Қазақ тілі және әлем тілдері институты



бет2/3
Дата16.03.2022
өлшемі50,81 Kb.
#135840
1   2   3
Байланысты:
СӨЖ 2 фонетика

Бүгінгінің шалдары
Ойнап жүрген балдардай (Кердері Әубәкір).

Диэреза. Екі сөз аралығында кездескен екі дауыстының бірі түсіп қалатындығы туралы айтқанда кейде дәл сондай қатар келген екі дауыссыз дыбыстың бірінің (алдыңғысының) түсіп қалатындығын да естен шығаруға болмайды. Мысалы: бұл+ның > бұның, ол+ның >оның сол+ның > соның, т.б. Бұл құбылыс тіл білімінде диэзера деп аталынады. Ол көбінесе түбір сөз бен қосымшаның екі түбір сөздің аралығында ұшырасады.

Диссимиляция – дыбыстардың ықпалды өзгерістерінің бір түрі. Ол латын тілінде – «ұқсамау» деген сөз. Яғни ассимиляцияда (дауыссыз дыбыстардың үндесуі) көрші дыбыстар бір-біріне ықпал етіп, өзара үндесіп, үйлесіп, ұқсап тұратын болса, диссимиляцияда бұған керісінше, сөз ішіндегі қатар тұрған жасалуы бірдей екі дауыссыз дыбыстың біреуі (әдетте соңғысы) ұқсастығы алыстау басқа бір дыбыспен алмастырылады. Мыс: алла > алды, молла > молда, кәллә > келде, т.б. Мүмкін маңлай > маңдай, таңлай > таңдай, түңлік > түңдік, жылылай > жылыдай; айналу > айлану, айналайын > айланайын, меңзе > мезге сөздеріндегі өзгерістерді де осы топқа (Диссимиляция құбылысына) қосқан жөн болар.

Синкопа. Сөйлеу барысында сөз ішіндегі (сөз ортасында-ғы) жеке бір дыбыс қана емес, бір не екі буын да түсіп (қысқарып) қала алады. Мыс: алып бар > апар, алып бер > апер// әпер, алып кел > апкел//әкел, солай етіп > сөйтіп, болып > боп, араластыр > арластыр, нағылет > налет//нәлет т.б. Тіл білімінде мұндай құдылыстарды синкопа деп атайды.

Эпентеза (грек.epenthesis – үстеме) – дыбыстардың комби-наторлық өзгеруінің бір түрі – түбір сөздің өзіне тән емес,қосымша бір дыбыстың пайда болуы. Бұл кірме сөздерді қабыл-дағанда ана тілдің ерекшелігіне жатпайтын дыбыс тіркестеріне байланысты пайда болады. Бұл көбінесе эпентеза нормаға түс-пеген ауызекі тілде жиі айтылады.

Аккомадация – морфемалар жігінде қатар келген дауыс-ты және дауыссыз дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, бейімделіп айтылуы.

Дыбыстық үнем – сөздің құрамындағы жеке дыбысты, дыбыстар тіркесін айтпау, үнемдеу болып табылады.Дыбыстық өзгерістердің бәрі тілімізді икемді етеді, айты-луы қиын дыбыстар мен дыбыстар тіркесімін оңайлатады.Сөйтіп, тіліміздің икемділігі мен қолданылуын жеңілдетеді.

Үш күндiк жолдың бүг(i)нгi

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет