Мұқағали Мақатаев «Мен таулықпын!»
Tay дейтін алып жүрек Ана туған
Мен таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Киіктің сүтін емін ержеткенмін
Қуат алып қыранның қанатынан
Мен таулықпын
Таудан мен жаратылғам.
Бұлт бүркеніп, жай отын ала туғам
Күн алғашқы сәулесін маған шашып
Маған келіп түнейді қара тұман.
Тау ұлымын
Тау - менің дәу бесігім
Мен оның әуресімін, сәулесімін.
Асқар шыңдар желпиді бесігімді
Бір орамын ағытып сәлдесінің.
Мен - таулықпын!
Таудан мен жаратылғам.
Тау деген Ана туған дара тұлғам
...Тауға барып
Көкке ұшып кетсем бе екен
Ұстап алып қыранның қанатына
Мұқағали Мақатаев «Я - горец»
Я -горец
Создан я горой
Над которой плывут облака
И гром гремит порой
Светит солнце лучами мне
И черный туман ночует со мной
Я -сын горы
Гора моя колыбель огромная
А я его луч и беда
Пики высокие качают колыбель мою
Как будто сына как родного
Вспоминая матерь мою
Я горец
Гора моя мать и судьба
Поднимаясь туда может быть я полечу
Схватив крылья орла по небу
Айтылым: Өлеңді мәнерлеп оқыңыз 10 жолын жаттаңыз (мұғалімге видеоқоңырау бойынша жатқа айтып беріңіз) - 10 балл
Дескриптор:
мәнерлеп,қатесіз,жатқа 10 жол оқиды
|
10 балл
|
мәнерлеп, 2-4 орфоэпиялық қате жіберіп 10 жол оқиды
|
8 балл
|
мәнерлеп, 5-7 орфоэпиялық қате жіберіп 10 жолдан кем жол оқиды
|
6 балл
|
мәнерлеп, 8-10 орфоэпиялық қате жіберіп 8 жолдан кем жол оқиды
|
5 балл
|
Достарыңызбен бөлісу: |