Топтық санның жасалуы
Топтық сан атаулары жеке заттардың санын емес, белгілі топтағы заттардың санын білдіреді. Сондықтан олар топтық сан атаулары аталады. Топтық сан атауларын жасайтын арнайы қосымша жоқ. Бұл қызметті шығыс септік жалғауы атқарады. Мысалы, оннан, жүзден, мыңнан т.б. Топтық қосарланған есімдерден де жасала береді: он-оннан, бес-бестен, жүз-жүзден. Мысалы, Әлти жалшыны екіден-үштен емес, елуден-алпыстан жалдайды (С.Мұқанов).
Болжалдық санның жасалуы
Болжалдық сан атаулары екі түрлі тәсілмен жасалады: 1) синтетикалық тәсіл, 2) аналитикалық тәсіл.
Болжалдық сан атауларының синтетикалық тәсілмен жасалуы. Болжалдық сан атауын жасайтын тілде түрлі жұрнақ бар:
1) дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы есептік сан атауларынан болжалдық сан атауын жасайды: отыздай адам, кырықтай бала, елудей мектеп, жетпістей қала т.б. Мысалы, Мектепте төрт жүз елудей бала оқиды (С.Мұқанов).
2) -ер жұрнағы арқылы бір ғана болжалдық сан атауы жасалған, ол - бірер деген сез. Мысалы, Бірер адам үйде қалсын, бірер адам сыртта болсын (С.Мұқанов).
3) -даған, -деген жұрнағы өнімді есептік сандардан болжалдық сан жасай береді: жүздеген, мыңдаған, ондаған т.б. Мысалы, Жомарттың есебінше, ол жүздеген сомдар кіріс енгізбек (Ғ.Мұстафин).
Сонымен бірге көптік жалғауы есептік санға жалғанып, болжалдық сан атауын жасап, сөзжасамдық кызмет атқарады: бестер, алтылар, жетпістер т.б. Мысалы, Сағат алтыларда жиналамыз (С.Жүнісов).
Болжалдық сан атауларының аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Болжаддық сан атауларының аналитикалык тәсіл аркылы 2 түрлі жолмен жасалады: 1) Сан атауларының қосарлануы аркьілы жасалады: он-он бес, кырық-елу, сексен-тоқсан. Мысалы, Оның он бес-он алтыға келген кезі (С.Мұкднов). 2) Есептік сан атауларына жуық, тарта, қаралы, шақты, шамалы, шамасында, артық, астам, аса, таяу, жақын шылаулары тіркесіп, олардан болжалдық сан атауларын жасайды. Мысалы, Құдасының аулына Ұлжан отыз шақты кісімен келген (М.Әуезов).
Достарыңызбен бөлісу: |