Бағдарламада білім беруді дамытудың мынадай негізгі бағыттары көзделген: 1. Оқыту 6 жастан басталатын әрі жоғары саты оқушыларын бейінді және кәсіпке бағытталған жүйеде оқытатын 12 жылдық жалпы орта білімге көшу. 2. Орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру жаңа деңгейін құру. 3. Академиялық кредиттер жүйесіне негізделген кәсіби кадрларды даярлаудың үш сатылық жүйесін: бакалавриат-магистратура-докторантура (Ph.D) құру. 4. Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру.

Серпін бағдарламасы дегеніміз не? «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясында айқындалған басымдықтарды жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралардың қатарына кіреді. Стратегияға сәйкес дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін білікті мамандар даярлау мәселесі өзекті болмақ. Осыған орай Қазақстан Республикасы Үкіметі жастар мәселесіне арнап «Мәңгілік ел жастары-индустрияға!» әлеуметтік жобасынұсынған болатын. Бұл жоба «Серпін-2050» деп аталады.