Осы жылы мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Америка Құрама Штаттарына алғашқы сапармен барды.
Осы сапардың барысында: “Сауда қатынастары жөніндегі келісім”, “Қаржы салымдарын өзара қорғау жөніндегі шарт”, “Қазақстан Республикасы және АҚШ үкіметтері арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум”, “Қос қабат салық салуды болдырмау жөніндегі конвенция келісімі туралы бірлескен мәлімдемелерге” қол қойылды. Сөйтіп, екі жақты қарым-қатынастардың шарттық-құқылық негіздері қаланды.
1999 ж. желтоқсан айында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа тағы да бес күндік сапар жасап, екі ел арасындағы байланысқа жаңа жол ашты. Екі мемлекет арасындағы келісім барысында ХХІ ғ. басындағы басымдық беретін басты бағыттары айқындалды.
2001 жылы желтоқсанда Президент Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары барысында "Жаңа Қазақстан-Америка қатынастары туралы” бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.