«Сөйлесейік!» айдары бойынша оқушылар оқулықтағы суретке назар аудара отырып, рөлдік ойынға қатысады және Еркін ағаймен танысады. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылар өздерінің алдыңғы алған білімдерін қолданады. Оқушылар Еркін ағайдың арбасына отырып, өздерін таныстырады:
Мысалы:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар?
-Сәлеметсіз бе, аға! Сізге қонаққа келдік.
Оқушылар бір-бірін «Басбармақ» әдісі арқылы бағалайды. Тапсырма ауызша орындалады және оқушылардың –д/-де/-та/-те септік жалғауларын қолданып сөйлеу білігін қалыптастырады.
|
8 мин
|
Мұғалім-сынып
|
Сурет, оқулық
|
«Тыңдайық және оқиық» тапсырмасын орындауда оқушылар мәтінді тыңдайды. Мәтінде оқушылар өздерін қалай таныстырды? Тапсырма оқушылардың сабақ барысында алған ақпаратын өздері білетін мәліметтермен салыстыра отырып, қорытындыға келуге бағытталған. Мұғалім әр тапсырманы орындауда саралауды ескеруі қажет. Ол үшін өзін ерекше таныстырған оқушыларды ескеріп, қосымша сұрақтар немесе бағыттау сұрақтарын беруіне болады. Оқушылардың жауаптары сынып немесе мұғалімнің мадақтауы
арқылы бағаланады.
|
5 мин
|
Жеке ж. Жұптық жұмыс Сынып
|
|
«Тыңдайық және жауап берейік» айдарында оқушылар тыңдалған мәтіннің мазмұны негізінде сұраққа жауап береді, кестені толтырады. 4.1.2.1 бейтаныс сөздер мен сөз тіркестері бар мәтіннің мағынасын мәнмәтінге қатысты анықтап түсіну оқу
мақсаты игертіледі.
|
7 мин
|
Жеке ж.
Сынып
|
Оқулық
|
Сыныптың білім деңгейіне қарай оқушыларға қосымша тапсырма беріледі. Оқушыларға тірек сөздер беріледі, оқушылар тірек
сөздерді пайдалана отырып, сөйлемдер құрастырады. Тапсырма ауызша орындалады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |