Қазақ тілі 3 сынып.
1. Заттың атын білдіретін сөздерге мысал келтір.
2. Сөйлем дегеніміз не?
3. Заттың түрін, түсін ,сапасын білдіретін сөздерге мысал келтір.
4. Заттың қимылына , санына мысал келтір.
5. Хабарлы сөйлем нені білдіреді?
6. Мына сөйлемнен кім? Не? сұрағына жауап беретін сөздерді тап, астын сыз. Дулат көшеге шықты. Күнді бұлт жапты.
7. Асқар таудан елік ұстады . Осы сөйлемнің байланысын тап.
8. Әсет он екі жасқа толды. Осы сөйлемнен сан есімді тап.
9. Есептік сан есімге мысал келтір.
10. Реттік сан есімге мысал келтір.
11. Зат есімнің көпше түріне бірнеше мысал келтір.
12 Жалпы есімге бірнеше мысал келтір.
13 Жалқы есімге бірнеше мысал келтір.
14 А әрпінен басталатын бірнеше қала аттарын жаз.
15 Дөңгелек, аспан, таза сөздерін қатыстырып бірнеше сөйлем құрастыр.
16 Қандай ? деген сұраққа жауап беретін бірнеше сөздер жаз.
17 Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін бірнеше сөздер жаз.
18 Асхана, дәрігер, күйші, балапан сөзерінің түбірі мен қосымшасын тап.
19 Қарт, қашық, әдемі, асау сөздеріне мәндес сөздерді жаз.
20 Ащы, ақ, таза, аласа, ұзын, жуан сөздеріне қарсы мәндес сөздер жаз.
Қазақ тілі 3 сынып . Тест
1. Құлағы ұзын, көзі дөңгелек, бойы аласа кішкентай жануар – бұл мәтіннің бөлігінде
А ) сипаттау. Б) әңгімелеу В) пайымдау.
2. Орман ішінде бір лақ келе жатыр еді, бір нәрсе елең ете қалды-
А)Әңгімелеу Б) сипаттау В ) пайымдау
3 . Қазақ тілінде неше әріп , неше дыбыс бар?
А) 42әріп 40 дыбыс Б) 32әріп 30дыбыс В) 33әріп 40дыбыс
4 . Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді? А) 2 Б) 4 В) 1
5. Дауыссыз дыбыс нешеге бөлінеді? А) 4 Б ) 3 В) 5
6. к, қ, п, с, т, х, ч, ш, щ, ц, ф – бұл қандай дыбыстар?
А) қатаң Б) ұяң В) үнді
7. Көгершін сөзінде неше дауысты дыбыс бар? А) 5 Б) 3 В) 4
8. Мақалдың жалғасын тап.
Еңбек етсең ерінбей, ---------------------------------.
Отансыз адам, ---------------------------------------------.
9. Сөздерді буынға бөл. Бауырсақ, қызғалдақ, әңгелек.
10. Есептік сан есімді, реттік сан есімге айналдырып жаз.7 .6. 5.
11 . Бас әріппен жазылатын сөздер А) жалпы есім Б) жалқы есім В)сөз табы
12 Не істеді? Не қылды? Қайтты? сұрақтарына жауап беретін сөзді тап. А) адам, қала Б) ұшты, күлді В ) келді, күн.
12. «Таяз» сөзі қай сөз табына жатады? А) Зат есім Б) сын есім В ) етістік.
13. Дара сан есімді тап. А ) 25 Б ) 6 В) 19
14. Сөйлем ішінен зат есімді тап. Аспанда көп қаздар ұшып жүр. А) аспанда Б) қаздар В) ұшып жүр
15. Сөйлем ішінен етістікті тап.
Оқушылар сабаққа кірді. А) оқушылар Б) сабаққа В) кірді
16 . Жіңішке дауысты дыбыстар қатарын көрсет.
А) а, б, в,д, г, е Б) ә, ү, е, і, ө, и В ) а, о, ұ, ы
17 Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсет. А) к, с, р, ж, у
Б) а, о, ұ, ы В) е, ә, ө, і, и
18 Қандай ? деген сұраққа жауап беретін сөзді тап. А) ана
Б) көркем В) еңбек
19. Дұрыс жазылған сөзді тап. А)әңгелек Б) бода В) әнгелік
20. Мына берілген мақалдан қимыл сөзді тап. Астын сыз.
Анаға қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Қазақ тілі 3 сынып.
1. Мәтіннің қандай түрлері болады?
А)Әңгімелеу, сипаттау , көркемдеу
Б) әңгімелеу, сипаттау, пайымдау.
В)пайымдау , дәлелдеу, түсіндіру
2. Күрделі сын есім қайсысы?
А) күрең қызыл Б) қызыл В) көкшіл
3. Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі А) түбір Б)жұрнақ В)жалғау
4. Мәтін дегеніміз не? А) ұзақ бір сөйлем Б) Мағынасы жағынан байланысқан екі немесе одан да көп сөйлем.
5. Қарсы мәндес сын есімді көрсет. А) биік – аласа Б) әдемі, сұлу, көркем В) алыс, қашық.
6 . Реттік сан есімнің сұрағы қандай? А) қанша? Неше?
Б) нешінші? В) нешеу?
7.Дұрысжазылған сөйлемді табыңыз. А) Ақмерей далаға гүл екті. Б) Ақмерей гүл екті далаға. В) Екті гүл Ақмерей далаға.
8. Сөйлемді белгіле.
А)Ұшып кетті. Б) құстар
В) Құстар жылы жаққа ұшып кетті.
9 . Жұрнақ дегеніміз не? А) Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша Б) Сөз мағынасын өзгертетін қосымша. В\ Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем.
10. Жалғау дегеніміз не? А) Сөздің бөлінбейтін бөлігі.
Б) Сөздің мағынасын өзгертуші бөлігі
В) Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.
11. Жұрнақ жалғанған сөзді табыңдар.
А) көлге Б) көлшік В)көлдер
12. Жалғау жалғанған сөзді көрсетіндер.
А) орындар Б) орынбасар В) орындық
13. Төмендегі берілген сөздер қатарынан көп мағына беретін сөздер қатарын табындар. А) Жерге түс, қарындаштың түсі, түс көру.
Б) Түс жору, ұйықтау, ояну. В) Ақ түсті, ақ көйлек, ақшақар
14. «Инемен құдық қазғандай» деген мақалды қалай түсінесің?
А) Ерінбей , үздіксіз оқыған деген сөз.
Б)Күнімен ойнады
В)Бір – біріне ақыл айтты.
15. Бұзау ненің төлі? А)Қойдың Б)Сиырдың В)Түйенің
16. Еңбек етсең ерінбей , тояды қарның тіленбей . деген мақалды қалай түсінесің?
А)Еңбекке шақыру
Б)оқуға шақыру
В)Ұйқыға шақыру.
17. Ақ гүл, ақ мақта сөзіндегі ақ сөзі заттың несін білдіреді?
А) Заттың түсін Б) Заттың қимылын В) Заттың атын.
18. Өлең сөзінің ұйқасын тап.
Өзі ноян, Қорқақ не ? А)Қоян Б)Түлкі В)Қасқыр.
19. Биші. Осы сөздің түбірін, жұрнағын , жалғауын тап.
А) Түбір ,жұрнақ Б) жұрнақ , жалғау В)түбір, жалғау.
20 . Арман қызыл ала бұзауды айдады. Осы сөйлемдегі сын есімді тап.
А) Арман Б)қызыл ала В)айдады
Достарыңызбен бөлісу: |