Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Қ Ұ Р М А Л А С С Ө Й Л Е М Д Е Р



Pdf көрінісі
бет355/406
Дата24.06.2024
өлшемі3,22 Mb.
#203464
түріОқулық
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   406
Байланысты:
Абуханов-лексика

Қ Ұ Р М А Л А С С Ө Й Л Е М Д Е Р
 
§ 142. Құрмалас сөйлемдер туралы жалпы түсінік 
 
Белгілі ойды білдіру тәсіліне қарай сөйлемдер негізгі екі үлкен топқа 
жіктеледі: жай сөйлемдер және құрмалас сөйлемдер. 
Жай сөйлемдердің өзіне тән мағыналық, тұлғалық және құрылымдық 
белгілері болатыны сияқты, құрмалас сөйлемдердің де өзіндік мағыналық, 
тұлғалық және құрылымдық ерекше белгілері болады. Сондықтан кұрмалас 
сөйлемдер жалпы синтаксистің (сөйлем жүйелерінің) дербес бір саласы болып 
саналады. 
Жай сөйлемдер сөз тіркестерінен, жеке сөйлем мүшелері қызметін 
атқаратын сөздерден кұралатын болса, кұрмалас сөйлемнің синтаксистік 
компоненттері бір-бірімен өзара байланысқан екі не бірнеше жай 
сөйлемдердің тіркесінен құралады. 
Сөйлем құрмалас болуы үшін оның мына сиякты негізгі үш белгісі, 
өлшеуіші болуы шарт: 1) құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің 
мағыналық дербестігі және олардың бір-бірімен мағыналық байланыста 
болуы; 2) құрмалас сөйлемге енген жай сөйлемдердің әрқайсысының дербес 
бастауышы мен баяндауышының болуы; 3) құрмалас сөйлемге енген жай 
сейлемдердің әрқайсысының интонациялық ерекшелігінің болуы. Осы үш 
белгі, өлшеуіш бір сөйлемнің бойынан табылса ғана, ондай сөйлемді құрмалас 
сейлем деп тануға болады. Ал сөйлемде осы айтылған белгілердің бірі 
болмаса, ол сөйлем құрмалас болмай, көлемі жағынан жайылыңқы түрде 
құрылған жай сөйлем болып шығады. 
Құрмалас сейлем болу үшін керекті белгілердің, өлшеуіштердің 
әрқайсысын белгілі мысалдар арқылы жеке талдап көрелік. 
1. Сөйлем құрмалас болу үшін құрмаласқа енетін жай сөйлемдердің 
мағыналық дербестігі және ол компоненттердің бір-бірімен мағыналық 
байланыста болуы шарт. Құрмалас сөйлемдерде не мезгілі, не себебі, не 
мақсаты, не қимыл-амалы, не оқиғаның шарты жағынан логикалық 


321 
байланыстағы екі жеке ой бір күрделі ойға ұштасып, ұласып айтылуға тиіс. 
Мысалға (Ол) 
Жеңіл қимылмен жаттығу жасап жүрген. Әйелі Евдокия 
Кириловна терезеден басын сұғып айқайлады 
деген сияқты екі 
жай 
сөйлемді 
алатын болсақ, бұл екеуін өзара грамматикалық байланысқа енгізіп, бір 
құрмалас сөйлем тудыруға болады. Өйткені бұл жай сөйлемдердің белгілі 
дәрежеде мағыналық байланысы бар. Сөйтіп, 
Жеңіл қимылмен жаттығу 
жасап жүргенде, әйелі Евдокия Кириловна терезеден басын сұғып айқайлады 
деген құрмалас сөйлем жасалады да, оның бірінші компоненті екінші 
компоненттегі ойдың мезгілін көрсетіп тұрады. 
Ал егер жай сөйлемдердегі айтылған ой логикалық жағынан бір-бірімен әр 
түрлі табиғи байланыста айтылса, ондай жай сөйлемдерді байланыстырып, бір 
күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлем тудыруға болмайды. Мысалы, 
Бұл 
шаруа қожалығының
 егіні бітік шықты. Поезд станцияға кеш келді 
деген екі 
сөйлемді тиісті грамматикалық байланысқа енгізіп, бір күрделі ойды 
білдіретін құрмалас сөйлем тудыруға болмайды, өйткені бұл екі сөйлемдегі 
айтылған ойлардың бірі мен бірінің логикалық жағынан табиғи байланысы
жоқ. 
2. 
Сөйлем кұрмалас болуы үшін құрмалас сөйлемге енген жай 
сөйлемдердің әрқайсысының дербес бастауышы мен баяндауышының болуы 
шарт. Бұл екі тұрлаулы мүшелердің болуы жалпы сөйлем атаулыға тән қасиет. 
Солай бола тұрса да, бұл екі мүшенің сөйлемдегі атқаратын кызметі бір емес. 
Грамматикалық бастауышы айтылмаған сөйлем болса да, грамматикалық 
баяндауышы жоқ сөйлем болмайды. Сондықтан құрмалас сөйлем болудың 
негізгі бір өлшеуіші —әрбір компоненттің өзіне тән дербес баяндауышы мен 
бастауышының болуы. Бірақ үнемі кұрмалас сөйлемге енген жай 
сөйлемдердің бастауыштары грамматикалық жағынаи әрбір компонентте 
көрініп отырмайды. Кейде грамматикалық бастауыш қүрмаласқа енген екі не 
үш жай сөйлемдерге ортақ болып, ол бірінде айтылып, өзгелерінде айтыл-
мауы да мүмкін. Жоғарыдағы айтылған пікірлерді дәлелдеу үшін бірнеше 
мысал келтірейік: 
1) 
Майқанова есіктен мұғалімдер бөлмесіне үңіліп еді, терезе алдында 
Рахманов тұр екен. (Б.Соқб.) 
2) 
Әрқайсысы бір ауыздан сөз айтса, үлкен пікір 
құралғалы тұр. (Ғ. М.) 
Бұл сөйлемдердің екеуі де құрмалас сөйлемдер, өйткені 
бұлардың әрқайсысында бір-бірімен мезгілдесе, шарттаса байланысқан дербес 
екі ойды білдіретін жай сөйлемдердің өзіне тән бастауышы мен 
баяндауыштары бар. Алдыңғы құрмалас сөйлемде екі жай сөйлем бар да, әрбір 
жай сөйлемнің бастауыш, баяндауышы бар. Бірінші жай сөйлемнің 
бастауышы—
Майқанова, 
баяндауышы — 
үңіліп еді. 
Екінші жай сөйлемнің 
бастауышы — 
Рахманов, 
баяндауышы — 
тұр екен. 
Бұл екі жай сөйлем 
мағына жағынан тең, баяндауыш тұлғалары тиянақты түрде екі окиғаның бір 
мезгілде іргелесе айтылуынан белгілі интонация арқылы байланысқан. 
Соңғы кұрмаласта да екі жай сөйлем бар. Бірінші жай сөйлемнің бастауышы 
— 
әрқайсысы,
баяндаушы — 
сөз айтса. 
Екінші жай сөйлемнің бастауышы — 
пікір, 
баяндауышы — 
құралғалы тұр. 
Бұл екі жай сөйлемдердегі айтылған 


ойдың біріншісі екінші сөйлемдегі ойдың шартын білдіріп, баяндауыш 
тұлғасы тиянақсыз түрде айтылып, мағыналық жағынан екінші сөйлемге 
бағынышты түрде айтылып, бір қүрделі ойды білдіріп кұрмалас сөйлем құрап 
тұр. 
Ортаға салуын салдым, бірақ өз малыма өзім көз боламын. Төкен 
дәлелдерін айтып болған соң, бұзып көрші дегендей кезек күтіп тұрып қалды. 
(Ғ. М.) 
Бұл сөйлемдер де құрмалас сөйлемдер. Әрқайсысы екі жай сөйлемнен 
кұрылып, бір күрделі ойды білдіріп тұр. Бірақ бұларда жоғарыдағы сияқты, 
грамматикалық бастауыш әрбір жай сөйлемде айтылмай, екі сөйлемдегі 
баяндауыш бір бастауышқа ортақтасып тұр. Алдыңғы екі жай сөйлемнің 
біріншісінде, соңғы екі сөйлемнің екіншісінде грамматикалық бастауыш 
айтылмаған. Ол бастауыштар кұрмалас сөйлемнің екінші компоненттерінде 
айтылған, екі сөйлемге ортақ. Алдыңғы құрмаластағы екі жай сөйлемге ортақ 
бастауыш — бірінші жақтық есімдік. Соңғы екі жай сөйлемге ортақ бастауыш 
— 
Төкен. 
3. Сөйлем құрмалас сөйлем деп танылуы үшін, кұрмалас сөйлемге енген жай 
сөйлемдердің әрқайсысында ой дербестігі және әрбір сөйлемнің дербес 
бастауышы мен баяндауышы болумен қатар, әрбір жай сөйлемнің интона-
циялық айқын жігі болуға тиіс. Мысалы: 1) 
Құс фермасы таяуда көшірілді де, 
Дүйсен қарт Әсеттің сұрауымен біраз күнге қала тұрды. (К. 0.) 
2) 
Кенет 
жаяу әскерлер окобынан мерген мылтығы атылып, ащы даусы азанғы тұнық 
ауаны жаңғырықтырып жіберді. (Әз. Нұрш.) 
Бұл сөйлемдердің екеуі де 
құрмалас сөйлемдер, өйткені мұнда құрмалас сөйлемде болуға тиісті 
белгілердің бәрі де бар. Біріншіден, құрмаласқа енген жай сөйлемдерде дербес 
ой айтылған, екіншіден, әрбір жай сөйлемдердің грамматикалық дербес 
бастауышы мен баяндауыштары бар, үшіншіден, әрбір сөйлемнің 
интонақиялық ерекшелігі, жігі бар. Бұл сөйлемдер бір тұтас дауыс кұйы-
лысымен айтылады да, әрбір сөйлем жігінде дауыс сәл бәсеңдеп барып, қайта 
көтеріліп отырады. 
Кейде бірқатар жай сөйлемдердің ішінде сыртқы көрінісі жағынан 
кұрмалас сөйлемдегі бағыныңқы сөйлемге ұқсас сөз тіркестері кездесіп 
отырады. Мұндай сөз тіркестерінің құрамында грамматикалық жағынан тиісті 
тұлғаға енген бастауышы мен баяндауышы болады да, негізгі бастауыш пен 
баяндауыштар арқылы айтылған ойға қосымша ой айтылады. Сөйтіп, қалыпты 
жай сөйлемнің бір мүшесі күрделіленіп, өз алдына дербес бағыныңқы 
сөйлемге ұқсас түрде қолданылады. Мұндай жай сөйлемді кұрмалас сөйлем 
болу үшін керекті өлшеуіштердің бірінші және екінші белгілеріне қарай, 
құрмалас сөйлеммен шатастырады. Мысалы: 1) 
Асан кітапханадан алып 
оқыған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   351   352   353   354   355   356   357   358   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет