2.3.Тарихи тұлғаны суреттеудегі жазушы шеберлігі Әр халықтың жүріп өткен,бастан кешірген тарихы бар.Ал сол тарихты зерттеп,дәлме дәл көркем әдебиетте суреттеу ол әркімнің қолынан келе бермейтін іс. Жалпы халықтың өткен өмірн,бастан кешірген тағдырын суреттеуге қазақ әдебиетінде өз үлесін қосқандарда жетерлік.Соның бірі де бірегейі Шерхан Мұртаза.
Шерхан Мұртаза ұлтымыздың рухани дамуына әдебиетіміздің өркендеуіне өміршең шығармаларымен үлес қосқан халық жазушысы.Оның шығармашылығынан заман үрдісін,уақыт тынысын,халық тағдырын,белгілі тарихи тұлғалардың азаматтық бет бейнесін терең тани түсеміз.Бұған дәлел-қазақ прозасындағы Абай жолы,Қан мен тер,Үркер,Боран шығармаларымен қатар тұратын «Қызыл жебе» романы.Ол әдебиетіміздегі кесек дүние.Бұл шығарма Шерхан шеберлігінің жаңа қырын танытқандай.Ал осы тарихи романдардағы өмір шындығы мен көркемдік шешімнің өзара үйлесуі шығарманың көркемдік құнын айқындауға мол мүмкіндік береді. Себебі, шығармадағы өзекті мәселелердің шешімін табу тарихи шындыққа ғана қатысты емес, шындықты дамыту арқылы тарихи тұлғалардың сомдалуында шешілуі тиіс. Бұл тұрғыда автор романда Тұрар Рысқұловтай тұлғаның бейнесін өз шеберлігімен көркем сомдай білген. Тарихи романдардың сомдалуындағы, авторлық шешімдер жасаудағы, сонымен бірге романның ажар-тынысы болып саналатын образдарды өмірге алып келу кімнің болсада қолынан келе бермейтіні анық. Романда шығарманың құнын арттыра түсер, тарихи оқиғалардың өзін жазушы іріктеп, өзінідік талқыға салып, өмір шындығы мен көркемдік шешімді байланыстыра дамытқанын түсінгендейміз. Осы тұста жазушының: «Тұрар Рысқұлов тақырыбы — мәңгілік тақырып. Ол - өзінің туған халқымен бірге өмір бойы жасай беретін тарихи тұлға, кесек тұлға. Қарама-қайшылығы да бір басына жететін жұмбақ адам. Сондықтан да мен осымен Тұрарды жазып біттім, енді онда ешкімнің шаруасы жоқ дей алмаймын және олай деуге ешқандай хақым жоқ. Тұрар — халықтың адамы. Сондықтан да Тұрар туралы әңгіме біздің өз елімізде, басқа туыс елдерде де болашақта жалғаса береді деп ойлаймын. Әрине, жазушы ретінде, азамат ретінде мен өз әл-қадірімше, шама-шарқымның келгенінше Тұрекеңнің бейнесін әдебиетте, драматургияда біраз сомдаған болдым. ...Тұрартану кезеңі енді басталатын сиякты көрінеді маған. Бұрындары бұл такырыпқа қалам тарту, әрине, оңай тірлік болмайтын. Архив материалдарына қол жеткізу машақаты өз алдына бір хикая...
Қазір, шүкір, ешкім қолыңды қақпайды. Тіпті, баяғыда есігінің алдынан өтуге сескенетін үлттық қауіпсіздік комитеті де есігін айқара ашады. Жазамын, зерттеймін деген адамдарға жол ашық» [5, 5] деген жүрекжарды пікірі, бастауы сонау өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастау алған Т. Рысқұлов туралы романдар легінің көп жерінде өз ойын терең аша алмағанын байқаймыз.
Шындық дегеніміздің өзі әдебиетке тән көркемдік шарттылықпен жалғаса келетіні белгілі. Шындықты өмірде болатын, болуы мүмкін нәрселерді әсірелеп, күшейтіп, тіпті нақтылы қалпын мүлде өзгертіп көрсету арқылы да айқын танытута болатынын ескермеуге болмайды» [6, 6] - дейді академик З. Ахметов.
Демек, «Қызыл Жебедегі» тарих ол жазушы көкірегінде қайта қорытылған көркем шындық. Ол тарихи дерек пен көркемдік әлемінің тоғысынан тұрады. Нақты өмір фактілеріне зейін қойып, шынайы тұлғасының болмысына, психологиясына, көзден таса ішкі жан сырына барлау жазушы шеберлігіне тікелей қатысты. «Қызыл Жебе» романы Тұрар сынды қаһарман арқылы бүкіл бір елдің тағдырын, тарихи дамуын көрсетеді.
Осы тұрғыдан қарастырғанда тарихи тұлғаға айналған қайраткердің көркем әдебиетте өз дәрежесінде тұлғалануы бастан кешірген өмірінің ең өзекті тұстарын, шиыршық атқан драмалы сәттерін, халық тағдырына айрықша әсері бар зор оқиғаларға ықпалды кезендерін жазушының сұрыптап алғандығын байқаймыз. Жазушы үшін қолда бар нақты өмір шындығын образға айналдырар жолда ойдан шығару ең қажетті тәсіл. Ойдан шығару шығармаға қажетті материалдарды автордың көздеген мақсатына орай әрі жинақтау, әрі даралау тәсілі. Бұрын өткен тарихты жазушы толыққанды көрген жоқ, ал қолдағы дерек тұлғаны тануға, оны танымынан өткізіп көркем кейіпкерге айландыруға ықпал еткенімен образды ашуға қатысты жайттарды жанынан косып, ойдан шығару қажеттілігі туындайды.
Жазушы қиялдың ерекше формасын жасау арқылы өмірде болған шытырман оқиғаны онан әрі шиеленістіре түседі. Жүйрік аттың қапыда опат болуын, өлімін берумен осы жағдай арқылы талай кейіпкерлердің образын ашып көрсетеді.
Романдағы «Қызыл жебе» жүйрік шындықтан шалғай жатқан оқыс нәрсе емес, сол шындықты сұрыптау, саралаудың нәтижесіндегі шындыққа суарылған адам тұлғасын әрі жинактау, әрі даралау тәсілі болған.
Ш. Мұртазаның «Қызыл жебе» романының негізгі шындықтан өрбіп, оқиға өрісіне орай суреткер өз тарапынан қиял-образды үйлестіре отырып, оны өмірлік шындық пен ойдан туған оқиғаларға жалғастырып, шығарма табиғатының кең әлеміне сыйғызып жіберген. Қай заманда да ақиқатты айтып, әділетке жүгіну оңайға соқпаған. Әсіресе кешегі Кеңес өкіметі тұсында тілді күрмеп, қаламды қайырта ұстатқан шақта жазушы қауымы қатты зәбір көрді. Мұндай кезенде ардан аттамауды көздеген Ш.Мұртазаға шындықты сомдау үшін шығармасы және ондағы кейіпкерлермен бірге үндесіп, солар арқылы жеткізуіне тура келді.
Тарихи тұлға туралы жазылған шығармаларда тарихи кезең мен тарихи тұлғаны қайраткерлік, қоғамдық, шығармашылық еңбектерінен бөліп алып қарауға болмайды. Көркем шығармадағы кейіпкердің тарихи адам болып келуіндегі ерекшелік образ, характер жасау мәселесіне қатысты анықталады. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей Ш. Мұртаза үшін 1916 жылгы көтерілісті романда ақиқат тұрғысынан әділ бағасын беріп
сомдауына және қиын кезенде дұрыс саралап көрсетуге не себеп болған? деген заңды сұрақтар туады. Бұған себеп жазушының 1916 жылғы көтерілісті еш бір бұрмалаусыз шынайы қалпында беруімен қатар кеңес өкіметі кезінде зерттелмеген, тіпті кейбір тұстарын зерттеуге тиым салынған мұрағат дүниелерін қайдан алды, қалай дұрыс меңгерді деген сауал төңірегінде ой өрбітсек. Мұндай көптеген сауалдарға бір ғана жауап: тарихи романның тарихи негізі етіп қайраткер - кейіпкердің өз ғылыми еңбектерін пайдалану арқылы Ш. Мұртаза Тұрар еңбектерінің терең мазмұнын ашып, суреткерлік концепция мен тарихи тұлға концепциясының арақатынасын айқындаған. Суреткерлерге тән қасиет — жазушы жан әлемі мен өмір сүрген ортасының шындығының жатуы. Ш. Мұртаза суреткерге тән осы қасиетті жете таныған. Шығармашылықтың осы ерекшелігін терең меңгерген Ш.Мұртаза Тұрар Рысқұловтың көркем образын жасау барысында негізгі тарихи мәні бар материалдарды Тұрардың ғылыми- тарихи еңбектерінен табады.
Ірі саяси қайраткер, тарихшы, публицист, экономист Т. Рысқұловтың гылыми-саяси мәні зор осы еңбегі Ш. Мұртаза романында басты кейіпкер мен халық образын, дәуір тынысын көрсетуге мүрындық болған жазушының тарихта әлі де тың жатқан деректі шығармасында жан-жақты көркем де шынайы бейнелеуінің маңызы сол кез үшін өте зор болатын, себебі бұл тақырып турасында әлі де ашық айтылмайтын. Тарихтың қасіретті беттерін, қазақ көрген қорлық-зорлықтың шындығын көрсету бір жағы Тұрар өміріне байланысты болса, бір жағы келімсек орыстардың зәбірін көрсету үшін алынған. Бұл кешегі әкімшіл-әміршіл қоғамда шындықты көрсетудің жолы болды.
Мен арнайы тоқталмақшы болып отырған Ш. Мұртазаның ғасырлар сырын толғаған тағылымды туындысы тарихи оқиғаларды тек тарихи оқиға ретінде баяндап өте шықты деуге болмайды. Алдымен тарихи шығармада бірінші кезекте тарихи оқиғалар алынатыны белгілі, алайда солар арқылы кейіпкерлердің психологиясы, ой – пікір, тілек – нысаналары жан – жақты танылып отыратынын жоққа шығара алмаймыз. Оқиғалардың түп негізінде жатқан көкейкесті ой – мұраттардың ерекшелігі де, жеке адам мен тарих арасындағы саяси - әлеуметтік және психологиялық алғышарттары мен нәтижелердің сырларын танытып, астарына үңілу де көркемдік үлгіде көрініс тауып, өткен заманалар қойнауын аралатып, жылымына тартып бара жатады.Ал Шерхан Мұртазаның осы еңбекті жазудағы еңбегінің өзін ауызбен айту жеткіліксіз де шығар.Тарихи шындық,Тұрар бейнесі,жазушы шеберлігі секілді дүниелер бұл романның өзінідік бір ерекшеліктерін қалыптастырды.