Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының



бет3/46
Дата08.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#119952
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
Қазақ тіл біліміндегі таным теориясының ғылыми-әдістемелік негіздері

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ лингвистикасын зерттеп, алғаш оның түп негізін қалыптастыруға зор еңбек сіңірген ғалымдардың еңбектерін танымдық жағынан бүгінгі жаңа парадигма аясында қарастырудың маңызы зор. Осы мәселеге байланысты қазақ тіл ғылымының алғашқы бастамасын А.Байтұрсынұлы еңбектері құрап, тіл арқылы ұлтты, адамзатты, халықтың мәдениетін, тарихын, әлеуметтік ортасын, қоғамын зерделеу кейін Қ.Жұбанов пен С.Аманжолов зерттеулерінде жалғасын тапты.
Қазақ тіл білімінің басында тұрған тұлғаларымыз А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов тіл табиғатына зерттеу жүргізгенде тілдің танымдық қызметіне айрықша көңіл бөліп, оны ішкі көкей көзбен сезе біліп, тіл болмысына әсер ететін сыртқы және ішкі факторлар мен себеп-салдарды
жан-жақты ескере отырып, тілтанымдық мәселелерді біртұтас жүйе ретінде сипаттап, маңызды тұжырымдар жасады.
Қазақ тіл ғылымының аса көрнекті өкілдері, ғұлама ғалымдар А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов пікірлеріне зер салу көрнекті тұлғалардың мұрасын зерттеп, тануға ықпал ете келіп, лингвистиканың қазіргі даму бағытын анықтаумен қатар, диахрониялық және синхрониялық ілімнің даму әдістерін игеруге мүмкіндік береді, қазақ тіл біліміндегі сабақтастықты тануға дәйек болады.
А.Байтұрсынұлы тіл болмысымен таным теориясын сабақтастырып,
«тіл– адамның адамдық белгісінің зоры»[1;13] деп тұжырымдайды. Ғалым тіл мен таным бірлігі негізінде қалыптасқан адамдық құндылықтарды, қасиеттерді тіл болмысы арқылы түсіндіруге тырысты. Ол тіл арқылы бейнеленетін таным теориясы негізінде ұлттық қасиеттер, салт-дәстүр, әдет- ғұрып, ұлттық мінез, мәдени құндылықтар туралы ақпараттан адамның ой- өрісі артатындығын нақты мысалдармен көрсетті. Көрнекті тілші адам баласын, оның болмысын, ұлтын, мәдениетін, мінезін т.б. құндылықтарды тіл арқылы зерттеп, зерделеуге болатындығы туралы пайымдауларын мұра етіп қалдырды. Тіл табиғатының сырына терең үңілген А.Байтұрсынұлы таным теориясын адам жаратылысымен, физиологиясымен байланыстыра зерттеп сипаттаса, Қ.Жұбанов: «әрбір құбылысты адам өз тарихи дәуірі тудырған көзқарастары арқылы көреді. Сондықтан әрбір ұлттың, оның ішінде әрбір таптың өзіне жақын, һәм алыс құбылыстары болады»[2;39]-деп, таным теориясын сыртқы дүниемен, тіл әлемімен сабақтастыра түсіндірді. Табиғатпен біте қайнасқан адам санасындағы тұтас әлем тілде көрініс тауып отыратынын айтқан ғалым алғашқы дәуірде де адамдар танымы абстракцияланғанын меңзейді. Қ.Жұбанов еңбектерінде тіл мен тарих, халық пен таным, ұлт пен мәдениет ұғымдары өзара сабақтас қарастырылған.
Қазақ тіл білімінің көрнекті тұлғасы, тілші-ғалым С.Аманжолов еңбектерінен де таным теориясына арналған тұжырымдар мен пайымдарды аңғаруға болады. С.Аманжолов таным теориясы жайында А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көзқарастарын жалғастыра келіп: «Әр халықтың тілі өзінің сана-сезіміне ой-өрісіне сәйкес түрде ғана ойдың суретін, бейнесін бере алады» [3;14] -деген пікір айтады. С.Аманжолов өз зерттеулерінде халықтың, ұлттың, этностың даму тарихына, жүріп өткен жолына үңіле отырып, дүниетанымдық қағидаларға айрықша назар аударады. Тіл тарихы мен ұлт тарихын бірлікте зерттей келіп, ғалым тіл табиғатын, жергілікті диалектілерді, ру, тайпа тілін географиялық мекен-жаймен, ел, жер атауларымен тығыз байланыста қарастырды. Ғалым халықтық ұғымдардың пайда болуы, жаңа мәнге ие болуы қарым-қатынас тілі арқылы көрінетіндігіне көңіл бөлді.
Қазақ тіл білімінің көрнекті ғалымдарының еңбектері қазіргі қоғамның әлеуметтік, саяси, мәдени, рухани өміріндегі құндылықтарды жаңаша көзқараспен талдауға, танымдық тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді. А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжоловтың тіл біліміне қосқан баға
жетпес зерттеулеріндегі ұлттану, әлеуметтану, елтану мәселелерін қазіргі мәдени-рухани өмірімізбен ұштастыра отырып, тілдік көрсеткіштер арқылы зерделеп, меңгеру ұлт тарихын терең білуге үйретеді; ұлт зиялыларының көкейтесті пікір-көзқарастарын бүгінгі қоғаммен сабақтастыра талдауға мүмкіндік береді. Зерттеу нысанасы болып табылатын аса көрнекті қоғам қайраткерлері, ұлы ғалым-тілшілердің таным теориясына қатысты пікірлері, көзқарастары, тұжырымдары қазіргі кезеңде де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Зерттеушілердің ұлтқа, қоғамға, дүниетанымға қатысты ой-пікірлерін, көзқарастарын талдау арқылы таным теориясының тіл біліміндегі ғылыми жүйесін қалыптастыруға болады. Сондықтан тілші-ғалымдардың тілдің танымдық табиғатына қатысты лингвистикалық мұраларына ғылыми талдау жасау тек тіл білімі үшін ғана емес, жалпы адамзат игілігі үшін де қажет екендігі сөзсіз. Осы бағыттағы зерттеулер қоғамдық ортадағы ұлттық қасиеттерді, мәдени-рухани құндылықтарды, тіл байлығын, ұрпақтан ұрпаққа мұра болып саналатын ерекше қазына – сөздік қорды сақтауға «Мәңгілік Елдің» мәңгілік рухы – қазақ тілінің «Ұлы Дала Елі» идеясына сәйкес мағына-мамұнын жүзеге асыруға игі ықпал етеді.
А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С. Аманжоловтың ғылым мұрасы – бүгінгі ұрпақ үшін ғылыми мәнін жоймаған, ғылыми-теориялық, танымдық көзқарастары мен пікірлері қазіргі қазақ тіл білімінің көкейтесті мәселелерімен байланысты жаңа еңбектерге методологиялық негіз болатын дүние. Ғалымдардың тілдің танымдық қырын ашатын пікірлері, тіл арқылы ұлттық құндылықтарды тануға ықпал ететін көзқарастары мен тұжырымдары

  • түрлі ілім салаларын тоғыстыратын, таным теориясының қалыптасу тарихы мен даму кезеңдерін, басты ұстанымдарын анықтауға мүмкіндік беретін маңызды түйіндер. Аталмыш мәселелер жұмыста лингвистиканың қазіргі даму бағыттарымен байланысты сөз бола келіп, таным теориясының қалыптасу, өсу жолдарын анықтайды, білім беру жүйесіндегі нәтижеге жетудің әдістемелік негіздерін айғақтайды. Оқу үдерісіндегі тарихи кезеңдер мен бүгінгі күннің сабақтастығын танымдық тұрғыдан дәйектейді. Мұның бәрі оқыту үдерісін жақсартады. Осы айтылған мәселелер зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.

Зерттеу жұмысында:

    • Қазақстандағы жоғары білімді дамыту стратегиясының қағидалары мен жас ұрпақты ұлттық, рухани құндылықтарды танып білуге үйрету арасындағы;

    • А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, С.Аманжолов еңбектеріндегі танымдық пікір-тұжырымдарын зерделеу мен оны оқытудың әдістемелік жүйесін әзірлеу арасындағы;

    • кәсіби маманның интеллектуалды құзыреттілігін қалыптастырудың өзектілігі мен оны оқу үдерісінде жүзеге асыру арасындағы байланыстар мен қайшылықтарды шешу көзделді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет