3 Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілгенөзгерістер мен толықтырулар 2022-2023 оқу жылында «Қазақ тілі» пәнінен 5-11-сыныпта оқу процесі:
5-9-сыныптарбойынша«Қазақтілі»пәнініңмазмұны«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістерментолықтыруларҚРБҒМ2019жы26шілдедегі№334бұйрығыменбекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
10-11-сыныптар бойынша «Қазақ тілі» пәнінің мазмұны «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен (07.03.2019ж.№105бұйрықпенөзгерістерменжәнетолықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады:
жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;
жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.
Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 7-сыныбында «Қазақ тілі» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) негізінде жүзеге асырылады.
«Қазақ тілі» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мақсаты оқушының тіл сауаттылығы мен сөз байлығын дамытуды, әлеуметтік ортада еркін қарым-қатынасқа түсуін жетілдіруді және дүниетанымдық дағдыларын
кеңейтуді көздейді. Бағдарламаның білім мазмұны қазақ тілі арқылы оқушыларға қазақ халқының материалдық және рухани құндылықтарын, қазақ халқының салт-дәстүрін құрметтеуді, қазақша сөйлеу әдебі мен әдетін дағдыландыруды және қазақ әдебиеті үлгілерін терең меңгертуді мақсат етеді және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйретеді.
Негізгіортабілімберудеңгейіндегі«Қазақтілі»пәніноқыту: «Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік бағытқа негізделіп құрастырылған. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді.
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы білім алушыға қазақ тілін ана тілі ретінде тілдік қатынас және таным құралы ретінде оқытуды, сөз, сөз тіркесі, сөйлемнің мәтін түзімдік қызметін танытуды, тілдік бірліктердің табиғатына сай мәтін құратуды, мәтін құратудағы заңдылықтарды үйретуді, тілдік жағдаяттарда ауызша және жазбаша сөйлеудің нормаларын меңгертуді, әсерлі сөйлеудің лексика-грамматикалық тәсілдерін меңгертуді көздейді.
Жалпы орта білім беретін мектептерде «Қазақ тілі» пәнін оқытудың мақсаты – ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, сондай-ақ қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:
өмірлік қажеттіліктерінде коммуникативтік әрекеттер түрінде (тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым) сауаттылықпен қолдану дағдыларын қалыптастырады;
тіл бірліктерінің қарым-қатынас құралы болу, ойды білдіру, таным құралы болу, ақпаратты сақтау құралы болу қасиеттерін функционалдық- коммуникативтік бағдарда танып біледі, соған лайықты машықтар мен дағдыларды қалыптастырады;
тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу;
мәтіндерге қойылған мақсатқа сәйкес қорытынды, синтез, анализ жасау дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ тілі» пәнінің бағдарламасы білім алушының тіл сауаттылығы мен сөйлеу сауаттылығын, сөз байлығын, басқалармен еркін қарым-қатынасқа түсу қабілетін дамытуды және ойлау қабілеті мен танымдық дағдыларын жетілдіруді көздейді.
Ақпаратты талдау, жалпылау, жіктеу, сондай-ақ әртүрлі жанрда және стильдерде мәтіндер жазу, жеке, іскерлік хат жазысу, түйіндеме, мақала, аннотация, тезис құрастыру, берілген тақырып бойынша эссе жазу дағдылары мен қабілеттерін жетілдіру тілді оқуды ынталандыруға септігін тигізеді.
Сабақ жоспарын құрастыру барысында оқушылардың деңгейі мен қажеттілігіне сай әдеби тіл нормаларын қалыптастыруға назар аударған дұрыс. Тілдік бірліктер мен құрылымдарды, яғни грамматиканы оқыту коммуникативтік контекст негізінде жүзеге асырылуы керек. Яғни мұғалім тіл
туралы білім қалыптастырудан гөрі тілдік қолданыс, грамматиканың функционалдығына назар аударуы тиіс.