Дүниетану (25 балл) Сіздер барлықтарыңыз ұнтақ жарма (манка), тары (пшёнка), арпа жармасының (перловка) ботқасын жеген боларсыздар. Ал қай жарма қандай дақылдан тұрады? 1б.
Орманда өсетін қарағайдың төменгі бұтақтарықурап, түсіп қалады, ал шыршанікі қартайғанша сақталады. Мұны қалай түсіндіруге болады? 1б.
Көптеген саяжайшылар картоп жинаудан 1 апта бұрын оның сабағын шауып алады. Неліктен? 2б.
Қоймалардағы астықты қыс кезінде бірнеше рет бір жерден екінші орынға ауыстырып, қозғап отырады. Неге? 2б.
Біздің облысымыздың аумағында ауаны шаңнан ғана емес, сондай-ақ, көмірқышқыл газынан және радиациядан барлығынан да артық тазартатын ағаш бар. Қандай ағаш туралы сөз болып тұр? 2б.
Біздің аймақта жылқы шаруашылығы – мал шаруашылығының маңызды бір түрі. Тәжірибелі жылқышылар егер жылқы пысқырса, оның шошығанын біледі. Мұны қалай түсіндіруге болады? 3б.
Тәжірибелі балықшылар шаянның белгілі бір жыл мезгілінде Ертіс жағасына және оның тармақтарына шығатынын біледі. Бұл қашан және неліктен болады? 3б.
Қазақстанның жануарлар әлемінің кең тараған бір түрі – қоян. Табиғат оған үлкен құлақ берген. Не үшін? 3б.
ҰОС ардагерлері Курск доғасында оқтың бағытын жұлдыздар бойынша, Ай бойынша, рельс бағыты бойынша анықтаған жағдайлар болғанын еске алады. Бірақ компас (құбылнама) көрсеткішін пайдалануға болмады. Неге?
4б. Дауыл шыршаларды қозғалтады, ал қарағайларды сындырады? Неліктен? 4б.