда және т.б. елдерде жарық көрді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет