Байланысты: Қазақ мемлекеттілігінің эволюциясы Қарақат
Б.з. VI ғасырынан бастап оңтүстік аймақта шығыстан, Алтай, Сібір жақтан келген түркі тайпаларының басымдылығы байқалды. VI ғасырда Қазақстан жері түгелдей құдіретті бір тұтас мемлекет - Түркі қағанаты құрамына кірді. Жазба деректерден алғаш Түрік қағанатының (542 ж.) одан кейін Батыс Түрік қағанаты (603 ж.) сияқты феодалдық мемлекеттер құрылғандығы белгілі. Одан кейін Түргеш қағанаты ( 704-756 жж.), Қарлұқ қағанаты ( 756-940жж.), Оғыз мемлекеті (IX ғ. соңы - XI ғ. басы), Қимақ қағанаты (893 - XI ғ. басы), Қыпшақ хандығы (XI - 1219 ж.), Қарахан мемлекеті ( 942-1212 жж.) өмір сүрді. Осы мемлекеттердің ішінде қазақтардың халық болып қалыптасуына, әсіресе екі мемлекеттің тарихи рөлі ерекше болған. 1) Қарахан мемлекеті. Бұл мемлекеттің кезінде халық болып қалыптасу пісіп - жетіліп,қалалық өмір өркендеп, отырықшылық жанданып, қолөнер дамып, көрші жатқан елдермен сауда қатынасы артып, жалпы мәдени экономикалық дамуы өскен. Алғаш рет ислам дінін -мемлекеттік дін ретінде қабылдаған.Қыпшақ хандығы (XI - XIII) Ертіс пен Еділ арасындағы кең жерді иемденді. Хандықтың құрылуына байланысты этникалық процестер жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Бұл кезде қазақ тілінің негізі - әдеби қыпшақ тілі құрылып, сонымен бірге қазақтардың өзіне тән антропологиялық кескіні қалыптасты. Қазақ этногенезінде қыпшақтар этнос ретінде маңызды рөл атқарды, "Қазақ" сөзінің шығу тегінің өзі қыпшақтар мекен еткен аймақтар- да пайда болды.