Дауысы шаршау шығады. Бұған не болған дегендей әкесіне алара қарайды. Әуелде қу- сүйек, жеп- жеңіл болып көрінген әкесі, енді зіл қара тас секілді. Жігіттің қол-аяғының буын-буыны кетіп шаршайды. Осылай титықтап келе жатқан кезде артық сөздің өзі-артық қамшы. Арқасы терден удай ашиды. Ашуланып аударып тастай салатын зат емес. Әке. Ал әкесі баласының бұл күйін білмей келе жатқан сияқты. Ат үстінде отырғандай жайбырақат көңілді. Не болса соны әңгіме етіп қояды. Сүт пісірім уақыт өткен соң, жаңағы сұрағын үшінші рет қояды.
Анау не, балам !
Жігіт қарайды да: -Түйе ғой, түйе ! – деп ақырып жібереді.- Осымен үшінші рет сұрадың. Неге қажет сонша. Мен мынау өлейін деп...
Балам, тоқта, түсейін арқаңнан, болды енді, - дейдіөкпелеп.
Неге ? Отыра бер !
-Жоқ. Болмайды. Әкеңнің бір еркелігін көтермедің. Баяғыда сен арқамда отырып, аспандағы жалғыз айды: «О не ?» - деп жүз сұрасаң, ерінбей- жалықпай жүз рет жауап беруші ем. Жылқының түнгі күзетінен титықтап келгенде де, бетіңе жел боп тимейтінмін. Жасқаншақ болмасыншы дейтінмін. О, дүние- ай! Енді бұл аурудан айығам деген үмітім жоқ, тек сенің көңілің үшін шықтым. Бір еркелігімді көтермедің. Қой, осы жерден елге қайтам! – деді әкесі. Бәрі көңілге байланысты ғой, мүмкін, еркелігін көтерсе, әкесі сырқатынан жазылып та кетер ме еді, кім білсін... Сөздік: тәнті болу, көз ұшында, діңкелеу. Мазмұндама жоспары: Баланың серті.
Әкенің ауруға ұшырауы.
Әке парызын орындау.
Әкесін арқалаған жігіт.
Әкенің сұрағы.
Екінші, үшінші сұрақ
Әкенің сөзі.
Мәтінді тағы бір рет қайталап оқып шығу. Жоспар бойынша талқылау. Тыныс белгілеріне тоқталып кету. Үйге тапсырма: 129 – жаттығу. Ережелерді қайталап келу.