«Қазақ тілі», «Қазақ Әдебиеті» ПӘндерін оқытудың ерекшеліктері оқыту қазақ



бет7/14
Дата10.09.2023
өлшемі126,63 Kb.
#180636
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Байланысты:
ӘНХ қысқаша 2022-23 оку жылы

Оқу пәнінің мазмұны бойынша Үлгілік оқу бағдарламаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

2022-2023 оқу жылында «Қазақ әдебиеті» пәнінен 5-9-сыныптардағы оқу процесі:

  1. «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ м.а. 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (өзгерістер мен толықтырулар ҚР БҒМ 2019 жылғы 26 шілдедегі №334 бұйрығымен бекітілген) бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

  2. Негізгі орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын (төмендетілген оқу жүктемесімен) таңдаған білім беру ұйымдарындағы оқу процесі «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2020 жылғы 27 қарашадағы № 496 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім беру деңгейінің 8-9-сыныптарына және жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен оқу жүктемесі төмендетілген үлгілік оқу бағдарламасы (оқыту қазақ тілінде) негізінде жүзеге асырылады.

10-11-сыныптардағы оқу процесі:
«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 2013 жылғы 3 сәуірдегі
№ 115 бұйрығына өзгерістер пен толықтырулар енгізу туралы» ҚР БҒМ 2017 жылғы 27 шілдедегі №352 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламаларымен (07.03.2019 ж. №105 бұйрықпен өзгерістер мен және толықтырулар енгізілген) жүзеге асырылады:

  • жалпы орта білім беру деңгейінің жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы;

  • жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы.

«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың ерекшеліктері
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың бойында гуманистік, адамгершілік-эстетикалық, ұлттық құндылықтарды тәрбиелеу; ұлттық әдеби туындылармен қатар әлем әдебиеті туындыларымен таныстыру; көркем шығарманы тануда қажетті біліммен қаруландыра отырып, шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде көркемдік тұтастық пен көркемдік бейнені талдау, жинақтай білу, шығарма идеясын, жазушы ұстанымын бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламалары оқушылардың бойында адамгершілік, рухани құндылықтармен қатар функционалдық сауаттылығын арттыруды, көркем-әдеби шығарманы талдау дағдыларын қалыптастыруды көздейді.
Әлемдік және кеңестік әдебиет классиктерінің шығармаларын зерделеу, салыстырмалы талдау жүргізу, қазақ, орыс және әлем әдебиетінің тақырыптарын салыстыру қабілеттерін қалыптастыру мақсатында әлем әдебиетінің туындыларын оқыту қарастырылған.
«Қазақ әдебиеті» пәні әдебиетті өнердің басқа салаларымен (кескін, театр, кино, музыка) салыстыра қарастырып, өз ойын еркін, дәлелді, сараптай, салыстыра отырып жеткізе білетін тұлғаның қалыптасуына үлес қосады. Сонымен қатар әдебиетті «Қазақ тілі», «Тарих», «Орыс әдебиеті», «География» пәндері, мәдени, қоғамдық және тәрбиелік шаралармен байланыстыра отырып жүзеге асыру көзделеді.
«Қазақ әдебиеті» пәнінің оқу бағдарламасы үш негізгі дағдыны басшылыққа алады: түсіну және жауап беру; анализ және интерпретация; бағалау және салыстыру.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі аясындағы бөлімшелер білім алушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: көркем шығарманың мазмұны мен пішінін анықтау және талдау; әдеби шығарманың тұжырымдамасын айқындай білу; көркем шығармадағы образды ашу және сипаттау; шығарма үзінділерімен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет